Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсындағы дене тәрбиесінің шығу мәселелері



бет12/25
Дата14.12.2022
өлшемі122,21 Kb.
#57219
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
ДТжС тарихы 3 курс лекция

Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсындағы дене тәрбиесінің шығу мәселелері.

Дәріс жоспары:


  1. Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы

  2. Сақтардың дене тәрбиесінің жүйесі

  3. Сарматтардың дене тәрбиесінің жүйесі

  4. Ғұндардың дене тәрбиесінің жүйесі

  5. Әмір Темір билігі кезінде дене тәрбиесінің жүйесі

  6. Ресей патшалығына қосылған кезеңдерінде қазақ жеріндегі дене тәрбиесі

Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы


Біздің дәуірімізге дейінгі (БДД) – VI-V ғғ. Қазіргі Қазақстан тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз – сақтардың кезінде өз заманына сай дене тәрбиесі жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбиесі жүйесінің негізі әскери-жауынгерлік және жарыс – сайыс бағытында болған. Ашық аспан астында киіз-үйлерде тұрып, негізгі кәсіптері мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауынгерлерден отбасын, елін, жерін қорғау үшін өте сезімтал, күшті, епті, батыл болуы керек болды.

Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы


Сақтар тек керемет шабандоз, атқыш мерген ғана емес, олар тамаша теңізші және өте жақсы жаяу әскер болды. тарихшы А.Н.Бернштам, Орта Азия мен Қазақстанның ежелгі тұрғындары, еңселі бойлы, аяқ бұлшық еттері қатты дамыган адамдар еді деген түжырым айтады. Осы және басқа да деректер, сақтар мен оларға туыс тайпалардың жан-жақты дайындықтарымен айрықша көзге түскендіктерін өздерінің әкери-күш қабілеттерімен ерекшеленгендіктерінен хабардар етеді.

Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы


Сақтар арасында некелесу рәсіміне байланысты жарыстар уйымдастыру салты болған. Салттың шарты бойынша, сайыста қалындығын күш сынауда, төзімділігін танытуда жеңіп шықса гана, сақ үлы үйленуге рұқсат алған
Көне дәуір әдебиеттерінде жазылған үйлену жарыстары қазақ, қырғыз ойыны «қыз-бөрі» өте ұқсас. Академик А.Х.Марғұлан «қыз-бөрі» деп аталуының өзіне, некелік одақ кұру кезінде қолданылған рулық идеологияның көне төтемдерге үндеуі деп есептеген жөн деп жазды. Бозбала мен қыздың жекпе-жегі, некеге тұру салты кезіндегі жарыс түрі ретінде, Орта Азия мен Қазақстан елдерінде кең тараған құбылыс еді дейді аталған автор. Қырғыз тарихшьшары, „қыз-қуу" ойының тарихына жүгіне отырып, бұрын бұл жарысқа тек қана қалыңдық қатысқан деп жазады. Бұндай да анығырақ көзқарасты, қазақ галымы М.Брусиловский ұсынады, ол қыз қуу ойыны өзінің бастамасын бұрынырақта кең қолданылған қыз-бөрі ойынынан алған деген ой айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет