Дәріс 1-2. Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың жалпы негіздері Мақсаты: Студенттерге мектепке дейінгі арнайы педагогиканың жалпы негіздері жайында толық мағұлмат беру
Жоспар: Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың пәні, нысаны
Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың мақсаты, міндеттері
Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы
Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың әдістері;
Мектепке дейінгі арнайы педагогика саласына үлес қосқан ғалымдар
Кілт сөздер:олигофренопедагогика, невропатология, психопатология патология, эксперимент.
1Мектепке дейінгі арнайы педагогика – педагогикалық білімнің бір бөлігі, құрамдас болғанына қарамастан көлемді, көп аспектілі ғылым саласы /латын тілінен аударғанда specialis - туыс, түрі деген мағынаны білдіреді/. Нақты анықтамасын қарастырсақ, мектепке дейінгі арнайы педагогика -арнайы педагогикалық жағдайда ерте қолға алу, мектепке дейінгі білім алуда қиналатын, немесе мүлде оқи алмайтын дамуында ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім берудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін ғылым.
Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың нысаны – мектепке дейінгібілім алуда ерекше қажеттіліктері бар, яғни дамуында ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру үрдісі, ол педагогикалық феномен ретінде қарастырылады.
Арнайы білім беруде зерттеу мен педагогикалық көмек көрсетудің субъектісі- даму мүмкіндіктерінің шектеулі болғандықтан білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға. Бұл жерде арнайы окыту- нақты адамның білім алудағы күрделі мәселесін шешуге бағыталған.
Мектепке дейінгі арнайы педагогиканың пәні – мектепке дейінгі дамуында ауытқуы бар балаларды арнайы оқытудын теориясы мен тәжірибесі. Бүл үрдіс мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін, тұлғалық қалыптасуы жэне элеуметтену заңдылықтарын зерттейді.
2Мектепке дейінгі арнайы педагогика мектепке дейінгі жастағы дамушы тұлғаның әлеуметтенуін, өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуді көздей отырып, бұл мақсаттың мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңызды екенің көрсетеді, нақты тәуелсіз және еркін өмір сүру мен әлеуметтенудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуді жетекші бағыт ретінде қарастырады. Ал сол мақсатқа жету үшін мектепке дейінгі арнайы педагогика келесі міндеттерді орындайды:
дамудағы кемістікті, ауытқуды түзету;
педагогикалық құралдар арқылы дамудағы кемістікті, ауытқуды теңестіру;
орның толықтыру (компенсациялау);
абилитация (ерте жас кезеңі үшін)-әлеуметік ортаға әлі бейімделмеген ерте жас кезенінде пайда болатын патологиялық жағдайлардың алдын алу емдік-педагогикалық шаралар жүйесін асыру. Ол қоғамда енбектену және пайдалы мүше болу мүмкіндігін туғызады.
сауықтыру жұмыстары (әлеуметтік және тұлғалық) – тұлғаны даярлау мақсатындағы медициналық, әлеуметтік, білімдік және кәсіби сипаттағы кешендерді қолдану.
3Мектепке дейінгі арнайы педагогика өз алдына бірнеше ғылымдармен байланысты. Атап айтар болсақ, философия, педагогика, психология, арнайы педагогика, арнайы психология, логопедия, мектепке дейінгі сурдопедагогика, мектепке дейінгі олигофренопедагогика, невропатология, психопатология және т.б.
4 Мектепке дейінгі арнайы педагогика көбінесе эмпирикалық әдістер пайдаланады.
Бақылау - зерттеу барысында нақты деректерді жинақтау үшін қажетті педагогикалық құбылысты назарға алу. Бақылау әдісін жүзеге асыру үшін алдын ала жоспар дайындау қажет және бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталуы тиіс. Бақылаудың міндеті деректерді жинақтау мен жүйелеу және ғылыми тұрғыдан педагогикалық талдау. Арнайы білім беру ұйымдарында зерттеуші сабақ пен сабақтан тыс уақытында мұғалім мен оқушылардың әрекеттерін бақылайды. Білім-тәрбие жұмыс толыққанды зерттеу үшін әртүрлі (жағымды, жағымсыз) деректерді жинаған тиімді. Хаттау үшін дәстүрлі стенограммадан басқа да әдістерді пайдалануға болады, олар: фотосуреттер, бейнетаспаға түсіру, магнитофонға, диктофонға жазу т.б.
Әнгімелесу әдісі арнайы педагогтар, мүмкіндіктері шектеулі оқушылар және олардың ата-аналарынан қажетті деректер жинау үшін жүргізіледі. Әңгімелесудің сапалы нәтижесін сенімділік қарым-қатынаста жетуге болады, талаптың бірі алдын ала қойылатын сұрақтарды кемтар балалрдың ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу қажет (жас, даму деңгейін ескеруі тиіс, сөздер түсінікті болуы тиіс, жауап беруге уақытты ескеру қажет т.с.с. ). Әңгімелесу барысында жауптарды және өзгеше жағдайларды міндетті түрде хаттау талап, кейін жауаптарды арнайы педагогтар талдап, қажетті әрекет жүргізеді.
Эксперимент. Арнайы педагогикада оқыту әдіс, тәсілдердің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексерудің тұрі - эксиеримент. Педагогикалық эксперимент оқыту, тәрбиелеу немесе түзетушілік, дамыту барысында ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған тәжірибе. Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие процесі жағдайында) және зертханалық - қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдай ұйымдастыру. Бұл әдістің ерекшелігі зерттеуші қойылған мақстатқа сәйкес педагогикалық процестің шарттарын өзгертуі мүмкін. Педагогикалық экспериментің негізгі мақстаты - ғылыми болжамды тексеру, міндеттерді шешу. Деректеуші эксперимент Педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған. Ал үйретушілік эксперимент нақты бала немесе ұжымдағы балалар дамуындағы, оқыту мен тәрбиелу, түзету жұмысындағы өзгерістерді бақылау, салыстыру мақстатында жүргізіледі. Экспериментті жүзеге асыру, ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыз етуді және алынған деректерді хаттау талап (жазбаша хаттама, бейнетаспаға түсіру т.б.)
Психодиагностикалық әдістер:
Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратгы алу немесе бақылау барысында түсініксіз болған құбылыстың мәнін ашу мақсатымен қосымша пайдаланатын зерттеу әдісі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша алдын ала әзірленген жоспармен орындалады.
Анкеттеу - ауқымды мәлімет жинақтау әдісі. Анкетаның сұрақ пен жауптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу бетпе-бет әңгілесумен жүргізілсе, анкетаны сырттай орындауға болады. Анкетаның сұрақтары нақты тақырыпта болуы тиіс және орындаушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді.
Мониторинг (қадағалау) - білім саласында нақты бір процестің аладын ала қойылған мақсат пен нәтижелердің сәйкестігін қадағапау әдісі. Бұл әдіс арнайы оқытуда өте маңызды мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқудағы қиындықтарын дер уақытында байқауға, оқыту мен түзету-дамыту жұмысының сапасын көтеруге жол ашады.
Мектепке дейінгі арнайы педагогика осы әдістерді пайдалануда дамуында ауытқуы бар және қалыпты дамыған балаларды салыстыруды кең қолданылады.
Сонымен мектепке дейінгі арнаны педагогика, ғылыми зерттеудің прициптерін басшылыққа алып, мақсат міндеттерін шешуде зерттеу әдістсрін кешенді пайдаланады.
Мектепке дейінгі арнайы педагогика саласына Р. М. Боскис, Т. А. Власова, А. А. Катаева, И. М. Соловьев, Т. В. Розанова, Ж. И. Шиф, С. А. Зыкова, Т. С. Зыковой, К. Г. Коровина, Л. П. Носкова, Л. С. Выготский, А. Р. Лурия, А. А. Леонтьев, Н. И. Жинкин, Т. В. Ахутина, Головчиц Л.А және т.б.