Дәріс 1: Оқыту әдістері туралы түсінік



бет1/19
Дата15.01.2022
өлшемі98,75 Kb.
#24040
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Дәріс 1: Оқыту әдістері туралы түсінік


  1. Оқыту – танымдық іс-әрекетінің негізі ретінде

  2. Оқыту әдістері  ұғымының мазмұны


1. Педагогикалық процесте оқыту процесі ерекше орынға ие. Оқыту барысында білім, білік, дағды және жеке қасиеттер қалыптастырылады. Оқыту процесінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін және т.б. мәселелерін педагогиканың өзекті саласы- дидактика атқарады. Дидактиканы дамытуда Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов және т.б. үлкен үлес қосты. Бұл ұғымды алғаш рет ғылыми тұрғыдан ендірген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Дидактика гректің didaktikos- оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан. Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады: Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің ); Кімді оқытамыз (оқыту субъектілері); Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері); Неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны ); Оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы); Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.); Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер); Оқыту нәтижелерін қалай бақылау мен бағалауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері.). Оқыту теориясы әдетте дидактика деп аталады. Дидактика сөзінің мәні – гректің didasko – «үйретемін», «оқытамын» деген ұғымынан бастау алған. Дидактика «нені оқыту», «қалай оқыту» мәселелерімен шұғылданатындықтан мұны оқыту теориясы тұрғысынан ұғынып оқыту процесіне қатысты оқушыға білім беру, оқыту заңдылықтарына байланысты ақыл-ой тәрбиесінің негіздері жүйесінен қарастырылады.

2. Әдіс (гректің mеtоdоs) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл.

Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.

Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Лихачев Б.Т.) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Пидкасистый П.И) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді .

Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі — бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.

Оқыту әдістері - тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі — үлгі болып табылады мұғалім — ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі — ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі — осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады .

Оқыту әдістері  ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән мағыналық не қолдану ерекшелігі бар сөздер.

Әдіс тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде  тәсіл деп түсіндіріледі.

Әдіс – оқыту процесінің негізі деп айтуға болады, ол алдын-ала жоспарланған мақсат пен соңғы нәтижені байланыстыратын звено болып табылады.

Оқыту әдістері – бұл педагог пен оқушының оқу мақсатына жетуге бағытталған реттелген іс-әрекеті.

Оқыту әдістері күрделі, көпөлшемді, көпсалалы білім. Сондықтан оқыту әдістері объективті заңдылықтары, мақсаты, мазмұны, принциптері, оқыту  формалары арқылы  көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет