Дәріс №1 Тақырыбы: Топырақ тану Мазмұны



бет1/3
Дата20.09.2022
өлшемі27,09 Kb.
#39576
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс


Дәріс № 1
Тақырыбы: Топырақ тану
Мазмұны

  1. Ауыл шаруашылық жұмыстары пәніне кіріспе.

  2. Тау жыныстарының кеуіп кетуі және топырақтың қалыптасуы.

  3. Топырақ, оның пайда болуы және жетілуі.

  4. Топырақтың физикалық қасиеттері.

  5. Топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролі

  6. Топырақ және оның құнарлығы туралы ұғым.

  7. Жер өңдеуді ғылыми негізі, өсімдіктердің өмір жағдайы және оларды реттеу тәсілдері.

  8. Армашөптермен күрес шаралары егін айналымы.

Қазакстанның жер көлемі үлкен болуына байланысты климаты, топырағы алуан түрлі болып келеді. Әйткенмен Қазақстан жерінің бәріне ортақ бір ерекшелігі бар, ол — жауыншашынның тапшылығы. Ылғалдың жетіспеуінен республикямыздьщ орталық, оңтүстікбатыс аймақтарының көп жерлерінде егіншілік шаруашылығы жоқ десе де болады.
Ылғалы мол түсетін, астық кептеп егілетін Қазақстанның сол түстік аймақтарын (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Целиноград, Павлодар облыстары) алсақ, орта есеппен алғанда жылына 250—350 мм жауын-шашын болады. (Бұл мөлшер Украина, Белоруссияның территориясына түсетін жауын-шашыннан 2 —> 2,5 есе аз.). Орташа алғанда 10 жылдың 4 жылында қатты қүрғақ-шылық болып түрады. Кейбір жылдары бұл аймақта жылу да жетіспей қалады, жазы кысқа, жаңбырлы жылдары астык. пісіп үлгермей, үсікке шалдығатын, қар астында қалатын кездер де болады.
Бүл аймақтың тағы бір ерекшелігі — желді, дауылды күндер жиі болып тұрады. Көктемде, жазда соғатын желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жакындағанда кара дауыл басталады, яғни, жел жыртылған жердің топырағын үшырып, жел эрозиясына ұшыратады. Эрозия кезінде топырақтың ең қүнарлы өте майда, органикалық заттары мол бөлшектері ұшып кетеді де, жердін, қүнарлылығы жойылады, алынатын өнім күрт төмендейді. Жерді осындай апаттан алып қалу үшін бүл аймақта егіншіліктің топырақ қорғауі жүйесі қолданылады. Топырақтағы ылғал мөлшерін молайту және; арамшөптерді күрту мақсатымен ауыспалы егістің бір танабы парға қалдырылады, яғни бул аймақта егіншіліктің экстенсивті' жүйесі қолданылады.
Ылғалдың тапшылығынан егіншіліктің осы жүйесі республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығысында, тау баурайында орналасқан аудандардың тәлімі жерлерінде де қолданылады (Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент облыстарының тауға жақын, тауі бөктерінде орналаскан жерлерде).
Егіншіліктің интёнсивті жүйесі республикамыздың суармалы жерлерінде қолданылады. Қазақстанда 2 млн гектардан астам су-армалы жер бар, бұл суармалы жерлердің 80 проценгінен астамы республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығысында орналасқан. Бұл жерлерге мақта, қызылша, темекі сияқты бағалы техникалық дакылдар егіледі, жүгері, күздік бидай сияқты өнімді көп беретін дәндік дақылдар және жемдік, көкеністік дақылдар орналастырылады.
Суармалы жерлерде пар болмайды. Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру үшін жоңышқа себіледі. Танапта 2—3 жыд жыл өсіп тұрған, жақсылап күтілген жоңышқа топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп қана қоймайды, әр гектардан 100 цент-нерге дейін өте сапалы, белогы мол мал азығын береді. Жоңышқадан кейін барлық дақылдар бірнеше жыл жақсы өседі.
Топырақ, оның пайда болуы және жетілуі. Топырақтану ғылымының негізін салушы, орыстың атақты ғалымы В.В. Докучаевтың сипаттамасына қарағанда
Топырақ - дегеніміз түрлі климат жағдайларының (жарық, жылылық, ауа, ылғалдық) әсерінен өсімдіктер мен жануарлардың, ал мәдени түрге келтірілгенде адамдардың да қатысуымен өңделген және
өзгерген мәдени өсімдіктерді қоректік заттарымен қамтамасыз ете алатын құнарлылығы бар жер бетінің ең жоғарғы қабаты.
Топырақтың физикалық қасиеттері - Су, ауа өткізгіштігі, су ұстағыштығы, топырақ түзуші қабатының түйіршік (механикалық) құрамы мен құрылымы ерекшілігіне байланысты.
Физикалық үгілу - жылудың, судың, ауаның әсерінен өздігінен үгітіледі. Тау жыныстары күндізгі күн сәулесінің қуатынан қызатын, ал түнде терң қабаттарымен салыстырғанда жыныстардың жоғарғы қабаттарының неғұрлым шапшаң сууынан жарылу әрекеті жүре бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет