Дәріс №1 Тақырыбы: Орта ғасырлық Қытай мен Тибет. Мақсаты



бет1/2
Дата24.03.2023
өлшемі33,29 Kb.
#75949
  1   2
Байланысты:
Д р¦с 1 (2)


Дәріс №1


Тақырыбы: Орта ғасырлық Қытай мен Тибет.
Мақсаты:
Ортағасырлық Қытайдың ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама беру.
Жоспары:
1.Хан, мемлекетінің күйзелісі және ішкі соғыстар. III ғасырдағы Қытай қоғамы. Қытай «үш патшалық» тұсында.
2.Цзинь мемлекеті - Қытайдың уакытша біріктірілуі. Солтүстік Вай мемлекеті. Суй әулетінің Қытайды біріктіруі.
3.Тан империясының құрылуы мен дамуы. Сун империясының құрылуы. .Қытай-Тибет согыстары.
4.Си-Ся мемлекеті. Моңғол шапқыншылыгы. Юань империясынын қүрылуы. ХУІ-ХУШ ғ.ғ. Қытай.

1. 1141 ж. чжурчжендермен өте ауыр бітім шарты жасалды: Цзинь империясына Хуайши өзенінің солтүстік аудандары берілді, Сун императоры Цзиньдердің вассалы деп жарияланды.


Оңтүстік Сун империясы Цзинь империясына жылына 250 мың күміс лян, 250 мың бума монета (1 бумасында — 1000 монета) салық төлеп тұратын болды.
Сун империясының солтүстігі сол күйінде чжурчжендер қолында қалып қойды. Бұл жағдай моңғол жаулап алушылығына дейін сақталды.
XІ ғасырдың аяғына — XIІ ғасырдың басына қарай байқалған экономикалық өрлеу XI ғасырдың ортасына қарай қайтадан баяулады. Дегенмен XII ғасырдың басына қарай ауыл шаруашылығы бұрын соңды болып көрмеген жоғары деңгейге көтерілді.
XIІ ғасырда ірі жер иеліктері өсе түскендігі байқалады. Олар ұсақ шаруашылықтарды өз иеліктеріне қосып алу арқылы өсіп отырды. Қосып алу алдау-арбау, зорлық-зомбылық, сатып алу жолдарымен жүргізілді.
1 му жер (шамамен 4,6 а) сапасына карай 900—2700 монета тұрды. Жекелеген ақсүйектер мен шенеуніктердің иеліктері 3 мыңнан 6 мың цинге дейін жетті [1, 65 б].
XIІ ғасырдың 60-жылдарында ірі және орташа жер иеленушілердің қолында барлық егістік жердің шамамен 2/3 бөлігі шоғырланды. Өкімет мемлекеттік жерді жеке феодалдардың сіңіріп кетуіне қарсы шара қолданбады.
Көптеген жер иелерінің бірнеше поместьелері (чжуантянь, чжу-анъюань) болды. Әртүрлі аудандардағы ол поместьелер шағын үлестерге бөлініп, жалға беріліп отырды.
Жалға беру шарттары әртүрлі болды. Егер жалға тек жер ғана берілсе, онда түскен өнімнің мемлекетке төленген салықтан және тұқым қорынан қалған бөлігінің 10 %, 20 %, көп болса 50 %-і жердің иесіне берілетін.
Ал егер жер иесі жалгерге тұқым, көлік, т.б. еңбек құрал жабдықтарын да коса берсе, қалған өнімнің 4/5 бөлігін алатын.
X—XIII ғасырларда жалға беру ақысының өсе түскендігі байқалады.
Мемлекеттік жер қоры «гуань тянь» деп аталды. Қызмет бабы үшін берілетін жер көлемі 7-ден — 40 цинге дейін болды. Ол жерді жергілікті шаруалар өңдеді. XI ғасырдың аяғында мемлекеттік жер қоры өңдеуге жарайтын жердің 1/72 бөлігі болса, ол XII ғасырдың аяғында 1/15 бөлігі болды.
Ұсақ шаруалардың да жеке меншік жерлері болды. Олардың үлестерінің көлемі 10 мудан 90 муға дейін болды. Барлық халықтың 90 % жуығын құрайтын шаруалардың иеліктері барлық өңделетін жердің 30 % жуығын құрады.
Жер салығы жылына екі рет: жазда және күзде жиналды. Оның мөлшері эр му жерден 1 доуден 3 доуге дейін (1 доу — 6,64 л.) астық болды. Салық мөлшері жердің құнарлығына байланысты белгіленді.
Салық төлемеу де едәуір орын алды. Кейбір аудандарда тіпті өңделетін жердің 60—70 %-нен салық жиналмай қалған кездер де болған.
Сун империясына қарағанда Цзинь империясында ірі жер иелігі шектеліп, негізгі бағыт ұсақ шаруалар шаруашылықтарына қарай ұсталды. Өте сыйлы адамдарға жеке меншіктікке көп болса 10 цинь жер берілді. Берілген үлесті сатуға, әсіресе чжурчженьдердің сатуына тыйым салынды. Бірақ чжурчженьдер өз жерлерін қытайлықтарға жалға беріп отырды.
X—XII ғасырларда қытай қалаларының қатары өсе түсті. Ескі қалалар ұлғайып, жаңа қалалар өмірге келді. Қала халқының саны да өсті. Сун әулетінің билігі кезінде Чанша мен Кайфынның халқы өте көп болды. XIII ғасырға қарай олардың қатарынХанчжоу;Фучжоу;Цюаньчжоу;Янчжоу; Сучжоу;Цзянмен;Гуаньчжоу қалалары толықтырды. Ең ірі қалаларда 1 милионнан астам адам тұрды. Ол кезде қала халқы барлық халықтың 10 %-н құрады.Қалалардың саны ғана өсіп қойған жоқ, олардың сапасы да өзгерді. Қалалардың сауда-қолөнері орталықтары ретіндегі рөлі өсті. [2, 78 б].
XI ғасырға қарай Қытайда урбанизация процесі басталды. Өкіметтің қала экономикасына бақылауы күшейді.
Еңбек құрал жабдықтарының сапасы жақсара түсті. Металл балқытуда тас көмір, кокс және басқа химиялық реактивтер қолданыла бастады. Бұл жетістіктер XI—XIII ғасырларда еңбек бөлінісін күшейтті. Кәсіптер саны көбейді. Кейбір аудандар өндірістің бір түрімен мамандана бастады.Сауда да дамыды. Тауар құнының 2 % оны тасу кезінде салық ретінде алынса, 3 % — сатылғаннан кейін алынды. Бұл мөлшер кейде өзгеріп отырды.1247—1248 жж. Ван Цзэ баскарған Милэцзяо құпия қоғамының көтерілісі болды. Өкімет жаңа көтерілістерге жол бермей, қаңырай бастаған мемлекеттік қазынаны аз да болса толықтыру үшін реформалар жүргізуге мәжбүр болды. Ол реформаны 1069—1074 жж. Сун әулетінің министрі Ван Ань-ши жүргізді.Реформа бойынша алдымен жер үлестері қайтадан есепке алынды. Қызметкерлер жер иеліктері үшін салық төлеуге міндеттелді. Ван Ань-ши сонан кейін шаруаларды мемлекеттік барщинадан босатып, оны ақшалай салықпен алмастырды.
Өз иеліктеріндегі жерлердің салығын шаруалар енді жартылай азық-түлікпен, жартылай ақшамен өтеуге тиіс болды. Ашаршылықка жол бермеу үшін Ван Ань-ши мемлекеттік камбалар ұйымдастырды. Онда сақталатын егін ашаршылык бола қалғанда халыққа үлестірілетін.
Өсімқорлықты шектеу мақсатымен Ван Ань-ши мемлекеттік банктер ашқызды. Шаруалар сол банктерден өкімет белгілеген өсіммен қарыз алатын болды. [3, 96 б].Ван Ань-ши сауданы толық мемлекет қарамағына алуға сәтсіз әрекет жасады. Ол сонымен қатар әскерде де үлкен өзгерістер енгізбек болды. Ол жалдамалы армияны жойып, жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізді. Әр үш отбасы бір жаяу әскер, әрбір он отбасы бір атты әскер жасақтап беруге тиіс болды.ХІІІ ғасырда көшпенділердің жаңа шабуылдары басталды. 1211 жыл Шыңғысханның әскері Шаньсиге енді. Бұған дейін моңғол әскері тангуттардың Батыс Ся мемлекетіне соғыс жүргізіп, қатал қарсылыққа тап болған еді. ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырдың басында Цзинь империясында үлкен өзгерістер болды. Чжурчендердің біразы отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналыса бастады. Чжурчендердің феодалдану процесі жүріп жатты. Чжурчендер алдыңғы әскери күшімен бірлігінен айрылды және монғолдармен соғыста жеңіліс тапты.
1215 жыл Шыңғысханның әскері Пекинге еніп, содан соң Шандунға, бір бөлігі Солтүстік –Шығысқа, Кореяға жылжыды. Тангуттардың Батыс Ся мемлекетін монғолдар 1227 жылы түбегейлі бағындырды және тангуттарды аяусыз өлтірді.
Батыс Сяның жойылуына Шыңғысханның өзі қатысты. Осы жорықтан қайтқаннан соң қайтыс болды. Солтүстік Қытайдағы соғыс 1234 жылға дейін созылды жене чжурчендердің жеңілісмен аяқталды. 1251 жылы Қытайға Хұбылай бастаған үлкен әскер жіберілді. Жорықтың бірінде Мөнке хан қатысып, Сычуанда қайтыс болды. Моңғолдар қытайлықтарды бағындырып көпшілік тұрғындарды еріксіз тұрғынға айналдырды. Оларды ауыл шаруашылығында, қолөнерде қолданды. Жеке меншік жер ұстайтын даньху мен кэхуңлердің жағдайы жақсы болатын. Олар егіннің көп бөлігін феодалдарға, чиновниктерге, монастрлерге беріп отырды. Жібек өнімдерін беріп, әртүрлі міндеткерліктерін атқарды. Қалалықтардың жағдайы өте ауыр болатын. Қытайдан көптеген қолөнершілер әкетілді. Қолөнершілер өз мамандықтарын тастап моңғол әскерлеріне ат әбзелдерін жасауға мәжбүр болды[4, 18 б].Моңғол билеушісінің қаржы саясаты шаруалардың, қолөнершілердің, саудагерлердің жағдайларын қиындатты. Қағаз ақшаларды шектен тыс шығара беру ХІV ғасырда инфляцияға әкеп соқты.
Басқарудың қытайлық жүйесін қабылдаған Хубилай Қытайдың билеуші тобын биліктен аластатты. Юань империясында қаржыны өзбек-Ахмед, әскерді Насыр-ад- дин және Масаргия басқарды.
Қытай тілін меңгерудің қиындығынан моңғолдар жаңа жазу енгізді, бірақ ол иероглифты өзгерте алмады.
Хубилайдың басқаруына наразы болған қытайлықтар жиі-жиі көтеріліс жасап отырды. 1282 жылы Хубилай жоқта атақты Ахмедті өлтірді.
Юань әулетінің билеушілері Қытайдың билеуші тобымен келісімге келуге мәжбүр болды. 1317 жылы ертеден келе жатқан емтихандық жүйені қалпына келтірді. Моңғолдар шамандықты ұстанды, бірақ шыдамдылықпен қарады. 1281 жылы Хубилай Жапонияға жете алмай жолда буряда апатқа ұшырады.ХІІІ ғасырдың 50 жылының өзінде-ақ Хубилай Дайвьетке енген болатын, бірақ күшті қарсыластыққа ұшырап еді. 80- жылдары тағы да шабуыл ұйымдастырылды, Дайвьетте партизан соғысы басталды да оларды жеңе алмады. 1289 жылы екі елдің дипломатиялық қатынастары қалпына келтірілді. Егін шаруашылығы құлдырады. Қалалары құлдырап, босап қалды. Елде наразылық күшейді. Наразылықтан қорыққан Юань билеушілері халыққа қару ұстауға тыйым салды[5, 118 б].Қозғалыс антимонғолдық, антифеодалдық сипатқа ие болды. “Ақ Лотос қоғамы” жаңа Қытай мемлекетін құруды және Сун билігін орнату идеясын ұсынды. Көтеріліс түгел Солтүстік Қытайды, Кайфынды, Датунды алып, қытай қорғанына дейін жетті. 1351 жылы көтеріліс Орталық Қытайды қамтыды Чжэцзян, Цзянси, Хубей провинцияларын бағындырды. Мұнда көтерілісті Чжу Юаньчжан басқарды. Көтерілісшілердің үлкен жеңістері монғол- қытай ақсүйектерінің бірігуіне жағдай жасады және көтерілісшілерге қарсы шықты. Чжу Юаньчжан Нанкинде орнықты. 1368 жылы Пекинді алады. Қытайды билеушілер әулеті солтүстікке қашып құтылады. Чжу Юаньчжан Нанкинде жаңа Мин әулетіңнің императоры болып жарияланады. Ол елді біріктіру үшін тағы 20 жыл соғыс жүргізді.
Монғол шапқыншылығы елдің шаруаларын әбден езді. Бай қалалар әбден тоналып, егін далалары тапталды.
Жерсіз шаруалар тауларда, су үстінде қайықтарда өмір сүрді. Чжу Юаньчжан конфуции оқымыстыларының кеңесіне сүйеніп елде аграрлық іс-шаралар жүргізді[6, 73 б].Елдегі әскери жағдайдан соң көптеген жерлерді мемлекет меншігі деп жариялап жіберді. Оңтүстіктегі Қытай помещиктері өз жерлерін жеке меншікке сақтап қалды. Солтүстікте жердің көпшілігі қазынаға, мемлекет меншігіне өтті, ал оңтүстікте жеке меншік сақталып қалды.Юань Әулеті – Қытайда билік жүргізген моңғол әулеті (13 – 14 ғасырларда). Әулеттің негізін Шыңғысханның немересі Құбылай қалады. 1206 ж. Орталық Азияны мекендеген көшпелі түркі-моңғол тайпаларын бағындырған Шыңғысхан 1211 – 15 ж. Қытайды жаулап алуды бастап берді, ал оның мирасқоры Үгедей хан 1234 ж. Солтүстік Қытайды толық бағындырды. ХІІІ ғасырдың 50-жылдарының соңына қарай Шыңғысхан империясы іс жүзінде бірнеше дербес мемлекеттерге бөлінді, солардың бірін Құбылай басқарды. Ол Қытайды жаулап алуды әрі қарай жалғастырды да өз мақсатына жету үшін мемлекет астанасын Қарақорымнан Дадуға (Пекинге) көшірді (1264). Алғашқыда бұл мемлекетке Моңғолия мен Солтүстік Қытай жері кірді. 1271 ж. Құбылай өз иелігіне “Юань“ деген ханзу (қытай) атауын берді. Оның әкімшілік жүйесі қытай үлгісінде жасалды. Бірақ сол кездегі саяси жағдайларға байланысты оның өзіндік ерекшеліктері де бар еді. Мысалы, Қарақорым мен Шанду (Ханбалчасун, кейіннен Кайпин) қалалары
Пекинмен бірдей астана саналды[7, 39 б].Ел аумағы жергілікті хатшылықтар (син-чжуншушэн) басқаратын 11 провинцияға бөлінді. Шаньдун, Шаньси, Хэбэе сынды аумақтардың біразы тікелей Сарай хатшылығына бағынды. Сондай-ақ кейбір моңғол ақсүйектерінің үлестік жерлері де орталық және жергілікті әкімшілік билікке бағынбады. Жоғарғы үкімет – чжуншушэн (сарай хатшылығы) болды. Хатшылыққа 6 мекеме бағынды. Императордың жанынан шенеуніктердің қызметін қадағалайтын “әскери кеңес“ (шумиюань) пен “цензорат“ (юйшитай) жұмыс істеді. Жоғарғы билік орындарында моңғолдар мен түрік тектес халықтардың өкілдері отырды. 1279 ж. Құбылай Оңтүстік Қытайдағы Сун империясын талқандап, Қытайды жаулап алуды аяқтады. ХІІІ ғасырдың 70 – 90 ж. Юань Әулеті тарапынан Вьетнам, Бирма, Тямпа, Жапония мен Яваға қарсы жорықтар жасалғанымен, бұл елдерді бағындыру мүмкін болмады. Корей мемлекеті Юань Әулетінің билігін мойындады, мұнда моңғол уәкілі отырды. Құбылайдың мирасқоры Темір (Тэмур) тұсында да (1295 – 1307) осы саясат өз жалғасын тапты. Бірақ ол қайтыс болғаннан кейін елде таққа талас басталып, берекесіздік орнады. 1308 – 1332 жылдары 8 император бірін-бірі алмастырды. Бұл берекесіздік Тоғон-Темір билік еткен жылдары (1333 – 1368) біршама тоқтағанымен, мемлекетте жергілікті қытайлардың көтерілістері басталды. 1351 – 68 жылдарды қамтыған бұл көтерілістің нәтижесінде Юань Әулетінің билігі құлатылып, орнына Мин әулеті келді. Юань Әулеті өкілдері Моңғолияға қашуға мәжбүр болды[8, 53 б].
IX ғасырдың аяғындағы шаруалар соғысы мен орталық биліктің әлсіреуі нәтижесінде XІІ ғасырдың басында Қытайда саяси бытыраңқылық орын алды. 907 ж. Тан әулеті тақтан тайдырылған соң бұл бытыраңқылық тіпті күшейе түсті. 960 жылға дейін бес әулет бірін-бірі ауыстырды. Олардың астанасы Кайфын (Дунцзин) қаласы болды (тек 923—936 жж. Лоян қаласы болды). 907—960 жж. аралығы тарихта «бес әулет және он патшалық кезеңі» деп аталды.Бұл әулеттердің билігі елдің солтүстігіне ғана тарады. Бұрынғы империяның аумағында бұл кезде 8 дербес мемлекеттер өмір сүрді.
Қытайда саяси дағдарыс орын алып жатқан кезде оның солтүстік-шығысында Маньчжурияның біраз бөлігін мекендеген көшпенді қидандердің тайпалық одағы күшейе түсті. [9, 44 б].907 ж. қидандар Қытайға шабуыл жасады. 916 ж. олардың көсемі Абаоцзи (Амбагянь) империяның құрылғанын жариялады. 926 ж. қидандар Бохай патшалығын басып алды. 947 ж. қидандар мемлекеті Ляо деп аталды. Ол мемлекет 1125 жылға дейін өмір сүрді. 937 жылдан бастап ол мемлекеттің астанасы Наньцзин (оңтүстік астана) қаласы (қазіргі Пекин) болды. Қидандар билігі Шаньси мен Хэбей провинцияларының солтүстігімен шектелді.Мемлекеттер аумағы халық көтерілістерінің аудандары:Цзиндіктердің Оңтүстік Сунга қарсы жорықтары;
Юэ Фэйдің чжурчжендерге (Изинь) карсы жорықтары;1211—1234 жж. моңғолдар жорықтары;1235—1280 жж. моңғолдар жорықтары;Ұлы Қытай қабырғасы;Ұлы канал болды.
Қытайдың қидандар билігі орнамаған бөлігі 960 жылға қарай Сун әулетінің (1279 жылға дейін билік құрған) қол астына бірігіп, шаруашылығын қалпына келтіре бастады. Сун әулетінің негізін Чжоу патшалығының талантты қолбасшысы Чжоу Куан-инь (927— 976) қалады. Жаңа әулеттің астанасы алғаш Бянь (қазіргі Кайфын), кейін — Шығыстағы Ханчжоу қаласы болды.993—997 жж. Ван Сяо-бо, Ли-Шуань жэне Чжан Юя басқарған көтерілістер болды.1005 ж. Қытай қидандардан жеңіліп, біраз жерінен айырылды. Қытай қидандарға жыл сайын салық төлеп тұруға мәжбүр болды.1040—1044 жж. Сун империясы Батыс Ся империясымен соғысты (бұл империя Қытайдың солтүстік-батысында 982—1227 жж. өмір сүрді. Алғаш Тангут мемлекеті деп аталды[10, 84 б].Астанасы Сячжоу (казіргі Синин) қаласы болды. Өкімет билігі Тоба әулетінің қолында болған). Соғыс бітім шартын жасаумен аяқталды. Шекара өзгеріссіз калды. Ся (Тангут) өкіметі Сун сарайына вассал деп танылды. Бірақ Қытай тангуттықтарға жыл сайын жібек мата, күміс, шай «сыйлап» отыруға тиіс болды.1169—1172, 1196—1199 жж. екі ел арасындағы соғыстар онан әрі жалғасты.1215 ж. чжурчжендердің Цзинь империясы құрылды. Қытай онымен одақтасып, Ляо империясынан солтүстіктегі 16 округтерін қайтарып алуға кірісті. 1223 жылға қарай Қытай ол округтердің біразьн қайтарып алды да, Қытай бұрынғы қидандарға төлейтін салығын енді чжурчжендерге төлеуге тиіс болды.1225 ж. Ляо империясы құлады. Енді чжурчжендер шапкыншылығы Қытайға қарай бұрылды. 1227 жылдың басында олар Сун империясының астанасын басып алды. Император тұтқындалып, солтүстікке әкетілді. Бірак императордың бір інісі — Чжао Гоу Кайфыннан тыс жерде жүріп, аман калған еді. Ол оңтүстікке қоныс аударып, император деп жарияланды. Ол басқарған мемлекет енді Оңтүстік Сун империясы деп аталды. Империяның астанасы Линьань (Ханчжоу) қаласы болды.Келесі 15 жыл бойы Цзинь империясы Оңтүстік Сунды да жаулап алуға, ал Оңтүстік Сун — чжурчженжер басып алған солтүстік аудандарды қайтарып алуға тырысты. 1234—1240 жж. Юэ Фэй басқарған Қытай әскері біраз жеңістерге де жетті.Бірақ сарайда канцлер Цинь Гуй басқарған топ басым болды. Ол топ Цзинь империясымен соғысудың қажеті жоқ, оны жеңу мүмкін емес деп санады. Сондықтан ол топ келіссөз жүргізуді жақтады. Майдандағы әскер басшылары астанаға шақырып алынды. Юэ Фэй өлтірілді[11, 39 б].
Ван Ань-шидің бұл шаралары шенеуніктер мен феодалдардың наразылығына әкелді. 1075 ж. ол қызметінен босатылды. Оның шаралары арамтамақтарды құртып, феодалдық мемлекетті нығайтуға бағытталса да «ел үшін қауіпті» деп табылды. Ван Ань-ши реформалары жойылғанымен Сун империясы нығайып кетпей, керісінше, құлдырай түсті. 1127—1132 жж. ірі-ірі 93 көтеріліс болды. 1211 жылы Солтүстік Қытайға оның байлығына қызыққан монгол әскерлері басып кірді. Чжурчжендер келісімге келуге шақырды. Жақсы қоршалған қалалар қамалын бұзуды меңгермеген Шыңғыс хан әскері біраз қиыншылықтарға ұшырады. Сол себепті моңғолдар келісімге көнді.
Бірақ көп ұзамай 1215 жылы олар уәдесін бұзып, Пекинді басып алды.Қытай халкы екіге бөлінді, бір тобы чжурчжендер жағында моңғолдарға қарсы соғысса, екінші тобы моңғолдар жағында чжурчжендер әулетіне қарсы соғысты. Оңтүстіктегі Сун сарайы моңғолдар жағына шығып, 1224 жылдан бастап /Цзинь императорына/ қазынаға салық төлеуін тоқтатты. 1226 жылга қарай моңғолдар Қытайдың көпшілік бөлігін жаулап алды. 1227 жылы Батыс СЯ патшалығын басып алды. Хэнаньдағы Кайфын т.б. қалалар ерлікпен шайқасты. Бірақ монғолдардың күші басым болды. 1234 жылы монғолдар Солтүстік Қытайды жаулап алуды аяқтады. Шыңғыс хан мен онын балалары Қытайдағы мемлекетті басқару әдісімен, түрімен жете танысып, оларды қабылдады.1258 жылы Хулагу Монғолиядан Месопотамияға жетіп, Бағдадты алғанда, Құбылай /1215—1294/ Оңтүстік Қытайда сундардың қайсар қарсылығына тап болды[14, 98 б].Ұлы Мөңке хан /1208—1259/ 1259 жылғы Оңтүстік Қытайды бағындыру үшін шайқастардың бірінде қайтыс болды. Оның орнына ұлы хан болып сайланған Құбылай /1259— 1294/астананыПекингекөшірді. 1271 жылы 18 желтоқсанда Құбылай қытайша Дай Юань деген атақ алып, сол әулеттің негізін қалады. Оңтүстік Қытайды жаулап алу 1279 жылы аяқталды. Хуаньчжоу /астанасы/ сол жылы алынды. Бірақ көптеген қытай отрядтары қарсыласуларын токтатпады, оларды сун ақсүйегі Вэнь Тяньсян басқарды. Ол өзінің барлық мал-мүлкін әскер жасақтауға жұмсады. Бірақ моңғолдықтар бұл қарсылықты 1280 жылы толық басып тастады.Құбылай биліктен қытайлықтарды тайдырғанымен, монғолдықтарды тарта алмады: олардың мемлекетті қытайша басқаруға дайындығы жоқ еді. Сондықтан үкімет құрамына сауатты арабтар мен еуропалықтар, түріктер мен сириялықтар көптеп енді. Мысалы, өзбек Ахмет — каржы министрі, араб Насыр-ад-дин Масаргия — әскер басшысы, еуропалық Марко Поло — губернатор болды. Пекинде бес мыңға жуық христиандар тұрды. Қытай жазуын, тілін өзгерту әрекеті сәтсіздікке ұшырады. 1281 жылы Құбылай даосс кітаптарын отқа жағу туралы жарлық шығарды. Ол будда дінінің толық үстемдігін көздеді.Бірақ қытайлықтардың көмегінсіз билікті қолда ұстап тұру мүмкін болмады. 1262 жылы бұрын моңғолдар жағына шыққан Шаньдундегі әскер басшысы Ли Дань көтеріліске шықты. 1282 жылы астанадағы көтеріліс кезінде қаржы министрі Ахмет өлтірілген соң шетелдіктердің көбі қашып кетті. Құбылайдың патшалығы кезінде Қытайдан:Жапонияға 1274—1281 жылдары;Вьетнамға 1257—1288 жылдары;Бирмаға 1277—1287 жылдары сәтсіз жорықтар жасалды. Құбылай өлген соң басшылық қызметке қытайлықтар көптеп тартыла бастады[15, 37 б].1295 жылы таққа Темур /1307 — жылға дейін/ отырды. Ол өлген соң 1308 жылдан 1332 жылға дейін сегіз император ауысты. Құбылай билігі кезінде ауыл шаруашылығы саласында біраз шаралар жүзеге асырылды. Астанада «Ауыл шарушылығының Бас Басқармасы», ал провинцияларда — ол басқарманың органдары кұрылды. 1271 ж. «Ауыл шаруашылық қауымдары туралы Ереже» қабылданды.
Ол Ереже бойынша әр 50 отбасынан тұратын қауымдар құрылды. Оларды ауыл шаруашылығы жұмыстарынан тәжірибесі мол ақсақалдар арасынан сайланатын староста басқарды. Олардың басты міндеті — салықтың көп және уақытылы жиналуын қамтамасыз ету болды.
Моңғол ақсүйектері мүмкіндігінше көп жерлерді шаруалармен бірге басып алуға, сөйтіп ол жерлерден неғұрлым көбірек табыс табуға тырысты. Қытай шаруаларына ауыр салықтар салынды.
Шаруалар үшін әсіресе жылқы салығы ауыр болды. Жылқы ауыл шаруашылығы жұмыстарындағы басты күш болатын. Монғолдықтар жергілікті халықтан жылқыны көп жинап алуға күш салды. Себебі жылқы әскер үшін, соғыс үшін қажет болды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы ауыр күйзеліске ұшырады.
Шаруа шаруашылығына ер адамдарды майдандағы қара жұмыстарға көптеп айдап кетіп отыру да зор зиян келтіретін. Жалпы он адамнан бір адам алынуға тиіс болатын, бірақ іс жүзінде моңғолдар қанша адам алғысы келсе, сонша адам алып отырды[16, 47 б].
Шаруалардың тұрмыс жағдайы шектен тыс ауырлап кетті. Будда храмдары мен монастырларының жерлеріне бұрынғысынша салық салынбады. Шаруалар аз қаналу үмітімен өз жерлерімен будда шіркеулерінің қарамағына өтіп кетуге тырысты. Сөйтіп, шіркеу феодалдары баи түсті. Ақыры 1327 ж. моңғол өкіметі монастырлардың шаруалар жерлерін сатып алуына тыйым салған жарлық шығарды.
Қолөнері мен сауда бірлестіктерінің онан әрі өсе түсуін моңғол басқыншылығытежей алмады. Марко Полоның/ХІІІ г. Венециандық саяхатшы/ дерегі бойынша Ханчжоуда 15 сауда қолөнер бірлестігі болған. Оның әркайсысы өз қоластына өте көп үйлерді біріктірді.
Моңғолдар билігі кезінде бұл бірлестіктер бұрынғыдан әлдеқайда көп еркіндіктер алып, онан әрі нығая түсті.
Қолөнершілер мен саудагерлер басқыншыларға тауарларының едәуір бөлігін тегін беруге мәжбүр болды. Кейін натуралды салық акшамен ауыстырылды. Қолөнершілер мен саудагерлерге салынатын салықтың мөлшері олардың мүліктерінің мөлшеріне байланысты болды. Моңғолдар салықты бірлестікке салатын, ал бірлестік ол салықты өз мүшелерінен өндіріп беретін.
Қытай жекелеген аудандарды басқаратын әскер басшыларының талантаражына салынды. Жергілікті жерді басқаратын моңғолдык әскер басы заңдармен, тіпті ұлы ханның жарлықтарымен де есептеспеді. Мұндай қанаудың күшеюі, талан тараждар қаражат саласына да зиянын тигізді.
Моңғолдықтар алғаш қағаз ақшалар шығарып, олардың құнын әр түрлі жарлықтар күшімен сақтап калуға тырысты. Бірақ бірте-бірте ол жарлықтар орындалмай, қолдан жасалған ақша көбейіп кетті, сөйтіп, ақша құнсызданды. Тауарлар қымбаттап, халықтың кайыршылануы күшейді.
XIІІ ғасырға қарай моңғол басқыншыларының Қытайдағы билігі әлсірей бастады. Біртұтас Моңғол империясының орнына бұл кезде төрт Моңғол
мемлекеті құрылған болатын. Моңғолияның өзімен Маньчжурия, Қытай, Тибет төртеуі сол мемлекеттердің бірі — «Ұлы хандар мемлекетінің» құрамына кірді.Биліктің әлсіреуі Қытайдағы моңғол аксүйектердің арасындағы алауыздық пен талас тартыстан асқына түсті. XIІІ ғасырда таққа үміткерлер арасындагы күрес шиеленісті.Қытай халқының басқыншыларға қарсы наразылығы күннен-күнге өсе түсті.Барлық ауыртпалық карапайым халықтың — шаруалар мен қолөнершілердің үлесіне түскендіктен ең алдымен шет елдік баскыншыларға қарсы наразылықты солар білдіретін. Қытай феодалдары да биліктен шеттетілгендігі үшін, жер иелігінен айырылып қалу қаупінің сакталғандығы үшін моңғол басқыншыларына наразы болды.1343 ж. Гуандун мен Хунанда ірі көтерілістер болды.
1348 ж. қытай қашқындарының флоты оңтүстіктегі теңізде үкімет флотын талқандады. Қытай халқының моңғол хандарымен ашық күресі, әсіресе XIІІ ғасырдың ортасында, Тоған-Темір билігі кезінде күшейді. Шаруалардың бұқаралык қозғалысына 1350—1351 жылдардағы табиғи апат — Хуанхэ өзенінің тасып, арнасынан шығып кетуі түрткі болды. Хэнань, Хэбэй және Шаньдун провинцияларының ұланғайыр аудандары судың астында қалды. Бұл апат халықтың шыдамын тауысты.1351 ж. Тоған-Темір қорғаныс дамбаларын тұрғызуға барлық халықты тартуға жарлық шығарды.
Халық құрылыс жұмыстарына шығудың орнына монғол ханына қарсы көтеріліске шыға бастады. Цзянсу провинциясындағы көтерілісті Ли Эр, Хубэй провинциясындағы көтерілісті Мын Хайма басқарды. Солтүстік шығыста «Бойлянь Цзяо» («Ақ лотос») деген құпия қоғам моңғолдарға қарсы үгіт-насихат жүргізіп, қастандық әрекеттер ұйымдастырды. Оның мүшелері Шандундегі көтеріліске қатысты.Моңғол басқыншыларына қарсы күресте Қытай тарихындағы әйгілі «Қызыл орамалдылар» көтерілісі шешуші рөл аткарды.
Олар бас киімдеріне қызыл шүберек байлап жүретіндіктен солай аталды.
Олардың құрған әскері «Қызыл әскерлер» деп аталып кетті / хун цзюнь/. Оның негізін «Ақ лотос» сектасының мүшелері құрады. «Қызыл әскерлерді» Лю Футун басқарды. Қызылдар Цзинань, Кайфын, Баодин, Датун қалаларын алып, астанаға қауіп төндірді[ .Хубейдегі көтерілісті император деп жарияланған, шыққан тегі жағынан шаруа Мин Юйчжень басқарды. Бірак бұл көтеріліс 1361 жылға қарай басылды. Көтерілісшілер арасында әсіресе аньхуэйлік Чжу Юаньчжан басқарған отряд өте зор табыстарға жетіп отырды. Ол отряд 1354 жылы құрылған еді. Бұл отрядтың қатарына талқандалған қызыл әскерлердің қалдықтары келіп қосылды. 1363 жылы Чжу Юаньчжан жасақшылары Янцызы алқабын басып алды.1368 жылы оның отряды Пекинді монғолдардан азат етті. Нанкинде Чжу Юаньчжан император деп жарияланды. Ол таққа отырған жаңа Мин әулетінің (1368—1644 жылдары) негізін қалады. Қытайдагы ең соңғы монғол әміршісі Төгон-Тимур /Шуньди/ елден кетуге мәжбүр болды.
Соғыс кезінде Чжу Юанчжан шаруаларды салықтардың көбінен босату туралы уәде берді.
Соғыс біткен соң бұрынғы монғолдық әулетке қараған жерлерді мемлекеттікі деп жариялады. Шаруалардың едәуір бөлігі жерге ие болып қалды. Шаруалардың бұрынғы қарыздары жойылды. Салықтар мөлшері азайтылды. Кейбіреулері салықтан уақытша босатылды. Тұқым, құрал-сайманды қарызға алды. Бос жатқан жерге қоныстанған шаруалар үкіметтен көлік ретінде ірі кара мал да алды. Бос қалған үйлер халыққа тегін берілді. Осы шаралар ауыл шарушылығының, шаруалардың жағдайын жақсартуға ықпал етті.
Цзиньнiң әулетi, Мин мемлекетінің құрылуы. Оның ішкі және сыртқы саясаты
Цзинь, Цзинь әулеті — Қытайдың солтүстігінде 1115 — 1234 ж. чжурчжэндер құрған мемлекет. Чжурчжэндер Қытайдың солт.-шығыс шекарасындағы Маньчжурияның Сунгари өз-нің бойын мекендеген тұңғыс-маньчжур тайпаларының бірі болған. Олар мал ш-мен, аңшылықпен айналысып, Қытаймен сауда жасап, жібекке, темір мен қару-жараққа өздерінің жылқыларын, темір-терсектерін, бұлғын елтірілерін, алтын тамыр мен өзен інжу маржанын айырбастады. Алайда қидандардың Ляо мемлекеті бағындырғаннан кейін олардың Қытаймен байланысы қиындап кетті. Чжурчжэндер 1115 ж. көсемі Агуданы император деп жариялап, Цзинь мемлекетінің негізін қалады. Оларға Гоби шөлінің шығысында тұрған моңғол тайпалары да бағынды және Цзинь билеушілерін Алтын хан деп атады. Маңындағы ұсақ көшпелі тайпаларды біріктіріп, күшейіп алған чжурчжэндер 12 ғ-дың басында Қытайды билеген Сун әулетіне қауіп төндірді. Сун үкіметі чжурчжэндермен келіссөз жүргізіп, оларды тағы бір күшті жауы қидандарға қарсы пайдаланып, айрылып қалған 16 округін қайтарып алуға тырысты. Чжурчжэндер де Ляо мемлекетімен соғыс жағдайында болатын.
1120 ж. Сун әулеті Ляо мемлекетімен соғысу үшін чжурчжэндермен одақ құрады. Осы одақтың нәтижесінде 1125 ж. Ляо мемлекеті біржолата талқандалды. Қидандардың көпшілігі қы-рылып, қалғандары батысқа ауып, Жетісу мен Ыстықкөл маңында Қарақытай мемлекетін құрды. Бұл соғыстардың нәтижесінде қытайлардың әлсіздігі байқалды. Осыны пайдаланған Цзинь мемлекеті Сун империясына соғыс ашып,
1126 ж. көктемде Хуанхэ өз. маңына келіп, сундар астаналарының бірі Кайфын қ-на қауіп төндірді. 15 жыл бойы Цзинь империясы мен Сун мемлекеті арасында соғыс жүрді. Кейін ішкі бірлігін сақтай алмаған Сун өкіметі Цзиньмен бейбіт келісімге келуге мәжбүр болды. Олар Хэбэй және Шаньси провинцияларының біраз бөлігін беріп, 200 мың лан алтын, 4 млн. лан күміс алым төлеуге келісті. Бірақ халық наразылығының күшеюіне байланысты соғыс қимылдары қайтадан басталды.
1126 ж. Сун әскері талқандалып, Кайфын қ. басып алынды. 1127 ж. басып алған жерлерде қытайлықтардың қуыршақ мемлекеті құрылып, билеушілікке сундық бұрынғы әкім тағайындалды. Ал Сун мемлекеті оңт-ке қоныс аударып, астанасын
болып, бұрынғысынан да ауыр шарттарға келісті. Екі мемлекет арасында әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. *1130 — 37 ж. Цзинь мемлекеті Сунмен күресу үшін қазіргі Шаньдун, Хэнань, Шаньси провинциялары жерінде, соңдай-ақ Аньхуйдың солт. мен Цзянси жерінде буферлік Ци мемлекетін құрды. Осы жер арқылы Янцзының төм. ағысындағы қытайлардың басты әскери күштеріне күйрете соққы берді. 1135-36ж. Цзиньмен бейбіт бітімге келуді жақтаушы Цинь Гуй бірінші министр қызметіне тағайындалды. Ол Сун императорын Цзиньмен бітімге келуге көндірді.
1142 ж. ұзаққа созылған соғыстардан әлсіреген Сун мемлекеті Цзиньмен бейбіт келісімге қол қойды. Сун императоры өзін Цзинь билеушісінің вассалы ретінде мойындап, оларға жыл сайын 300 мың күміс құйма және 300 мың кесек жібек мата беріп тұруға міндеттенді. Бұл келісімге сәйкес Цзинь мемлекеті басып алған барлық жерлерін қайтарды. Екі елдің арасындағы шекара Хуанхэ мен Янцзы өзендері аралығындағы Хуайшуй өз. болып белгіленді. Осындай келісімдер екі ел арасында 1164 — 68 ж. және 1208 ж. жасалды. Осыдан кейін екі мемлекет арасындағы қатынас кейде бейбіт, кейде дұшпандық жағдайда өрбіді. Цзинь мен Сун әулеті арасындағы ұзаққа созылған соғыстар Алтын ханға бұрыннан бағынышты болып келген моңғолдардың күшеюіне жағдай туғызды. 13 ғ-дан Цзинь мен Сун мемлекеттеріне ұзаққа созылған ішкі соғыстар нәтижесінде Шыңғыс ханның басшылығымен бір орт-қа біріккен түркі-моңғолдар қауіп төндіре бастады.
1211 — 15 ж. және 1234 ж. түркі-моңғолдар Цзинь мемлекетіне күшті соққы беріп, оларды біржолата талқандады. Сөйтіп, чжурчжэндердің Цзинь мемлекеті өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Жаңа император барлық жеке меншік және мемлекеттік жердің есебін қайта жүргізді. Есеп жүргізілген кездегі шаруалар сол отырған жерлеріне бекітілді.Қолөнершілер де елеулі жеңілдіктер алды. Қытай халқының алдына тұт ағашын, кендірді көп өсіру міндеті қойылды. Көпестердің тиімді сауда жасауына жағдай жасалды /еркін жүріп-тұруға рұқсат етілді, салық азайды.../. Сөйтіп, аудандар арасындағы экономикалық байланыс нығайды. Фарфор мануфактурасы мемлекет карамағына алынды. Онда басыбайлы шаруалар істеді. 1375 жылы жаңа қағаз акша шығарыла бастады. Кейін қайтадан металл акшаға көшті.1398 ж. Чжу Юань-чжан өлген соң сарай ақсүйектері таққа оның баласын отырғызбай, немересін отырғызды. Бірақ бұрынғы ұлы хан астанасы Даду (Ханбала) қаласын иемденуші ықпалды князь, Чжу Юань-чжанның баласы Чжу Ди 1403 ж. төңкеріс жасап, императорды тақтан түсірді де, өзін император деп жариялады. Чжу Ди өте белсенді сырткы саясат жүргізді.Ол саясат елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталды. Чжу Ди билігі кезінде монғол хандарымен күрес онан әрі жалғасты. Енді Қытай қорғаныс емес, шабуылға шықты. Бірақ Цю Фу басқарған Қытай әскері 1409 ж. Керулен өзеніндегі шайқаста моңғолдардан жеңіліп қалды. Келесі 1410 ж. қытай әскері Онон өзеніндегі шайқаста жеңіске жетті. Төле өзенінде Қытай әскері батыстық моңғолдар — ойраттарды талқандады.
XV ғасырдың басында Мин империясының ұланғайыр Темір державасымен қатынасы шиеленісті. Чжу Ди Темірге елшілік жіберіп, оның Қытайға тәуелділігін мойындауын, салық төлеп тұруын, жіберілген елші Анды тез кайтаруын талап етті. Ол талапқа жауап ретінде Темір кытай елшілігімен қоса сауда керуенін де кері қайтармай, ұстап қалды. 1404 жылдың қараша айында Темір Қытайға қарсы жорыққа аттанды. Бірак 1405ж. 18 ақпан күні Отырар қаласында Темір қайтыс болып, Қытайға жорық тоқтады.1405 ж. Қытай Вьетнамның біраз жерін басып алды, ал 1407 ж. оны толық бағындырып, 1427 жылға дейін өзінің бір провинциясына айналдырды.
1402—1404 жж. көптеген елшіліктер теңіздің арғы жағындағы елдерге, оның ішінде Индияға да жіберілді. Әсіресе атақты теңізде жүзуші, әрі саясаткер Чжен Хэ басқарған экспедиция кеңінен белгілі болды. 1403—1433 жж. адмирал Чжен Хэ басқарған 7 жорық:Индияға;Индонезияға;Шығыс Африкаға жасалды. Оның эскадрасы 30 мың жауынгері бар 48—62 кемеден кұрылды.1415 ж. орталык Азияға, Темірдің мұрагерлеріне үлкен елшілік жіберілді. Ондай елшіліктер 1411 ж. Манчьжурияға, 1412 ж. Индиядағы Джаунапур мен Дели князьдықтарына, 1415 ж. Тибетке, т.б. елдерге жіберілді. Бірақ бұл елшіліктердің табысы Чжен Хэнің елшілігінің табысынан әлдеқайда аз болды.1427 ж. Қытай әскері Вьетнамнан шығып, оның тәуелсіздігін мойындады. 1436 ж. Қытай барлық шет ел елшілерін елден қуды, өзінің алыс елдерге теңіз жорықтарын тоқтатты. 1449 ж. батыстық моңғол-ойраттар басшысы Есен Қытайға шабуыл жасады. Туму маңында ойраттыктар Қытай әскерін талқандады. Император тұтқынға түсіп, әскердің қолбасшысы қаза тапты. Бірақ Есен Қытайдың астанасын ала алмай, 1450 ж. кейін қайтты. Туму апатынан кейін Қытай барлық әскері күшін солтүстік-батысқа шоғырландырып, басқыншылық саясатын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет