Дәріс №1 1-Тақырып топырақтанудың даму тарихы


В. В. Докучаев – топырақтану ғылымының негізін қалаушы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата14.09.2023
өлшемі446,02 Kb.
#107251
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. Тема 1

В. В. Докучаев – топырақтану ғылымының негізін қалаушы 
ХІХ ғасырдың көптеген табиғаттанушы – саяхатшылардың 
қаратопыраққа біршама көңіл аударып, оның пайда болуы тура-лы 
өздерінің болжамдарын (мұхиттардан, батпақтардан, жер беті 
өсімдіктерінің əсерлерінен) айтқандарымен, қаратопырақтардың 
шын мəнісінде пайда болуы, олардың таралуы мен қасиеттері, көп 
жыл бойы бидай егісіне пайдаланудан топырақ құнарының азаю 
себептері осы ғасырдың 80-жылдарына шейін белгісіз болып келді. 
Міне, осы мəселелерді шешу үшін Ерікті экономикалық қоғам 1876 
жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды. Комиссия 
жұмысына Петербург университетінің геология 
əне минерология кафедрасында қызмет істейтін жас ге-олог В. В. 
Докучаев шақырылды. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді. Өйткені ол 
бұрында Ерікті экономикалық қоғамның Петер-бург табиғат 
зерттеушілер мен минерологтар қоғамдарының белсенді мүшесі 
болып, осы қоғамның қаржыларымен экспеди-ция ұйымдастырып, 
топырақтануға жақын мəселелермен, дəлірек айтсақ, төрттік 
дəуірдің шөгінділерімен, өзен арналарымен, сай-салалардың 
құрылысы жəне пайда болуы мəселелерімен шұғылданған. Егер 
далалық жұмыстар 1877-1878 жылдары жүргізілсе, одан кейінгі 
1879-1881 жылдары химия-аналитикалық жəне ғылыми-өңдеу 
жұмыстары қолға алынды. 
Сонымен, 1883 жылы В. В. Докучаевтың тарихта топырақ-тану 
жөніндегі əлемге əйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген ғылыми 
жарық көрді. Бұл туралы В. В. Докучаевтың шəкірті, аса дарынды 
ғалым геохимик В. И. Вернадский кезінде: «То-пырақтану 
ғылымының 
дамуы 
үшін 
қаратопырақ, 
каль-цит 
кристаллографияның, бақа физиологияның, ал бензол 
10 


органикалық химияның дамуына үлкен рөлін атқарды», – деген. Бұл 
еңбектерінің нəтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың пайда 
болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін, кеңістіктегі 
өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай келіп, жалпы топырақ 
туралы жаңа түсінікке келді. Топырақты зерттеудің ерекше жаңа 
топырақ географиялық салыстырмалы зерттеу əдісін ұсынды. 
Докучаев топырақтың табиғаттың ерек-ше табиғи, əрі тарихи денесі 
екенін анықтады. Топырақтың өте күрделі құрылымды екенін, ол 
өзін түзген тау жыныстар-дан морфологиялық көрінісі жəне 
химиялық құрамы жағынан жақсы ажыратылатынын, оның 
қалыңдығы тек жыртылған қабатпен шектелмейтінін көрсетті. 
1888 жылы Ерікті экономикалық 
қоғам жанынан В. В. Докучаевтың 
басқаруымен арнайы топырақ ко- 
миссиясы құрылды. Бұл комиссия 
жұмысына тек ғалымдар ғана емес, 
топырақтануға қатысы бар басқа меке- 
мелер қызметкерлері де тартылды. Ко- 
миссия, алдымен Ресейдің Еуропалық 
бөлігінің топырақ картасын жасады. 
1889 жылы Топырақтану комиссиясы 
3-сурет. 
Н.
 
М.
 
Сибирцев 
«Топырақтану» журналын шығарды. Ол 
журнал күні бүгінге дейін Ресей Ғылым 
(1860-1900) 
академиясының осы саладағы жалғыз 
басылымы. 
1891 жылы Ресейдің қаратопырақты зонасының негізгі жерінде 
қатты құрғақшылық болды. В. В. Докучаев «Біздің далаларымыздың 
бұрынғысы мен қазіргісі» деген классикалық еңбегінде Ре-сей 
диқаншыларының егіншілікті дұрыс жүргізбей, топырақты 
тоздырғаны жайлы сөз болды. Егістіктерді ауыстырып екпей, бір 
жерге бір дақылды қайталап еге бергені, ылғал сақтау шараларын 
қолданбауы, ол үшін орманды ағаш жүйелерін тиімді 
пайдаланбағаны жайында да айтылады. 
1892-1895 жылдары В.В. Докучаев Ново-Александр ауыл-
шаруашылық институтында (қазір ол Польша жерінде) директор 
болып қызмет атқарды, ауыл шаруашылығы жүйесіне дұрыс білім 
беруге біршама үлес қосты. Институтта əлемде бірінші бо- 
11 


лып топырақтану кафедрасын ұйымдастырды. Кафедраны 
.В. Докучаевтың шəкірті Н. М. Сибирцев (1860-1900) басқарды. Ол 
1900 жылы Докучаевтың топырақ жайындағы идеяларын жүйелі 
етіп баяндаған алғашқы «Топырақтану» оқулығының авторы болды. 
1898-1900 жылдары Докучаев Кавказ тауларының топырақтарын, 
Түркістан, Каспийдің шығысын, тіпті, Қарақұмдағы Чарджау 
аймағындағы Репетек құмдарын, гипсті топырақтарды зерттеді. 
Докучаевтың бұл əртүрлі аймақтарды зерттеу, оның топырақтану 
жайындағы ілімінің аясын кеңейте түсті. Бұл топырақтың, жалпы 
ландшафтардың көлденең жəне тік зоналық заңдарын негіздеуге 
мүмкіндік берді. Оның осы кездердегі еңбегі – «Табиғат зоналығы 
туралы ілім, көлденең жəне тік белдеулік зоналары». Сондай-ақ, 
оның Жердің терістік жарты шарының сызбанұсқалық топырақ кар-
тасы Парижде өткізілген Əлемдік көрмеде көрсетіліп, дипломға ие 
болды. 
В. В. Докучаев «Табиғат зоналары туралы ілім» деген мақаласын: 
«Табиғатты, оның күшін, апатын, денесін тану үшін ХІХ ғасырда алып 
қадамдар жасалды, сондықтан мұны табиғаттанушылар ғасыры, 
табиғат ғасыры деуі жай емес. Дегенмен, адамзаттың осы ұлы білім 
жеңістеріне назар аудара отырып, əсіресе Лавуазье, Ляй-эл, Дарвин, 
Гельмгольц, т.б. жұмыстарынан кейін, аса маңызды əрі мəнді кемістікті 
байқамауға болмайды. Негізінен əр түрлі денелер 
– минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар жəне 
олардың болмысы, кейбір табиғи заттар – от, су, жер, ауа зерттелді. 
Тек олардың қатынастары, пайда болулары, ғасырлық, əрдайым 
заңды табиғат күштері мен денелері, тірі мен өлі табиғат арасындағы 
байланыстары мен болмыстары зерттелмеді. Ал шын мəнінде, тек 
осы қатынастар, осы заңды қарым-қатынастар мен бір-біріне əсері 
табиғаттанудың негізін құрайды, табиғаттанудың ең бір тамаша əрі 
жоғарғы ғажабы» – деп бастайды. 
В. В. Докучаев өзі негізін қалаған ғылым – топырақтану ғылымы 
жоғарыда жіберілген кемістіктерді ескеріп, табиғаттағы бұрыннан 
бар тірі мен тірінің, тірі мен өлі табиғаттың қарым-қатынастарын 
жəне бірінің-біріне əсерін зерттейтін ғылым деді. Докучаев осы 
терең ғылыми түсініктерімен табиғат ландшафтары туралы ілімді 
қалыптастырды. Ландшафтағы топырақ маңызын айта келіп, 
топырақты «ландшафтың айнасы» деп сипаттады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет