Дәріс 1 Тақырыбы: Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет3/6
Дата22.02.2023
өлшемі143,4 Kb.
#69945
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 Дәріс Процессы

Химиялық процестер -өту жылдамдығы заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруімен бірге, олардың химилық қасиеттерінің де өзгеруімен анықталады. Яғни, өту жылдамдығы химиялық кинетика заңдарымен анықталады. Олар: каталикалық крекинг, пиролиз,гидротазалау, т.б.
Механикалық процестер -өту жылдамдығы қатты заттар механикасымен анықталады. Оларға ұсақтау (кесу), іріктеу, пресстеу, дөңгелету және т.б. жатқызады. Олар механикалық күштердің әрекетімен жүреді, ал олардың нәтижесі өнім бөлшектерінің өзгеруі болып табылады. Бұл процестер диірменді кешендерде, уатқыштарда, жармабөлгіштерде, ұнтақтағыштарда, көкөніс пен тамыр жемістерді ұсатқыштарда, олардың беттерін тазартқыштарда, пияз, сарымсақ және басқа өнімдердің тазартқыштарда, илегіш машиналарда, триерларда, пресстерда, штамптарда, ұсақ заттарды сепарирлеу құрылғыларында және т.б. жүзеге асады.
Оқыту барысында негізгі үдерістер ұйымдастыру тәсілі бойынша былайша бөлінеді:
1.Мерзімдік үдерістер. Белгілі бір уақыт ішінде қондырғыға шикізат материялы жүктеліп, ол өңделіп болғаннан кейін қондырғыдан дайын өнім алынады да, оған қайтадан шикізат салынады. Мұндағы үдерістің барлық сатысы бір жерде,бірақ,әртүрлі кезеңде өткізіледі.
2. Үздіксіз үдерістер. Қондырғыға шикізатты жүктеу және одан дайын өнімді алу үздіксіз түрде болады.Мұндағы үдерістің барлық сатысы бір уақытта, бірақ, қондырғының әртүрлі жерлерінде өткізіледі. Сонымен бірге, қондырғы көлемінің әр нүктелеріндегі температураның, қысымның, т.б. мәндері уақыт бойынша өзгермейді.
3. Аралас үдерістер. Мұндағы үздіксіз үдерістердің кейбір сатылары мерзімді әрекетте немесе керісінше өтеді.
Үздіксіз әрекеттегі процестердің мерзімді әрекеттегі процестерге қарағанда мынадай артықшылықтары бар:
- дайын өнім үздіксіз алынады;
- процесті механикаландыру және автоматтандыру оңай;
- алынатын өнімнің сапасы біркелкі болады, себебі процестің өту режимі тұрақты;
- жабдықтың ықшамдылығы, яғни материалдық және эксплуатациялық шығындары аз;
- аппараттың жұмысында тыныс болмағандықтан, берілетін (алынатын) жылу толығымен пайдаланылады және шыққан жылуды пайдалану мүмкіндігі бар.
Бөлшектердің аппаратта болу уақытының таралуы және соның әсерінен процесті анықтайтын басқа факторлардың (температура, концентрация және т.б.) уақыт бойынша өзгеруіне байланысты үздіксіз әрекетті аппараттардың екі теориялық моделі болады:
- идеалды ығыстырғыш – мұнда барлық бөлшек белгілі бағытта ешкандай араласпастан алдыңғы бөлшектерді толық ығыстырып, яғни қатты поршень тәрізді жылжиды. Мұндай аппараттарда барлық бөлшектердің аппаратта болу уақыты бірдей болады.
- идеалды араластырғыш – мұнда аппаратқа кірген бөлшектер, ондағы бөлшектермен лезде және толық араласып кетеді. Бөлшектер аппарат көлемінде біркелкі болып таралып, процесті сипаттайтын параметрлердің мәні лезде бірдей болады. Бөл-шектердің аппаратта болі уақыты бірдей емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет