Модуль 1. Физикалық және коллоидты химияның негізі
Дәріс №1.
Тақырып :
Жануарлар биохимиясы пәніне кіріспе
Сұрақтар
1. Биохимия жӛніндегі жалпы түсінік.
2. Биохимияның ХҮІ – ХІХ ғасырларда ғылым ретінде қалыптасуы.
3. Бихимиядағы қазіргі заман бағыттарының қалыптасуы мен дамуы.
1. Биохимия – тірі организмнің химиялық құрамы мен оның тіршілік етуін
қамтамасыз етуші химиялық процестер жӛніндегі ғылым. Биохимия деген термин
гректің «биос» - тіршілік және «химия» - заттардың құрамы мен ішкі құрылысы,
қасиеттері, ӛзара айналулары жӛніндегі ілім деген ұғымдардан алынған.
Зерттеу обьектілеріне қарай биохимияны адам биохимиясы мен медициналық
биохимия, жануарлар биохимиясы, ӛсімдіктер биохимиясы, микроорганизмдер
биохимиясы және вирустар биохимиясы деп бӛледі. Ал организмді зерттеу
бағыттарына қарай биохимияны статикалық, динамикалық және функционалдық деп
бӛледі.
Статикалық биохимия – зерттеу обьектісіне кіретін заттардың химиялық табиғаты
мен қасиеттерін оқып-үйретсе, динамикалық биохимия – организмге келіп түскен
заттардың, зат алмасуының ақырғы ӛнімі ретінде бӛліп шығарылуына дейінгі
ӛзгерістерді, ал функционалдық биохимия - организмнің тұтас күйіндегі мүшенің,
ұлпаның, клетканың физиологиялық қызметінің химиялық негізін үйретеді.
Биохимиялық тәсілдермен белгіленген кӛптеген заңдылықтар барлық тірі организмдер
үшін ортақ болып табылады және жалпы биохимия бӛлімінде оқытылса, жекелеген
мүшелерде ұлпалар мен клеткалардың биохимиялық ерекшеліктері жеке биохимияда
қарастырылады.
Биохимияның дамуы жалпы биология, гистология, цитология, генетика, физика,
биофизика, неорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, колоидтық және
биофизикалық химия, молекулярлық биология және физиология ғылымдарымен тығыз
байланысты. Биохимияны білу барлық клиникалық пәндерді игеруге негіз болады.
Кӛптеген биохимиялық зерттеулер нәтижелерінің қолданбалы маңызы бар. Сондықтан
клиникалық биохимия дербес салаға бӛлінген. Оның кӛмегімен диагноз қоюға болады
және нақтыланады. Әр түрлі аурулардың алдын алу шаралары белгіленіп жүргізіледі.
Тағам ӛнеркәсібінің кӛптеген түрлерінің, дәрілік заттар, мал шаруашылығы үшін
азықтық қоспалар алудың органикалық қосылыстардың және тағы басқа теориялық
негізі – техникалық биохимияда маңызы зор.
2.Алғашқы биохимиялық мәліметтер ӛте ертеден белгілі. Адамдар сол кездерден–
ақ биохимиялық үрдістерді біліп, нан пісіруде, сыра дайындауда, дәрілік заттар
дайындауда, тері илеуде, сірке қышқылын дайындауда қолданып келеді. Биохимияның
ғылым ретінде қалыптасуына қайта ӛрлеу дәуірінде жинақталған мәліметтердің
маңызы зор.
Леонардо да Винчи барлық тіршілік процестерінің оттегінің қатысымен жүретінін
алғашқы болып дәлелдеді. Осы кезеңдерде биохимияның бұдан әрі дамуына себеп
болған кӛптеген мәліметтер жинақталды. Я.П.Ван-Гельмонт ӛсімдіктер құрғақ
затының түзілуіне судың қатысатындығын дәлелдеген. Ол кӛмір қышқыл газын таза
күйінде бӛліп алды. Ас қорыту және несеп бӛлу процестерін суреттеп берді. Адамның
түрлі аурулары кезіндегі несептің тығыздығын анықтады. Ол «ауру дегеніміз – тірі
организм мен сыртқы орта арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы»,-деген тоқтамға келді.
Ю. Либих органикалық заттарды сандық талдауға арналған құрылғыны ойлап тапты.
Ол, тағамдық ӛнімдерді белоктар, кӛмірсулар, майлар деп бӛлуді ұсынды. ХІХ
ғасырдың І-ші ширегіне дейін биохимия жалпы химияның құрамында дамыды. Тірі
материяның құрылысы мен зат алмасуы реакцияның химизмі жӛніндегі мәліметтер
ХІХ ғасырдың І-ші жартысында кездейсоқ сипатта болды. Оны физиологтар,
химиктер, технологтар, дәрігерлер мен морфологтар ӛз тәжірибелерінде кездестіре
отырып, одан әрі дамытты. Биохимиялық мәліметтерді физиологтар тірі организмде
жүріп жататын кӛптеген процестерді анықтауда қолдана бастады. Сӛйтіп, биохимия
органикалық химиядан бірте-бірте бӛлініп, ӛз алдына сала ретінде физиологияның
құрамында дамыды. ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында физиологиялық химия
деп аталды. Осы кезеңдерде биохимияда заттардың химиялық табиғаты жӛніндегі
кӛптеген мәліметтер жинақталды. Ассимиляция және диссимиляция процестері
жӛнінде алғашқы ғылыми мәліметтер алынды. Зат аламасуының кӛптеген аралық және
ақырғы ӛнімдері анықталды. Биохимия бойынша алғашқы оқулықтар жасақталды. (И.
Зимон, Ю. Либих, А. И. Ходнев)
3.Биохимиядағы алғашқы оқулықтар жарық кӛргеннен кейін бұл сала қарқынды
дами бастады. Тірі дененің химиялық құрамы – клетка, ұлпа тұтас организмге дейін
нақты зерттеле бастады. Биохимиялық талдаудың жаңа әдістері жасақталды. Әртүрлі
жағдайдағы тірі организмдердің ассимиляция және диссимиляция реакцияларының
заңдылықтары нақты зерттелді. Биохимия физиологиядан бӛлініп, зерттеу обьектісінің
мақсатына қарай жеке салаларға сараланды.
Биохимиялық зерттеулер нәтижелері технология, медицина, ветеринария және мал
шаруашылығына кеңінен енгізіле бастады. Биохимияның Ресейде дамуында И.М.
Сеченов, И.П. Павлов еңбектерінің ықпалы зор болды. Ресейде биохимияның негізін
қалаушы А.Я.Данилевский болып саналады. Ол Ресейде ең алғашқы физиологиялық
мектеп құрып, бірталай үлкен зерттеулер жүргізді. Адам және жануар ұлпасының,
кӛптеген белоктардың құрамы, құрылысы, нақты қасиетері зерттелді. Динамикалық
биохимияның дамуында елеулі табыстарға қол жеткізілді. Орыс физиологиясы
мектебін қалаушы И.М. Сеченов тыныс алу химизмі мен физиологиясын нақты
зерттеп, сол процестерге азық құрамының органикалық қызмет күйінің, қоршаған орта
температурасының және басқа да факторлардың әсерін анықтады. Ресейде
биохимияның одан әрі дамуы И.П. Павлов еңбектерімен байланысты. Ол ӛзінің
шәкірттерімен бірге ас қорыту бойынша бірқатар зерттеулер кешенін жүргізсе, бұл
зерттеулер азық массасының қарапайым құрам бӛліктерге дейін ферментативтік
ыдырау процестерін бақылауға мүмкіндік берді. 1891 жылы Санкт-Петербургте
М.В.Ненцский алғашқы биохимиялық лаборотория ашты.
ХХ ғасырдың І-ші жартысында биохимияның қазіргі замандағы бағыттары – адам,
жануар, ӛсімдік, микроорганизмдер және вирустар биохимиясы қалыптасты.
Қазақстанда биохимия саласындағы зерттеу жұмыстары Республикадағы жоғары оқу
орындарының ұйымдастырылуымен және Ғылым Академиясының құрылуымен
байланысты. Биохимияға қатысты іргелі зерттеу жұмыстарын медицина саласында В.Б
Ильин-Кокуев, П.А. Верболович атқарды. Мал шаруашылығы саласында М.В. Красов,
І.Д.Ташмуханбетов, З.С. Сейітов зерттеу жүргізді. Ӛсімдіктер биохимиясы саласында
Қазақстан Ғылым академиясының академиктері М.И.Горяев, Т.Т. Дарханбаев, М.А.
Айтқожин
Республикалық
Ғылым
академиясының
корреспондент-мүшесі
Л.Қ.Қылышев және басқалар құнды зерттеу жұмыстарын іске асырды. Кеңестік
биохимиктер негізін қалаушы А.Н.Бах (1921 ж) Денсаулық сақтау халық
комиссариатының биохимия институтын 1935 жылы А.И.Упаринмен бірге КСРО
Ғылым
академиясының
биохимия
институтын
ұйымдастырды.
Ол
-
экспериментальдық ветеринария мемлекеттік институтының биохимия бӛлімшесінің
негізін қалаушы. (ГИЭВ, ВИЭВ)
Достарыңызбен бөлісу: |