Дәріс №6
Жаңа тарихтың-кезеңіндегі дене мәдениеті.
ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы буржуазиялық төңкеріс
ХІХ ғасырдың басында капиталистік қоғамның даму
ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы буржуазиялық төңкерістер феодалдық құрылымның быт-шытын шығарып, капиталистік құрылымның жеңуіне әкеліп соқты. Бұл өз тарапында Еуропа және Америка елдерінің жеделдетіл-ген түрдегі өндіріс пен мәдениетінің дамуына жағдай жасады. Өндірістік қайта құрудың арқасында әскери істерде, мәдениетте, ғылым мен өнерде, сонымен бірге, дене шынықтыру мен спорт салаларында үлкен жетістіктерге ие болды. Буржуазия жаңа тарихтың бұл этапында алдыңғы қатарлы тап болғандықтан, олардың әскери және саяси басымдықтарын күшейте түсуге қабілетті адамдарға мұқтаж болды. Бұл үшін, әрине, күшті, ерік-жігері мол, пысық адамдар керек болды. Осындай адамдарды тәрбиелеу үшін, буржуазия сол уақыттың талаптарына сәйкес, тәрбиенің, соның ішінде, дене тәрбиесінің жаңа амалдарын, түрлерін, әдістерін шығаруға барлық күштерін салып, жаңа талаптарға сәйкес мектептер аша бастады.
Жаңа тарихтың бірінші кезеңі кезінде (ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардан бастап, 1848 ж. Париж Коммунасына дейінгі кезең) буржуазиялық салиқалы адамдар өздерінше білім беру жүйесін игеріп жатты, ал оның ішінде дене тәрбиесі туралы ойлар да өз орнын тауып жатты.
Джон Локк (1632-1704 ж.) ағылшын фәлсафа-материалист, («Тәрбие туралы ойлар», 1693 ж.) өзінің педагогикалық көзқарасын жазған. Ежелгі Рим ақыны Ювенал айтпақшы, Д. Локк дене тәрбиесінің мақсатын «Тәні саудың - дені сау» деген қағидаларын ұстап жүрді. Оның ойынша, бұл адамның жеке басының жағдайының жақсаруына әкеледі. Д. Локк қатаң тәртіпті, ағзаның шынығуын және салауатты тәрбиені жақтады. Ол жеңіл, әрі ыңғайлы киімді, қарапайым тамақты, көптеген дене қимылы жаттығуларын ұсынған. Д. Локк жүзумен, семесерлесумен, атта шабумен, қайықта жүзумен және ескек есумен айналысуына көп мән беретін. Оның пайымдауынша, қандай да болмасын сері (джентльмен) кез келген уақытта қолына қару алып, әскер бола алатын жағдайында тәрбиелену керек, деп айтатын. Ол күш-ерік пен рухани тәртіпті, қайратты мінездің шыңдалуына тәрбиенің маңызды бөлігі деп санайтын. Д. Локктың тек буржуазиялық байлардың ғана балалары туралы ойлап, кедей шаруа, жұмысшы таптарының балаларына немқұрайлықпен қарады. Оның ойынша, қараның балалары шіркеуге барып, қарны тойып болған соң, тек жұмыс істеу керек екен. Ол өзінің антидемократиялық «Жұмысшы мектептері» еңбегінде осыларды көрсеткен.
Жан Жак Руссо (1712-1778 ж.) француз фәлсафашысы, ағартушы-педагог Женевада туылған, бірақ, ұзақ уақыт бойы Парижде тұрып, Вольтер, Дидро, Гольбах сынды ғылым ойшылдарымен кездесіп жүрген. Парижде, Руссо да феодалдық тәртіпке қарсы болды. Оның барлық мүшелері тек өзінің жеке мүдделеріне ғана жұмыс істейтін қоғам болса деп ойлайтын. Оның тәрбие жүйесі өзінің әлеуметтік-саяси теориясынан туындаған еді. Оның ойынша, адам қоғамның әсерінен бұзылған. Сондықтан да, адамды жас кезінен бастап, қоғамнан бөлек тәрбиелеу керек деп тұжырымдайтын. Бұған, әсіресе, феодалдар мен аристократтардың балалары мұқтаж деп санайтын. Қарапайым халықтың балаларын тәрбиелеудің қажеті жоқ. Себебі, олар онсыз да өмірдің қатал сынымен тәрбиеленген деп түсінетін. «Эмиль, немесе Тәрбие туралы» трактатында (1762 ж.) Ж.Ж. Руссо өзінің педагогикалық жүйесін көрсеткен. Д. Локктың айтуынша жүрген Ж.Ж. Руссо бай жанұядан алынған Эмиль деген баланың дене тәрбиесіне деген қажеттілігі туралы жазған. Ол 12 жасқа дейінгі балалардың дене тәрбиесіне көңіл көп бөлу керек деп ұсынатын. Ол, әсіресе, дененің шынығуына, сезім органдарының дамуына, іс-қимыл дағды-машықтарын игеруіне көп көңіл аударатын.
Әйелдер дене тәрбиесінде Руссо оларға тек әсемдік жеңілдік әдемілікті санады. Сол кездегі алған әсер болды ма, Руссо да әйелдерді еркектерден ақыл есі аз, сондықтан, тәрбие де бөлек болу керек деген тұжырым жасайды. Руссо ортағасырлық тәрбие беру қағидасына қарсы шығып, балалардың дене тәрбиесіне көңіл аударатын. Дене тәрбиесінде тәрбиеленушілердің қызығу-шылығын арттыру мақсатында, сабақтарда жарыс әдісін қолдануды ұсынатын. Оның ескілікке қарсы күрескенімен, бәрібір буржуазиялық тәрбиесі басым болып тұрды.
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1837 ж.) Швейцарияда туылған. Оның ұлы педагог-демократ болуы, халыққа деген сүйіспеншілігі арта түсуінде еді. Ол халықтың қайта өрлеуі тәрбие арқылы орындалса, деп армандайтын. Ол өзінің өмірін қарапайым халықтың балаларын тәрбиелеуге арнады. Тәрбиеге деген көзқарастарын Песталоцци «Лингард және Гертруда», «Гертруда өз балаларын қалай үйретеді», «Аққу өлеңі» трактаттарында көрсеткен. Сол кездегі білім беру жүйесін қатты сынға алып, кедей балаларын да жалпы тәрбиемен қатар, дене тәрбиесі тәлімін қатар алса деп армандайтын. Тәрбие мақсатына Песталоцци әр баланың үйлесімді дамуын, оның күші мен қабілетін жатқызатын. Оның педагогикалық жүйесінде балалардың дене тәрбиесі еңбек және тұрмыс-тіршілік іс-қызметімен байланыстыратын. «Дағды-машық әліппесі» еңбегінде ол дене тәрбиесін еңбек жұмыс жолымен байланыстырды. Осындай жол арқылы өсіп келе жатқан ұрпақ еңбек және әскери іс-қызметке жайлап дайын болар еді.
1807 ж. И.Г. Песталоццидің «Элементарлық гимнастика» еңбегі жарыққа шықты. Бұл педагогтың тәрбие жүйесіне кіретін барлық дене қимылы жаттығулары буын қимылдарына байланысты, қарапайым (бөксе, иық буындарындағы қимыл-қозғалыстар) және күрделі (жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, жүзу, атта шабу, билер мен ойындар) түрлеріне бөлінген. Дене қимылы жаттығуларының бұндай жүйеленуі Песталоццидің «буын гимнастикасы» деп аталды. Бұл жүйе формализм элементтерін енгізгенімен, ал бұған кірген жаттығулар қолдан жасалынған болғанымен, бәрібір де, гимнастика балалардың тәрбие дайындығының жалпы жүйесіне, өмірдің сараманына, білікті іс-қызметке итермеледі.
Дене тәрбиесіне байланысты мәселелер ХҮІІІ ғасырдың аяғында Ұлы француз буржуазиялық төңкерісі болған жылдары әртүрлі саяси партиялар ұсынған халықтық білім беру реформаларының жобаларында көрінісін тапқан. Либералдық ақсүйектердің өкілдері - конституционалистер дене тәрбиесін азаматтардың мемлекеттік және әскери қызметке дайындаудың бір амалы ретінде қарастырған. Орта буржуазия өкілдері - жирондистер дене тәрбиесінің адамдарға еңбекке деген дайындығына септігін тигізетіні жайлы айтқан. Қалалық және ауылдық кедейлердің өкілдері - якобиншілер дене тәрбиесін адамдардың дене шынығуына, денсаулығының нығаюына, қабілет-тіліктердің дамуына көмектесетін бірден-бір құрал, деп есептейтін. Бірақ, билік үшін күрес, төңкерістің жеңілуі, Наполеон диктатурасының орнауы осы реформалардың іске асуына мүмкіндік бермеді. Бұнымен қатар, олар дене тәрбиесінің мәселелеріне кейінгі жылдары қоғамның назар аударуына көп жағдайлар жасады.
Осы реформалардың ықпалының, және Локк, Руссо, Песталоццидің ағартушылық идеяларының арқасында дене тәрбиесі мектептің және білім берудің тәрбие жүйесінде өз орнын тапты. Сабақ берудің дәстүрлі бағдарла-масына гимнастика мен қол еңбегіне үйрену қосылды. Сөйтіп, аталмыш ғалымдардың арқасында Европада білім беру жүйесі әжептеуір алға басты. Филантропиндар мектебі 1774 ж. Дессау (Германия) қаласында ашылды. Онда ой-сана және дене тәрбиесінің қосындысы негізінде оқытылды. Филантропиндер таптық мектептер болды. Ондағы оқушылар үш категорияға бөлінетін: академистер (бай-шонжарлардың жанұясынан шыққандар), педагогистер (орта шаруа таптың өкілдері, болашақ мұғалімдер), фамулянт-тар (қара жұмысқа арналған қара халықтан шыққандар). Филантропиндерде гимнастикадан Герхард Фит (1765-1836 ж.) және Иоганн Гутс-Мутс (1759-1839 ж.) сабақ берген. Олар дене тәрбиесінің ілімі мен сараманына әжептәуір үлес қосқан. Гутс-Мутс «Отан ұлдарына арналған гимнастика», «Жасөспірім-дерге арналған гимнастика» кітаптарын жазған. Ол педагогикалық көзқарас жағынан дене қимылы жаттығуларын үшке бөлген: гимнастикалық жаттығу-лар, қоғамдық ойындар және қол еңбегі. Жаттығулар қиын және оңай, белсенді және баяу түрлеріне бөлінген. Жүруге, жүгіруге, секіруге, лақтыруға, күреске, өрмелеуге, тепе-теңдікті ұстауға арналған жаттығуларға, ауыр заттарды тасуға, жүзуге мүмкіндігінше көп назар аударылған. Ол айналысушыларға жекелей көңіл аударуды, оқушылардың жарыстарда жеңуге деген құлшыныстарын мақтап, алға қойған мақсаттарын орындауға осындай жолдармен жететін.
Жүйелердің қалыптасу процесі ХІХ ғасырдың басында капиталистік қоғамның даму негізіндегі саясат, идеология буржуазия мәдениетінің даму негізінде өтті. Өнеркәсіптің өсуі ғылым мен техниканың дамуы, әскери істің өркендеуі - жастар тәрбиесі мен білімнің жақсаруына әкеп соқты. Дайын өнімді өткізу нарығында күрестің шиеленісуі, колониялық агрессияның кеңеюі буржуазиялық мемлекеттердегі әскери күштердің ролінің күшеюіне әкелді. Әскердің көбеюі, жаңа әскери техника және тактика буржуазияның адам ресурсын жеткілікті мөлшерде дайындауына мәжбүр етті. Осыған байланысты, гимнастикалық спорттық-ойындық жүйелердің пайда болуы себеп болды. Ол үшін адамдарды тексеретін анатом, гигиенист, дәрігер, педагог мамандардың зерттеулері әсер етті. Олар жастарды дене қимылы жаттығуларын істеуді ағзаның шыңдалуын, дене қимылы шыңдауын көздеді.
Гимнастикалық жүйелер Германия, Швеция, Франция елдерінде болды. Бұл осы елдердің саяси және әскери дамуының ерекшеліктеріне байланысты болды. Соғыс кездерінде өте көп жастар адамдар керек еді. Олар әбден шыныққан, жаттыққан болуы қажет. Ал, гимнастикамен шұғылданғандар ұрыстың техникасы мен тактикасын игеруге көп жағдайын тигізді. Бірақ, гимнастика ұғымына жүгіру, секіру, күрес, шаңғы, коньки, тебу әдістері кіретін. Кейін олар әрқайсысы өз алдына спорт түрлері болып бөлінді.
Пайда болған гимнастикалық жүйелер жалпы негізді құрайтын, бірақ, олардың әрқайсысы өздері пайда болған елдердің ерекшеліктерін көрсететін. Олардың айырмашылығы сабақ өткізудің амалдарына, әдістеріне, ұйымдас-тыру жұмыстарына және спорттық құрал-жабдықтарды қолдануына байланысты еді.
Неміс гимнастикалық жүйесінің кең түрде дамуы ХІХ ғасырдан басталды. Ол кезде Германия қазіргідей біртұтас орталықтандырылған мемлекет емес еді. Өзінің бөлшектенуіне байланысты, Наполеонға қарсы тұра алмай, француз езгілігінде қалып қойған еді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Германияда шетел агрессорларынан босану үшін қозғалыс басталып кетті. Осыған байланысты, 1810 ж турнер гимнастикалық қозғалысы пайда болды, Фридрих Ян (1778-1858 ж.) бұның басшысы, ұйымдастырушысы болды. 1811 ж. ол Берлин түбінде шығыршық, брусья, гимнастикалық ат және басқа да спорттық құрал-жабдықтары бар гимнастикалық алаң ұйымдастырды (турнерплац). Осы уақыттан бастап, турнер қозғалысы кең қанат жайып, көбінесе университет жастарын қамтып, әйгілі бола бастады. Турнерлер арасында жастармен үлкен идеологиялық жұмыстар жүргізілді.
Наполеон талқандалғаннан кейін турнер ұйымдары феодалдық реак-цияға қарсы шығып, Германияның бірігуіне шақырды. Алайда, бұл прусс мемлекет басшыларының зәресін алған турнер ұйымы 1819 жылы ресми түрде жабылды. Тек 40-шы жылдары Германия экономикалық тұрғыда қуаттанып алып, буржуазиялық төңкерістің арқасында қайта ашылады. 1860-1862 жылдары жалпы германдық мерекелерді атап өту кездерінде турнер жарыстары қайтадан өткізіле бастады, оған 4500 жуық адам қатысты. 1868 ж. барлық турнферейндер Жалпыгермандық гимнастикалық одаққа бірікті (Дой-четурнершафт). Турнерлер неміс гимнастикасымен айналысты, дене қуаты күші мен төзімділікті, тәртіпті тәрбиелеуді, күш-ерікті дамытуға, әскери-ойын жаттығуларына, туризм мен экскурсияларға көптеп көңіл аудара бастады. Неміс гимнастикасының сабақты өткізу әдістемесі мен жаттығулар классификациясының ғылыми негіздемесі жоқ еді. Жаттығулар классифика-циясының негізіне қозғалыстың сыртқы көрінісі жатты. Анатомиялық-физиологиялық және педагогикалық тұрғыда неміс гимнастикасы негіздемесінің қажетті деңгейі болмады. Әдістемеде дене қуаты жүктемесіне, мөлшерлеуге, педагогикалық және дәрігерлік бақылауға байланысты сұрақтар, мәселелер, жасалынған жұмыстар болған жоқ. Дене тәрбиесі саласындағы Ресейдің ірі қайраткері П.Ф. Лесгафт неміс гимнастикасын үлкен сынға алған.
Неміс гимнастикасы мектептерде қанат жаюына мүмкіндіктері жоқ еді. Бұл кемшілікті Адольф Шписс (1810-1853 ж.) жоюға тырысты. Ол мектеп-терде гимнастика сабақтарының сызбасын жасай отырып, неміс турненінің жүйесін жасауды аяқтады. 1840 ж. шыққан «Турнен өнері туралы ғылым» атты еңбегінде Шписс өзінің жүйесін енгізді. Германияда бұл жүйе ХХ ғасырдың басына дейін өзгеріссіз қалды.
Швед гимнастикасының негізін қалаушы Пер Лингтің (1776-1839 ж.) ұсынысымен 1813 жылы Стокгольм қаласында осы күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан гимнастикалық институт ашылды. Оның өлімінен кейін оның жұмысын жалғастырушысы болып, баласы Ялмар Линг швед гимнастикасын одан әрі жетілдіре түседі. Бұл балалар мен үлкендерге арналған гимнастика күш пен икемділікті дамытып, денсаулықты шыңдап, жалпы дене дамуына үлесін қосатын. Спорт пен ойындардың қосындысының арқасында ерлікке, ержүректілікке, әскердің кадрлық бөлімдерін және олардың резервтерін дайындауда көптеп пайдасын тигізетін.
Швед гимнастикасының мазмұнын құрайтын барлық жаттығулар маңызы, мақсаты және мағынасына қарай төрт негізгі бөлімге бөлінетін: 1) мектеп жасынан бастап, дені сау балалардың жан-жақты дамуына мақсат етіп қойған педагогикалық гимнастика; 2) швед әскерінің әскери және дене қимылы дайындығына үлес қосатын, арнайы таңдалып алынған жаттығулар-дан тұратын әскери гимнастика; 3) әртүрлі ауруларды емдеу кезінде қолданылатын және коррекциялауға арналған жаттығуларды қосушы дәрігер-лік гимнастика; 4) пластикалық қимыл-қозғалыстардың арқасында әдемілік сезімін тәрбиелеу мен адам денесінің жетілдірілген түрін дамытуға бағыттал-ған эстетикалық гимнастика.
Анатомиялық және физиологиялық өлшемдерге сүйене отырып, Пер Линг швед гимнастикасына ғылыми негіздеме беруге тырысты. Бірақ, ол кездегі физиологияның даму деңгейі төмен болғандықтан, аталмыш гимнастиканың классификациясы анатомиялық қағидаға сүйеніп жасалынды. Мысалы, сабақ құрылымы алдымен аяқ, кеуде, іш, қол, арқа, бұлшық еттеріне, одан кейін - тепе-теңдікті ұстау, жүру, жүгіру, секіру және тыныс алу жолдарына арналған жаттығулар орындалатын. Егер де неміс гимнастикасында гимнастикалық ат пен брусьяға көңіл бөлінсе, швед гимнастикасында - гимнастикалық қабырға, бөрене, орындық қолданатын.
Швед гимнастикасының кемшіліктеріне - айналысушылармен жеке жұмыс жоқ еді және орындалған жаттығулардың біртүрлі қолапайсыздығы мен статикалылығы. Бірақ, соған қарамастан, швед гимнастикасы Еуропа мен Американың көптеген елдерінде кең танымал болды.
Скандинавия елдерінде гимнастикадан басқа, шаңғы және коньки спорты, күрес кең таралды. Жаңа тарихтың 1-ші кезеңінің аяғында коньки және шаңғы спортының скандинавтық мектебінің негізі қаланды.
ХІХ ғасырдың басында француз гимнастикасы пайда болды. Оның пайда болу себебіне буржуазияның өз әскерінің әскери қуатын қайта жаңғыр-туына тырысуы болды. Француз гимнастикасының негізін қалаушы Франциско Аморос (1770-1848 ж.) тегі - испандық, испан әскерінің офицері. Аморос Песталоццидің жастардың дене тәрбиесіне деген көзқарасын жақсылап оқып алған еді. 1817 жылы ол Парижде жеке гимнастикалық оқу орнын ашады, осынысымен Францияның әскери министрлігінің өзіне көңілін аудартады. Аморосқа әскери оқу орындарындағы және әскердегі жастардың дене қимылы дайындығының хал-ахуалы жайлы мәлімет жинау тапсырыла-ды. 1820 жылы оған гимнастика мұғалімдері-офицерлерді дайындайтын мемлекеттік гимнастикалық мектеп ашуға рұқсат беріледі. 30-шы жылдары Аморосқа Францияның барлық әскери және азаматтық оқу орындарындағы дене қимылы дайындығының хал-ахуалын бақылау тапсырылды.
Суворов әскерінің жеңісін талдап, орыс әскерінің соғыс өнерін оқып-үйрене отырып, Аморос орыс әскерінің әскери-дене қимылы дайындығының әдістемесі мен амалдарымен танысып, сараман жүзінде оларды қолдануға тырысты. Дененің табиғи қимыл-қозғалыстарына байланысты жаттығуларға (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жүзу, өрмелеу, бауырымен жорғалау, күрес) көп назар аударды. Аморостың жүйесінде рухани тәрбие үлкен орын алды.
Жаңа тарихтың 1-ші кезеңінде Францияда спорт пен ойындар Аморос-тың гимнастикасымен ғана шектеліп қалған жоқ. Шонжарлар арасында шпагамен және рапирамен семсерлесу кең танымал болды. Спорттың бұл түріне үйрену үшін, семсерлесу мұғалімдерін даярлады, жарыстар ұйымдастырылды. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары Францияда велосипед спорты, сонымен қатар, гольф, крокет, лаун-теннис, аң аулау, садақтан, мылтықтан, пистолеттен ату секілді, ойын мен спорт түрлері кең танымал бола бастады.
Осылайша, жаңа тарихтың 1-ші кезеңінде буржуазиялық дене шынық-тырудың педагогикалық, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері салынды. Буржуазиялық гимнастикалық жүйенің мән-мағынасы сол, онда талай ғасырлар бойы жинақталып келе жатқан дене тәрбиесінің тәжірибесі реттелді, көптеген дене қимылы жаттығулары біріктірілді, оларды классифи-кациялау және жүйелеу мүмкіндігі туылды. Гимнастикалық жүйелер әдісте-мелік нұсқауларға ие болды; сабақтарда жаңа құрал-жабдықтар қолданыла бастады, соның көпшілігі әлі күнге дейін қолданылуда. Сонымен бірге, аталмыш жүйелер таптық шектеулерге ие еді, тек буржуазия өкілдері ғана қолдана алатын. Кейбір жеке айырмашылықтары болғанымен, буржуазиялық гимнастикалық жүйенің басты мақсатына өздерінің мүдделерін қорғайтын, буржуазиялық қоғамның әскери және басқару орталарына бағынышты, әскери-дене қимылы дайындығы жақсы жастарды тәрбиелеу болатын.
Бұл гимнастикалық жүйелер басқа елдерге де таралған. Мысалы, неміс гимнастикасымен Австрия-Венгрия, Италия, АҚШ, Швейцария, Дания, Голландия елдерінде айналысты. Ал, швед гимнастикасымен Финляндия, Норвегия, Ресей елдерінің мектептері шұғылданды.
Көп елдерде дүние жүзінің гимнастика жүйесімен қатар, спорттық ойындық жүйелері дамыды. Бірақ, олар басқа ұйымдастыру және әдістемелік принциптерінде қалыптасты. Спорттық ойындардың жүйесінің қалыптасуы-ның негізі болып халық арасындағы жаттығулар мен ойындарды арқасында болды. Спорттық-ойындық жүйенің қалыптасуының негізіне әртүрлі елдер мен халықтар арасында қолданылып жүрген дене қимылы жаттығулары мен ойындар кірді. Қалалы және ауылдық жерлерде жұдырықтасу, күресу, акробатикалық спорт түрлері, семсершілер, секіру мен жүгіру әуесқойлары, лақтыру мен ауыр зат көтеру ойын түрлері мейрамдар кезінде ойналды. Солтүстік елдердің халықтары шаңғы мен конькиді көп қолданатын. Билік таптарының өкілдері де ойындар мен дене қимылы жаттығуларымен айналы-сатын. Қалалық және ауыл бай-шонжарлары арасында атта шабу, семсерлесу, гольф ойындары, крокет, садақтан және тапаншадан ату, аң аулаудың түрлі әдістері үлкен абырой әперетін. Кейіннен кәсіпқой палуандар мен боксшылар және кір көтерушілер мен акробаттар өз өнерлерін көрсететін. Көптеген елдерде академиялық спортқа және спорттық ойындардың дамуына көп көңіл бөлетін оқу орындары (мектептер, колледждер, университеттер) ашылды.
Басқа елдерден бұрын спорттық-ойындық жүйе Англияда пайда болды. Оның пайда болуы ХҮІІ ғасырдың ортасында болған буржуазиялық төңке-рістің әсерінен кейін экономикалық, саяси, мәдени дамумен тығыз байланыс-ты болды. Соның ішінде әсери-дене дайындығының маңызды амалына спорт пен ойындардың әртүрлі түрлерімен айналысу жатты.
Англияның спорттық-ойындық жүйесін енгізуші Регби қаласындағы колледж директоры, педагог Томас Арнольд (1795-1842 ж) болды. Өзінің іс-қызметінде ол өзін-өзі басқара алатын, белсенділігі мол, күрделі жағдайда тез шешім қабылдай алатын, батыл оқушылары бар, ой-санасы бірдей, бірі-бірі үшін тұра алатын ұжымды қалыптастыруға тырысты. Ол мақсатқа жету үшін спортпен және ойындармен айналысу керек деп тұжырымдайтын. Сол кездегі спорт түрлері: жеңіл атлетика, бокс, ескек есу, жүзу, регби, футбол, крикет ол үшін маңызды болып саналатын.
Спортық ойындық жүйе, әсіресе, АҚШ-та жақсы сіңіп дамыды. Оған ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Песталоццидің педагогикалық идеялары сіңді. Сөйтіп, американдықтар өзінің университет, мектептерінде дене тәрбиесін оқу жүйесіне енгізді. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдары бөлек ойын және атлетикалық клубтары ашылып, жарыстар өткізіле бастады. Сонымен бірге, Америка құрылығының байырғы тұрғындарының арасында көптеген ұлттық дене қимылы жаттығулары мен ойындары кең танымал болды. Американдық үндістер арасында допты қолдана отырып, ойнайтын ойын түрлері, садақтан ату, найза лақтыру, үлкен қашықтықтарға жүгіру, секіру, күрес және жаттығудың басқа да түрлері болды.АҚШ-тың спорттық-ойындық жүйесі эклектикалық жағдайда болды. Онда Еуропадан әкелінген спорттық ойындардың және Американың байырғы тұрғындарының дәстүрлі ойындарының қосындысынан туылған жүйе еді. Сондықтан да, АҚШ дене тәрбиесінің жүйесі еуропалық, әсіресе, ағылшындық дене тәрбиесі жүйесінен алынған.
Осылайша, жаңа тарихтың 1-ші кезеңінде дүние жүзінің ірі елдерінде гимнастиканың, спорттың және ойындардың пайда болып, жетілдіруі мен дамуы болып жатты. Буржуазиялық қоғам жағдайында спорттық-ойындық және гимнастикалық жүйелер таптық жағдайда болды. Оларды буржуазия өзінің дамуы үшін ғана қолдап отырды.
Дегенімен, «Елу жылда ел жаңа» деп, мақал айтпақшы, өмір ағымы бір орында тұрмайды. Жетпіс жыл бойы кеңестік боданда болып келген бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі республикалар өз алдына дербес, тәуелсіз мемлекеттер болып кетті. Коммунизм қағидалары сол кездегі Кеңес Одағымен бірге келмеске кетті. Өмірге деген көзқарас өзгерді, халықтың сана-сезімі түгелдей дерлік басқа салаға ауысып, қазіргі жағдайда партия, комсомол, пионер, октябрят деген ұғымдар санадан өше бастады. Қалай десе де, жетпіс жыл бойы үлкен мемлекеттің аясында өмір сүрген қай республиканың болмасын, халықтары Кеңес Одағы кезіндегі болған жақсы да, жаман да жағдайлар мен фактілерді мойындауы керек. Сол кездегі билік басында болған Коммунистік партияның да істеген игі істерін де атап өтіп, тарихи факт ретінде қараған абзал. Оны тарих ретінде білген жөн.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың денсаулығын қорғау және дене қуаты дамуын бақылап, дұрыс жолға қою жұмыстары пәрменді жүргізілді. 1917 ж. қараша айында білім беру халық комиссариатының жанынан дәрігерлік-санитарлық бөлім ашылып, оған қысқа уақыт ішінде кеңестік дене шынықтыру қозғалы-сына еңбегі сіңген В.М. Бонч-Бруевич (Величкина) тағайындалды. Өзінің іскерлік қасиетінің арқасында ол мектептерде дене тәрбиесін енгізді. Сол кезде мектептерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың алғашқы қадамдары өте қиын жағдайларда орындалды. Бұл пәннің өтілу қажеттілігін сол кездегі ескі көзқарастағы мұғалімдерге дәлелдеу, оның жалпы тәрбиемен қатар, жас жеткіншектердің рухани да, дене қасиеттерін тәрбиелейтінін жеткізе білу керек еді. Оның үстіне, пәннің ерекшелігіне орай, материалдық құрал-жабдықтар жағы (доптар, кілемдер, кірлер, гимнастикалық құралдар), өз мамандығын игерген кадрлар, оқу-әдістемелік әдебиеттер тапшы болып, дене тәрбиесі сабағын енгізу одан бетер қиындыққа ұшырады [7].
Дене тәрбиесі сабақтары енгізіле салысымен, аптасына міндетті түрде 2 рет өтілетін болып шешілді. Оқу сабақтарынан басқа, оқушылар сабақтан тыс дене шынықтыру үйірмелеріне, дене мәдениетілік іс-шараларға белсенді түрде қатыса бастады. Мүмкіндік болған жерлерде ойындармен, спортпен, басқа да дене қимылы жаттығуларынан басқа, суға шомылып, күнге, ауаға, суға шынықтырумен айналысты. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары-ақ балаларды жазғы демалыс уақыттарында жазғы демалыс лагерлерінде дем алдыру ұйымдастырылған еді. Онда балалар дене шынықтыру жаттығуларын орындап, әртүрлі қозғалмалы және спорттық ойындарды ойнады, ауыл шаруашылығына көмектесті, суда жүзді – бір сөзбен айтқанда, дене шынықтырудың барлық амалдарын орындады.
Патша үкіметінің құлап, Кеңес үкіметінің орнауы елде біраз саяси-экономикалық, тұрмыстық-әлеуметтік қиыншылықтар әкеліп, халықтың едәуір бөлігінің дене шынықтыру және спортпен айналысуына өз теріс ықпалын жасады. Мысалы, 1918 ж. спорттық клубтардың мүшелерінің саны бар болғаны 38 мыңдай ғана болды, бұл - 1914 ж. айналысушылардан шамамен 12 мыңдай адамға кем еді. Тек Жаппай білім беру және комсомол ұйымдарының белсенді жұмыстарының арқасында дене шынықтыру мен спорт белсенділерінің саны өсіп, 1920 ж. аяғына таман 143,5 мың адамға (соның ішінде, 5 мыңдайы - әйелдер) жетті. Бұдан басқа, 1,5 млн. адам әскерге шақырылушылардың пунктерінде дене қимылы дайындығымен айна-лысты. Бұл сол кездегі кеңестік дене шынықтыру қозғалысының жетістігі еді. Жастарды мүмкіндігінше дене қимылы жаттығуларымен айналысуына көбірек тарту үшін, Жаппай білім беру және комсомол ұйымдары халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау жұмыстарын белсенді түрде жүргізді. Олар спорттық жарыстар, бұқаралық гимнастикалық шерулер, әңгімелер өткізіп, жастар жиналыстарында насихаттау жұмыстарын жүргізді. Бұқаралық жарыстар сол кезде Мәскеуде, Петроградта, Төменгі Новгородта, Самарада, Тулада, Курскіде т.б. қалаларда өтті [8].
Азаматтық соғыстың қиындықтары, тамақ пен киім-кешектің жетімсіз-діктері, спорттық құрал-жабдықтардың түгелдей дерлік жоқтығы, сол кездегі т.б. келеңсіздіктер спортсүйер қауымның еңсесін түсіре алмады. Үздік спортшылар қала, губерния, облыс біріншіліктерін, кейбір спорт түрлерінен - республикалық деңгейде жарыстар өткізуге ат салысты.
Спортық ойындық жүйе, әсіресе, АҚШ-та жақсы сіңіп дамыды. Оған ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Песталоццидің педагогикалық идеялары сіңді. Сөйтіп, американдықтар өзінің университет, мектептерінде дене тәрбиесін оқу жүйесіне енгізді. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдары бөлек ойын және атлетикалық клубтары ашылып, жарыстар өткізіле бастады. Сонымен бірге, Америка құрылығының байырғы тұрғындарының арасында көптеген ұлттық дене қимылы жаттығулары мен ойындары кең танымал болды. Американдық үндістер арасында допты қолдана отырып, ойнайтын ойын түрлері, садақтан ату, найза лақтыру, үлкен қашықтықтарға жүгіру, секіру, күрес және жаттығудың басқа да түрлері болды.АҚШ-тың спорттық-ойындық жүйесі эклектикалық жағдайда болды. Онда Еуропадан әкелінген спорттық ойындардың және Американың байырғы тұрғындарының дәстүрлі ойындарының қосындысынан туылған жүйе еді. Сондықтан да, АҚШ дене тәрбиесінің жүйесі еуропалық, әсіресе, ағылшындық дене тәрбиесі жүйесінен алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |