Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет46/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Жапырақтың формациясы, әртүрлі жапырақтылық (гетерофилия). Әдетте бір өркенде мөлшері, формасы, түсі жағынан әртүрлі болып келетін жапырақтар пайда болады.
Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына байланысты (қорғаныштық, қор жинайтын) жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Оларға тұқым жарнақтары, бүршіктердің қабықшалары, тамыр сабақтың, кейде жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктердің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Бұл осы түрге тән жапырақтар және осыған дейінгі формациясының жапырақтарынан айырмашылығы сол, оларда хлорофилл дәндері болады. Жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде (гүл шоғырында) орналасады. Бұлар жабындық жапырақтар, орама жапырақтар және т.б. Олардың барлығы, әдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды, боялған немесе түссіз болып келеді.
Өсімдіктердің жапырақтарын сөз еткенде, жапырақтың ортаңғы формациясы жөнінде әңгіме болады. Кейде бір өркеннің ортаңғы жапырақтарының өзінің бір- бірінен формасы жағынан айқын айырмашылығы болады. Мысалы, су өсімдіктерінің, су асты жүзіп жүретін және су беті жапырақтарының морфологиялық тұрғыдан бір- бірінен айқын айырмашылығы болады. Бұл жағдай әртүрлі жапырақтылық (гетерофилия) деп аталады.
Жапырақтың бөліктері. Өсімдіктердің көпшілігінің жапырақтары сағақтары арқылы (сағақты жапырақ) сабаққа бекінген, азды көпті жалпақ тақтадан тұрады. Сағақ жапырақ тақтасын күннің жарығына қарай бағыттайды. Егер сағағы болмаса, онда мұндай жапырақты отырмалы деп атайды. Егер отырмалы жапырақтың тақтасының біраз бөлігі сабаққа жабысып өскен болса, онда мұндай жапырақты қозғалмайтын (нисбегающий) деп атайды. Көп жағдайда сағақтың түп жағында бір пар бүйірлік өсінділері- жапырақ серіктері (прилистники) болады. Әдетте олар жапырақ тақтасынан кіші болады. Бірақ кейбір өсімдіктердің жапырақ серіктері жапырақ тақтасынан үлкен болады және жапырақпен бірдей қызмет атқарады (бұршақ тұқым-дастары). Егер жапырақ серіктері біріккен болса, онда жапырақ қынапшасы (раструб) түзіледі (гречиха гүлділер). Кейде сағақтың түп жағы кеңейіп, сабақты түгелдей орай қамтитын влагалищеге айналады (ша-тыргүлділер). Астық тұқым-дастарының жапырақтары, ұзын түтік тәрізді влагалищеден және жіңішке жапырақ тақтасынан тұрады. Тақтаның түп жағында жарғақ тәрізді тілшесі болады, ал кейде оның екі бүйірінен екі құлақша пайда болады.
Жүйкеленуі. Жүйкеленудің мынадай типтері белгілі. Қарапайым жүйкелену - бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін тек бір ғана жүйке (өткізгіш шоқ) өтеді; жүйкеленудің мұндай түрі жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерге (мүк тәрізділерге, плуан тәрізділерге) жалаңаш тұқымдылардың көпшілігіне (қылқан жапырақтарға) және кейбір жабық тұқымдыларға (элодея) тән.
Дихотомиялық жүйкелену - бұл жағдайда жапырақтың жүйкелері аша тәрізді болып тармақталады; жүйкеленудің мұндай түрі тұқымды өсімдіктердің ішіндегі гинкгоға тән (жалаңаш тұқымдылардың ішіндегі жалпақ жапырақтылардың бірі).
Торлы жүйкелену - бұл жағдайда бір немесе бірнеше үлкен жүйкелер көптеген бүйірлік тармақтар береді, нәтижесінде олардан қалың тор түзіледі. Жүйкелердің бұл типі табиғатта аса кең таралған; торлы жүйкеленудің қауырсынды және саусақ салалы түрлеріде болады.
Доғалы және параллель жүйкелену - бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін бірнеше мөлшері жағынан бірдей, жан- жаққа бүйірлік тармақтар бермейтін жүйкелер өтеді; бір жағдайда олар тек параллель (астық тұқымдасында, қияқ тұқымдасында), ал екінші жағдайда- доға тәрізді болып келеді (ландыш, бақажапырақ).
Жапырақтың алуан түрлілігі. Жапырақтарды жай және күрделі деп екіге бөледі. Егер бір сағаққа (тұтас немесе азды- көпті шетінде ойыстары бар) бір ғана жапырақ тақтасы орналасқан болса, онда мұндай жапырақтарды жай жапырақтарға жатқызады. Ағаштарда олар күзде түсіп қалып отырады, ал шөптесін өсімдіктерде көп жағдайда сол өсімдіктердің сабағымен өліп отырады. Егер бір сағаққа бірнеше жапырақ тақтасы (екі немесе одан да көп) орналасқан болса, онда мұндай жапырақтарды күрделі жапырақтарға жатқызады. Осыған байланысты күрделі жапырақ бірден түспейді, оның жеке- жеке бөліктері біртіндеп түседі. Алдымен әдетте жапырақшалары, содан соң сағағы түседі.
Жай жапырақтар шөптесін өсімдіктердің барлығына дерлік, ал ағаштар мен бұталардың басым көпшілігіне тән. Жапырақтарды, олардың көптеген белгілерін ескере отырып классификациялайды. Олардың бірқатарын осында келтіреміз.
Тақтасы тұтас болып келетін жапырақтар: тақтасының формасына қарай- жұмыртқа тәрізді, дөңгелек, ланцет тәрізді, элипс тәрізді, сопақша, таспа тәрізді және т.б.; тақтасының жоғарғы ұшының формасына қарай- доғал, үшкір, үшкірлеу, ұшы ғана үшкір, ойыстау; тақтасының түп жағының формасына қарай- жүрек тәрізді, жұмыр, сына тәрізді, садақ тәрізді, сүңгі тәрізді (копье); тақтасының шеттерінің формасына қарай - шеттері тегіс, ара тәрізді, екі қатар ара тәрізді, тіс тәрізді, дөңес, ойыс болып келеді.
Тақтасының шеті ойық болып келетін жапырақтар: ойығының тереңдігіне байланысты - қалақты (ойығы жапырақ тақтасының жартысының енінің 4/1 -нен аспайды), жекелей тілімделген (ойығы жапырақ тақтасының жартысының 3/1-не дейін жетеді немесе оданда көптеу болады), бөлінген (ойығы жапырақтың негізгі жүйкесіне дейін жетеді), ойықтарының орналасуына қарай- үш құлақ, саусақ салалы, күрделі қауырсынды болып бөлінеді.
Егер қауырсынды бөлінген (тілімділген) жапырақтың үлкен бөлігі кішкентай бөлігімен алмасып келіп отырса, онда оны үзік қауырсынды бөлінген жапырақ деп атайды (картофель). Кейде жапырақ тақтасы екі рет немесе бірнеше рет бөлінген болады (мыңжапырақ, укроп).
Күрделі жапырақтар, жапырақшаларының сағаққа орналасуына қарай классификацияланады: күрделі саусақ салалы- жапырақшалары сағақтың басында бірдей деңгейде және азды- көпті радиальды бағытта шашыраңқы орналысады. Күрделі қауырсынды- жапырақшалары сағақтың ұзына бойына екі жағынан бірдей орналасады және оның жоғарғы үші бір жапырақшамен (парсыз қауырсындалған) немесе екі жапырақшамен аяқталуы мүмкін (парымен қауырсындалған); үш құлақ жапырақ- мұндай жапырақтың сағағында тек үштен ғана жапырақша орналасады. Күрделі қауырсынды жапырақтың конструкциясы кейде біршама күрделі болады- екі рет және бірнеше рет күрделі қауырсындалған болып келеді.
Жалаңаш тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың жапырақтарларының қарапайым формасы тұтас немесе қалақты жай жапырақтар болып келеді. Қатты бөлінген (тілімделген) және күрделі жапырақтар кейіндеу пайда болған. Қосалқы жапырақтар қарапайымдылықтың белгісі ретінде қарастырылады. Жүйкеленудің қарапайым типіне жай және дихтомиялық жүйкеленулер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет