Постановление Правительства РК от 22 января 2008 г. № 40 «О внесении изменений и дополнений в поставноление Правительства РК от 23 мая 2003 года № 488» (сроки проведения профилактических прививок).
Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1549 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті
Дәріс 8 Жұқпалы аурулардың иммундық алдын алу. Мақсаты: студенттерді иммундық алдын алу қағидаларымен таныстыру.
Дәріс тезисі: эпидемиологияның негізгі бөлімдерінің бірі жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасын оқу болып табылады. Эпид. процестің үшінші тізбегіне әсерінің негізі, қабылдағыш коллектив жалпы макроорганизмнің қарсылығын жоғарылатуға және адамдарда иммунитет туғызуға қызмет етеді. Организмнің жұқпалы ауруларға қабылдамаушылығы арнайы профилактикалық препараттарды қолданумен болады және химиопрепараттарды. Иммундық алдын алу эпид процестің әдеттегідей ұяшығының үшінші тізбегіне бағытталған және оның міндеті жұқпалы ауруларға қабылдамаушылықты құру, жоғарылату болып табылады. Ол профилактикалық (алдын ала) екпелер жүргізу арқылы жүзеге асады яғни, иммунобиологиялық препараттарды организмге бір немесе көп реттік енгізу. Иммунды биологиялық препараттар бұл белгілі жұқпалы ауруларға қабылдамаушылық туғызу үшін организмге енгізетін дәрілік препараттар (екпе, анатоксин, иммунды сарысу, иммунды глобулин т.б). Иммундық алдын алу үшін қолданатын препараттарды З топща бөледі: 1) белсенді иммунитет қалыптастыратын 2) енжар қорғанышты қамтамасыз ететін 3) иммунитет дамуын күшейтетін, қоздырғыштың дамуын, көбеюін тоқтататын. Келесі негізгі түрлері бар. Екпе, анатоксиндер, им.сарысулар, иммунды глобулиндер, иммунды модуляторлар. Белсенді иммунитет түзетін препараттарға тірі, өлі, комбинирленген екпелер жатады.