Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы



бет19/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
әдебиет дәрістер

Жадағай (тұтас емес) мәтіндерге:

  • толтыруға арналған түрлі формалар;

  • ақпараттық парақшалар;

  • кестелер мен сызбалар;

  • диаграммалар;

  • карталар;

  • билеттер;

  • жарнамалар (афиша);

  • мәзірлер;

  • журналдың негізгі беті;

  • постерлер

















2. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
«Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы түрлі оқу материалдарының мазмұнын, яғни мәтіндерді оқушылар дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Ол жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушының жасына, дайындығына, білімі мен дағдысына байланысты іріктеледі. Олар:

  1. Кіріспе. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

  2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысы.

  3. Шығарманы оқу.

  4. Шығарманың жоспарын жасау.

  5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.

  6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.




  1. Кіріспе. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

Көркем шығарма жызушының сөзі арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес туады (адамдардың портреті, табиғат көрінісі, белгілі бір оқиғалар, т.б.). Бұл оқушының сезімін де әсер етеді. Мысалы: қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Ал М.Әуезовтың «Жетім», Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімелерін оқығанда, аяныш сезімде болады, кейбірі көздеріне жас алады. Осындай адамның ішкі көрінісі, сезімі айқындала түсуі үшін, оқушы санасында мұндай бейнелер анық жасалуы үшін шығарманы оқымас бұрын алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Яғни, мәтінді әр түрлі қабылдайды (күледі, қорқыныш сезімі туады, көзіне жас алады). Дайындық әңгіме оқылатын мәтіннің мазмұнына ұқсас, баланың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі.
Дайындық әңгіменің ұзақтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты. Ұзақтығы 3-5 минут. Кіріспе сөз тақырыпты аша алатындай болуы тиіс.
Мысалы: «Абай жолы» романынан кіші балалардың түсінуіне сай келетіндей етіп, қысқартылып алынған Абайдың балалық шағын көрсететін үзінді оқулықта «Бүлдірген тере барғанда» тақырыбы арқылы беріледі. Осы мәтінді оқуға дайындау барысында мұғалім балаларға бүлдіргеннің қандай түрлерін білетіндерін айтқызып, оның қалай өсетіні, балалардың бүлдірген теріп көрген-көрмегендері жөнінде әңгіме өткізеді Сонда оқушыларда сол мәтін мазмұнымен тезірек танысып, не туралы берілгенін ұғынуға деген ынталары артады. Алдын ала әңгіме барысында қиын сөздермен және сөз тіркестерімен де түсінідіру, яғни сөздік жұмысын жүріп отыруы керек.
Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы мынадай мақсатта жүргізіледі:
1. Балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау;
2. Оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру;
3. Ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру.
Дайындық жұмысында мынадай әдіс-тәсілдер қолдануға болады:
а) Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір шығармаларды оқуға дайындау барысында балаларға өздерінін басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. Мұндай балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің «Қырман үстіндегі ту» әңгімесін оқуға дайындалуда егін жинау, астық тасу жұмыстарында балалардың болған-болмағандары анықталып, әңгімеленеді.
С.Мұқановтың «Сең үстінде» әңгімесін оқымас бұрын жазғытұрым өзендерде сең жүру оқиғасы туралы әңгімелеуге болады.
ә) Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайдарда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті деректерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді. Мысалы, «Сырым батыр», «Тарас Шевченко» мәтіндерін оқымас бұрын бұл мәтіндердегі оқиға қай кезде болғанын Сырым батырдың немесе Тарас Шевченконың кімдер екенін айтып, түсінік беру керек.
б) Ұжымдасқан түрде әңгіме айту. Біреу білмегенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан кейбір ұжымдасқан түрде әңгіме айтуды ұйымдастыруға болады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырады.
в) Саяхатта байқагандарын пайдалану. Оқушылардың әңгімесі болсын, мұғалімнің әңгімесі болсын – қай-қайысысын да балалардың саяхатта көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Бұл айтылғаннан бір әңгімені немесе өлеңді оқыр алдында арнайы саяхат үйымдастыру керек деген ой тумасқа тиіс. Бірақ мұғалім жыл бойы өтетін материалдарды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін, балаларға табиғат тану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі саяхаттар ұйымдастырады. Мысалы, кейбір мұғалімдер балаларды көктемнің бас кезінде өзенге (жақын жерде өзен; көл бар жерлерде) саяхат ұйымдастырып, сеңнің түсуін бақылатады. Осы саяхаттың материалы «Сең үстінде» (С.Мұқанов) әңгімесін оқығанда пайдаланылады. Немесе күзде оқушыларға айналадағы өзгерістерді байқату үшін егістікке, қырманға т.б.с.с. жерлерге саяхат ұйымдастырылады. Мұндай саяхаттың материалдарын оқулықтағы табиғат көріністерін суреттеген шығармаларды оқығанда пайдалануга болады.
г) Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. Мысалы, табиғатты бейнелейтін суреттершығарманы оқымас бұрын қолдануға болады. Мұнда есте болатын нәрсе — оқулықта берілген суреттерді алдын ала көрсетіп, оқылатын материалдардың мазмұнын айтып қоюға болмайды. Өйткені ол суреттер материал оқылып шыққан соң немесе оны оқу барысында материалдың мазмұны жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін берілді.
д) Сұрақтар қою. Оқуға дайындық кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын ала ойластырылады. Егер оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға материалды бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың ойдағыдай әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде аддын ала сұрақ берудің қажеті жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет