Дәріс №1 Тақырыбы: Жүйелер теориясына кіріспе


Ақпараттық қорлардың ықпалдасуы



бет3/3
Дата18.11.2023
өлшемі50,44 Kb.
#124702
1   2   3
Байланысты:
1 дәріс Жүйелер теориясына кіріспе (1)

Ақпараттық қорлардың ықпалдасуы қазіргі АЖ-ні құруда маңызды рөл атқарады. Мәліметтер қорлары, білім қорлары, қайталап пайдаланатын бағдарламалар қорлары ақпараттық қорлар болып түсіндіріледі. Осы қорларды құруға жұмсалатын шығындар аса елеулі, ал осыған дейін қолда бар қорлардың көлемі мен құндылығы аса зор және тез өсіп отырады. Сондықтан қазіргі АЖ-ні құру кезінде екі есепті шешуге тура келеді:
1. Жаңаны әзірлеу немесе осыған дейін қолданыстағы АЖ-ні дамыту кезінде, қолда бар ақпараттық қорларды пайдалануды қалай қамтамасыз ету керек;
2. Әртүрлі мақсаттағы бірнеше АЖ-нің жалпы (бөлінетін) ақпараттық қорларды бірлесіп пайдалануын қалай қамтамасыз ету керек.
Бұл ретте құрылатын АЖ-де пайдалануға жататын ақпараттық қорлардың мәліметтерді берудің, білімді берудің, бағдарламалау тілдерінің әртүрлі модельдерінің көмегімен жүзеге асырылуы және әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс жасауы мүмкін екенін ескеру қажет.
Демек АЖ құру үшін қолданылатын инструментальдық құралдар, сондай-ақ қосымша жұмыс істейтін, құрылатын АЖ ортасына, ақпараттық қорлардың бірыңғайланған көрсетілімі мен оған жүгіну тәсілдерін қамтамасыз ететін компоненттер кіруі тиіс.
Қазіргі АЖ-де сипаты ақпараттар беру тәсілдерімен анықталатын, ақпараттық технологиялардың (АТ) бірнеше түрлерінің ұштасуы талап етіледі:
  • есептеу есептерін және/немесе басқару есептерін шешу;
  • мәліметтерді өңдеу;
  • мәтіндерді өндеу;
  • машиналық кескіндемелер;
  • бейнелерді өңдеу (статикалық немесе бейнекескіндер);
  • сөйлесу хабарларын өңдеу.

  • Осы технологиялар үшін тиісті мәліметтер қорларын қолдайтын АЖ (мысалы, МҚБЖ) орталарының жүйелік бағдарламаның қамтамасыз етілуі мен мәліметтердің тиісті типтерін өңдейтін қолданбалы бағдарламаларды талап етеді. Ақпараттарды берудің осы тәсілдерін пайдаланатын интерфейс құралдары қолдауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет