Теломдық морфология. Теломдық теория классикалық морфологияның негізгі түсініктеріне, гүлдің бөліктерін жапырақтың метаморфозы ретінде қарастырғанға қарсы келеді. Қарсылықтың күштілігі сонша, соңғы кездері тіптен жаңа морфология туралы және бұрынғының толық ескіргені айтылып жүр. Мұндай пікір бұрында сөз болып келген. Теломдық теорияны дәлелдеуге 1917- 1920 ж.ж. жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ерекше қарапайым тобы риниофиттердің (псилофиттердің) ашылуы себеп болды. Шамасы риниофиттер папоротник тәрізділерге бастау берген, ал олардан ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдылар пайда болған. Девон дәуірінде өмір сүрген риния онша үлкен өсімдік болмаған, оның биіктігі 50 см-ден аспаған. Анатомиялық ерекшеліктері көрсеткендей (эпидерма, стела) ол күмәнсіз құрлықта өскен өсімдік болған, бірақта сыртқы және ішкі құрылыстары таңқаларлықтай қарапайым болған. Горизонталь бағытта өскен тамырсабағынан жоғары қарай тік, нашар дихотомиялы бұтақтанған сабақтары кеткен. Тамырсабақтарының сыртын бір клеткалы ризоидтары жауып тұрған. Нағыз тамырлары болмаған. Сабақтарының басында көпшілік жағдайда ұзындығы 12 см-дей болатын спорангилері жетіледі. Ринияда ешқандай жапырақта, немесе жапырақ тәрізді органда болмаған.
Псилофиттермен (риниофиттермен) танысу жапырақтың жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бастапқы (алғашқы) органы емес екендігін, ал олардың ұзақ уақыттар бойғы эволюциялық процестің нәтижесінде пайда болғандығын айқындап берді. Спорангилер филогенетикалық тұрғыдан қарағанда жапырақтан бұрын пайда болған. Теломдық көзқарасты жақтаушылардың бірі неміс ботанигі В. Циммерманның (1930,1965) пайымдауы бойынша жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлық органдары қарапайым органнан теломдардан пайда болған. Теломдар псилофиттердің дихотомиялық бұтақтанған системасының соңғы бұтағы болып саналады. Эволюциялық процестің барысында теломдар бірігіп стерильді және фертильді синтеломдар түзеді. Одан әрі стерильді синтеломдар жапыраққа және сабақтың осіне бөлінеді, ал фертильді теломдар спорофилдерге айналады. В.Циммерманның пайымдауы (тұжырымдауы) бойынша гүлдің пайда болу процесі, вегетативтік сабақтың пайда болу процесімен қатар (параллель) жүрген. Мұндай түсіндірмеден (трактовкадан) жапырақ пен сабақтың принциптік айырмашылығының, филогенетикалық тұрғыдан алғанда болмайтындығын байқау қиын емес. Шындығында жапырақты және өстік органдарды, (вегетативтік және геперативтік органдарға дифференциаланбаған бөлінбеген) теломдардың системасынан тарихи дамудың барысында пайда болған деп қарастырған жөн.
В. Циммерманның және оған жақын ғалымдардың гүлдің пайда болуы туралы көзқарастары стробилярлық теориямен толық сәйкес келеді, сондықтанда оны стробилярлық теория қабылдауы мүмкін. Ерекше атап өткен жөн, жоғарыда айтылған көзқарас бойынша ашық тұқымдылардың арғы тектерінің, яғни папоротник тәрізділердің жапырақты органдары ертеректе қалыптасқан болып шығады (вегетативтік жапырақтары және спорофилдері). Одан әрі эволюциялық процестердің барысында ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың вегетативтік жапырақтары мен спорофилдері ұзақ уақыттар бойы өзгерістерге ұшыраған. Сөйтіп ақырында олардың қазіргі кездегі вегетативтік және генеративтік органдары қалыптасқан.
Қорыта келе айта кеткен жөн, қазіргі кезде гүлдің құрылысына әртүрлі тұрғыдан қарайды. Келтірілген гипотезалар көп жағдайда қажетті көзқарасты білдіртетін біржақты ұғым береді. Бірақта олар келтірілген фактылардың бәрін бірдей стробилярлық теорияның және реналдық доктринаның (басқаша айтқанда көп жемістілердің аса қарапайымдылығы) тұрғысынан қанағаттандырарлықтай түсіндірілмегенін көрсетеді. Олар гүлді өсімдіктердің шығу тегі жөніндегі проблеманың әлі шешілмегендігін көрсетеді.
Ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың айырмашылықтарын көрсететін белгілер: Ж а б ы қ т ұ қ ы м д ы л а р А ш ы қ т ұ қ ы м д ы л а р
Спорофиті
1.Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер (бір-, екі- немесе көпжылдық)
2.Вегетативтік органдары көптеген әртүрлі гистологиялық элементтерден тұрады, түтіктері болады
3.Арнайы маманданған вегетативтік органдары болады түйнектері, баданалары, тамырсабақтары
4.Тұқым бүрлерін жеміс жапырақшалары жауып тұрады.
1.Ағаштар, сиректеу бұталар
2.Вегетативтік органдарының гистологиялық элементтері онша көп бола бермейді, көпшілігінің түтіктері болмайды.
3.Арнайы маманданған вегетативтік органдары болмайды
4.Тұқым бүрлері тұқымдық қабыршақтарының үстінде ашық жатады.
Гаметофиті
1.Аналық гаметофиті - сегіз клеткадан тұратын ұрық қабы
2.Аталық гаметофиті - тозаң, вегетативтік және генератив тік клеткалардан тұрады
1.Аналық гаметофиті- эндосперм және екі немесе оданда көбірек архегониялар
2.Толық гаметофиті - тозаң, бірнеше проталлиальды, антериальды және вегетативтік клеткалардан тұрады
Ұрықтануы
1.Қосарланып ұрықтанады, спермияның бірі жұмыртқа клеткасымен, ал екіншісі - екінші реттік ядромен қосылады
1. Бірақ рет ұрықтанады: - спермияның бірі архегонияның бірінің ішіндегі жұмыртқа клеткасымен қосылады
Тұқымы
1.Тұқымы тез пайда болады-3-4 аптадан бір вегетативті кезеңге дейін созылады.
2.Эндоспермі триплоидты(3п).
3.Ұрықтың 1-2 тұқым жарнағы болады.
4. Тұқым жемістің ішінде болады. -
1. Тұқымның пайда болуы өте жай жүреді,(1,5-2 жыл) тозаңдану мен ұрықтанудың арасы 13 айға дейін созылады.
2.Эндоспермі гаплоидты (п).
3.Ұрықтың тұқым жарнағы көп жағдайда екіден көп болады.
4. Тұқым тұқымдық қабыршақтың үстінде ашық жатады.
Маңызы. Біздің планетамыздың табиғатында жабық тұқымдылардың маңызы өте зор. Қазіргі кездегі жануарлар дүниесінің эволюциясы, әсіресе сүтқоректілердің және құстардың, адамдардың пайда болуы гүлді өсімдіктермен тікелей байланысты. Гүлді өсімдіктер пайда болғанға дейін жер бетінде қоректік заттар (азық-түлік) мұншалықты көп болмаған. Кейбір ашық тұқымдылардың дәндері мен сабақтары, папоротниктердің 2-3 түрінің тамырсабақтары сүтқоректілер мен құстарға жеткілікті мөлшердегі қажетті қоректік қор (база) бола қоймаған. Жабық тұқымдылар адамға тамақ, киім, үй, отын болған. Олардың көптеген түрлері арктикалық елдердің, шөлдің қатал құмдарының, сор топырақтардың, ағын және теңіз суларының қолайсыз (экстремальные условия) жағдайларында өмір сүруге бейімделген.