Ф -ӘД-001/046
Дәріс № 1
Тақырыбы: Хордалылар типі. Басқаңқасыздар, личинкахордалылар тип
тармақтарына жалпы сипаттама . Жақсыз ауыздылар. Дөңгелек ауыздылар
класының систематикасы, құрылыстық ерекшеліктері, таралуы және
шаруашылық мәні
Дәрістің мақсаты мен міндеттері: Студенттерге хордалылар типі,
басқаңқасыздар, личинкахордалылар тип тармақтарына жалпы сипаттама ,
жақсыз ауыздылар, дөңгелек ауыздылар класының систематикасы,
құрылыстық ерекшеліктері , таралуы және шаруашылық мәніне тоқталу
Дәріс мазмұны :
Хордалылардың классификациясы.
Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді. Личинкахордалылар немесе
қабықшалылар ( tunikata), бассүйексіздер (acrania), бассүйектілер немесе
омыртқалы жануарлар (vertebrata немесе Craniata) тармақтары деп
аталынады.