Өздік бақылаудың сұрақтары:
1.
Топырақтың жүйелілігі және жіктелуі.
2.
Жер бетінде топырақтың географиялық таралу задылықтары және
қоршаған ортаның экологиялық факторларымен байланысы.
3.
Топырақтардың көлденен зоналылығы.
4.
Топырақтардың тік зоналылығы.
5.
Интразоналдық топырақтар және олардың ерекшеліктері.
6.
Дүние жүзінің топырақ жамылғысы. Тропикалық, субтропикалық,
суббореалдық, бореалдық, полярлық белдеулердің топырақтары.
әлемнің топырақ ресурстары.
Ұсынылатын әдебиет
Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы,
2009. – 276 б.
Никольский Н.Н. Почвоведение. - М., 1963.
Почвоведение/Под ред. А.С. Фатьянова. – М.,1972.
Почвоведение/Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1969, 1975, 1982.
Почвоведение/Под ред. А.А. Роде. – М., 1972.
Почвоведение/Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова.-М.,1988.
Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения.- М.,1999.
Тулеугалиева
С.С.
Краткий
курс
лекций
по
почвоведению.-
Семипалатинск,2008.
6-9 Тақырыбтары: ««Топырақ типтері таралуына шолу. Топырақ
географиясының жалпы заңдылықтары. Қазақстан топырақтары.»
Мақсаты: астыда көрсетілген негізгі сұрақтар және олардың
қысқаша мазмұныбойынша білімдерді игеру:
1.
Шөлейттің құба топырағы. Шөл зонасының топырақтары. Шөлді
сұр-құбы топырағы, тақырлар. Сортаң, кебірлер, солодтар.
2.
Субтропиктік құрғақ дала, тау етегі, шөлді боз топырағы.
3.
Тау топырағы. Құрғақ субтропиктік даланың сұр-күрең топырағы.
Қызыл, сары топырақтар.
4.
Ауыспалы – ылғалды ксерофитты-орман және саванналық
субтропикалық және тропикалық облыстардың топырақтары.
1.
ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
Қазақстанның топырақ жамылғысы тым күрделі және сан алуан. Республика
аумағында таралған топырақ түрлері топырақ түзуші факторлармен тығыз
байланысты, сондықтан топырақ түрлерініңтиicтігеографиялық заңдылықтарға сай
орналасуын анықтау онша көп қиындық тұғызбайды. Республиканың жазық
бөлігінде ендік немесе горизонтал зоналық айқын байқалады, яғни белгілі топырақ
типін құрайтын аймақ ендік бағытында созыла орналасып, зона түрінде
солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын басқа топырақ типімен ауысып отырады.
Бұл құбылыс басты топырақ түзуші факторлармен (өсімдік жамылғысына және
климатқа) тығыз байланыста жүреді.
Қазақстанның жазық аймағын 4 табиғат зонасы (орманды дала, дала, шөлейт
және шөл) кесіпөтеді. Жазықтарда қаратопырақ (чернозем), күңгірт-күрең (темно-
каштановый), күрең (каштановый), ашық-күрең (светло-каштановый), құба (бурый)
және сұр-құба (серо-бурый) топырақ зоналары таралған. Топырақтың ендік
(горизонтал) бағытта орналасқан топырақ зоналарыныңішінде зона тармақтары
айқын байқалады.Республиканыңқиыр солтүстіктігіндегі СолтүстікҚазақстан және
Көкшетау облыстары жеріндегі орманды дала зонасының шағын бөлігінде
орманның сұр топырағы таралған. Қара топырақ зонасы республиканың солтүстік
және солтүстік-шығыс бөлігін, яғни 52° солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай,
негізінен Қостанай, Торғай, Ақмола, СолтүстікҚазақстан, Ақтөбе, Павлодар және
Көкшетау облыстарының бірталай бөлігін алып жатыр. Бұл зона республика
аумағының 9,5% қамтиды. Қара топырақты зона сілтісізденген қаратопырақ,
кәдімгіқаратопырақ және оңтүстіктіңқаратопырағы зона тармақтарына жіктеледі.
Сілтісізденген қаратопырақ республиканыңқиыр солтүстігіндегі орманды дала ай-
мағының шағын ғана ауданын (0,4 млн. га) алып жатыр. Бұлардың аралығында
орманның сұр топырағы кездеседі. Оңтүстікке қарай, қоныржай қуаң далада,
Қазақстан топырағының 4,6% мөлшерін қамтитын кәдімгіқаратопырақ зона
тармағы орналасқан. Оны оңтүстіктіңқаратопырағы зона тармағы ауыстырады,
оның ауданыкәдімгіқаратопырақ зона тармағымен шамалас (4,9%). Қара то-
пырақ53° солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай күрең топырақпен алмасады. Бұл
зона батыстан шығыска қарай енікейде 700 км-ге жeтeтiн тұтас жалпақ жолақ
жасап, созыла орналасқан. Мұндай топырақ түрлері Каспий маңы ойпатының
солтүстік бөлігінде, Жем үстіртініңбipaз бөлігінде, Торғай үстіртінің оңтүстік
бөлігінде, Сарыарқада және т.б. жерлерде кен таралған.
Күрең топырақ Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Орал, Қостанай, Торғай,
облыстарында басым. Топырақтың бұл түрінің жалпы үлeci 34,3%. Күрең топырақ
аймағы да бірқатар зона тармақтарына бөлінеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай
күңгірт-күрең топырақ күрең топырақпен, ол одан әpi ашық-күрең топырақпен
алмасады. Бұлар Қазақстан топырағының 10,5 %-ке дейінгі бөлігінқамтиды.
Күңгipт-күрең және күрең топырақ түрлеріқұрғақ зона тармағында, ал ашық-күрең
топырақ шөлейт зоналарда қалып-тасқан. 48° солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай
шөл зонасы басталады, мұнда құба және сұр-құба топырақтар кеңінен таралған. То-
пырақ типтерінің бұлайша алмасуы жауын-шашын максимумының көктемгі және
қысқы маусымдарға алмасуымен және жусанды-ас-тық тұқымдас өсімдік
жамылғысының жусанды-сораңды өсімдік жамылғысына алмасуына сай келеді.
Мұндағы құба және сұр-құба топырақтар республика аумағының көп
бөлігінқамтып (43,6%), Үcтipт, Каспий маңы ойпаты, Торғай төрткүлдіөлкесі,
Бетпақдала және басқа ipi ойпаттарда үлкен массивтер түрінде таралған. Құба және
сұр-құба топырақтар зонасы республика шегінде тұтас аумаққұрап, солтүстігінде
ашық-күрең, ал оңтүстігінде тау алдының сұр топырақ типтері аралығында
орналасқан. Кеңестік кей ғалымдар құба топырақты шөлейт зонаға, ал сұр-құба
топырақты шөл зонасына жатқызады. Қазақстан топырақ тану мамандары құба
топырақты шөл зонасының негізгі зоналық типіне жатқызады. Құба топырақ зонасы
2 зона тармақтарына - шөл аймағының солтүстігін қамтитын құба топырақты
(республика зонасының 21,6%) және оңтүстік шөлдердегі сұр-құба топырақты
(республика зонасының 22% алып жатыр) өңірлерге бөлінеді. Шөлді аудандардағы
көктемде су жиналатын тегістелген ойпаңдарда тақыр немесе тәріздес топырақтар
дамыған. Бұл топырақ типініңбeтi полигоналды пішіндегі пластинкаларға бөлініп
жарылған саз қабыршықтарынан тұрады. Топырақтың бұндай түрлері Шу, Сыр-
дария, Іле және т.б. өзендерінің төменгі ағыстарында, құба және сұр-құба топырақ
араларында кездеседі.Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарында кең көлемде
құм және кәдімгіқұмды топырақ таралған. Топырақтың бұндай түрлері Атырау
облысының 16%, Орал облысының 10%, Семей, Қарағанды, Жезқазган,
Қызылорда,
Шымкент,
Жамбыл,
Алматы
және
Талдықорған
облыстарыныңбipaзбөліктерін алып жатыр.
Топырақтың зоналық таралу заңдылығымен қатар, Қазақстан топырақ
жамылғысында өзіндік ерекшеліктер байқалады. Бұл жағдай батыстан шығысқа
қарай
климаттың
континенталдығы
өзгеруімен,
мезо-
жәнемикрожербедеріпішіндері
арасындағы
айырмашылықтардан,
аналық
топыраққалыптастырушы жыныстар сипатынан және т.б. факторлардан көрінеді.
Топыраққалыптастырушы
факторлардың
алуандығы
Қазақстан
топырақ
жамылғысының ала-құлалығын арттырады. Қазақстанныңқуаң климаттың
жағдайларында автоморфтық (зоналық) топырақтармен қатар топыраққалыптасу
үрдісіне грунт сулары қатысатын - гидроморфты топырақтар да қалыптасады.
Тапшы су режимдерінен және жер асты суы минерализациясының шамадан тыс
артуынан Қазақстанның көпшілік бөлігінде сортаң топырақтар дамыған. Тұздың
сапалыққұрамыныңәр түрлігінен, олардың миграциясы мен жинақталу
қарқындылығының артуынан сортаң топырақтардың көптеген түрлері туындайды.
Қазақстанда топырақтың бұндай түрлерінен сортаңдар мен кебірлер кең таралған.
Сортаңдар мен кебірлер Қазақстанның жазық зоналарының барлық бөліктерінде
кеңінен кездеседі. Бұнымен қатар кебірлер дала және шөлейт зоналарына, ал
сортаңдар шөл зонасына ұласып кетеді. Сортаңдардың едәуір бөлігі күңгірт-күрең
және күрең топырақ зоналарында да аралас және өз алдына жеке массивтер құрап
орналасады. Қазақстан аумағында кeбipлep мен олардың кешендері 30%-тен астам
жерлердіқамтиды. Шөлейт және шөл зоналарында сортаңдар ipi массивтер түрінде
Каспий теңізі жағалауында, Арал теңізі және Балқаш маңында, сонымен қатар
кеуіпқалған көлдер түбінде кездеседі. Сортаңдар ауданының жалпы өсу
тенденциясы байқалуда. Жамбыл облысы жерінің 16,7%-ы сортаңдардан құралған.
Сортаңдар сонымен қатар Атырау, Маңғыстау және т.б. облыстарда да жиі
таралған. Сортаңдар және олардың ке-шендерінің республикадағы жалпы ауданы
10 млн. гектарга жуық. Республиканың солтүстік бөлігінде Ақмола, Павлодар,
Көкшетау облыстарындағы көктеректі-қайыңды, қарағайлы шоқ ормандарында
ылғалдылығы жоғары сортаңдар кездеседі.
Қазақстанныңөзен аңғарларында су режиміәсерінен қалыптасқан топырақ
түрлері таралған. Өзен жайылмаларында тоспалардың жыл сайын қабатталып
жиналуынан құралған жайылмалыққабат орналасқан. Өзен арнасынан қашықтаған
сайын шымдану үpдici артып, жайылма маңының шалғындық топырақтары
қалыптасады. Өзен жайылмалары топырағыныңқалыптасуына қатысатын аллювий
үрдістерімен қатар мұнда зоналық факторлардың да іcepi байқалады. Топырақтың
мұндай типтерінің сортаңдану және сілтісіздену дәрежесі дала аймағына қарай
артады, сонымен қатар осы бағытта топырақтағы қарашірік мөлшері де кемиді.
Өзен аңғарларының топырағы су мен тұздың айрықша режиміне сай қалыптасқан.
Қазақстан аумағының 1/10 мөлшеріне жуығын таулы аудандар алып жатыр.
Тау беткейлерінде қалыптасқан топырақ жамылғысының жазықтардағы
топырақтарға қарағанда елеулі айырмашылығы бар. Таулардың биіктігі мен
беткейлердіңқиялығы артқан сайын топырақ жамылғысының беткіқабатының
шайылу қарқыны да соғұрлым күшейеді. Биіктікке байланысты топырақ
типтеріөзгереді. Сондықтан топырақтиптepi тау беткейлерін айнала қоршай
орналасып, вертикалды бағытта ауысып отырады. Топырақтың вертикалды зона
бойынша таралу сипаты ендік бағыттағы топырақ зоналарына сай келеді. Тянь-
Шань таулы аймағы топырағыныңқалыптасуына оның оңтүстікте, шөлаймағында
орналасуы әсер етеді; соған байланысты таулы зонаның вертикалды аймағы шөлдік
топырақ жамылғысынан басталады. Ал солтүстікке таман орналасқан дала
аймағындағы Алтай тауларының вертикалды аймағы далалық топырақ типтерінен
басталады. Қазақстанның таулы бөлігінде шөл аймағы мен көп жылдыққар
аймағына дейінгі ортада толып жатқан таулық топырақ типтері - сұр, коңыр, күрең,
шалғындық-далалық күрең, қаратопырақ, сілтісізденген қаратопырақ және т.б.
түрлер таралған. Таулы аудандардың солтүстік және оңтүстік беткейлеріндегі
топырақ жамылғыларының таралуында көп айырмашылықтар байқалады.
Жазықтар топырақтары
Республиканың жазық бөлігінде топырақ жамылғысы ендік бойымен
горизонталдық зона құрап таралады. Мұнда қаратопырақ, күңгірт-күрең, күрең,
ашық-күрең, құба, сұр-құба топырақ типтepi басымырақ келеді. Зоналардың
топырақ жамылғыларындағы кебірлік және сортаңдық дәрежесі біркелкі болмайды.
Соған байланысты республиканың жазық бөлігінің топырақ жамылғысында ала-
құлалық және кешендік сипат байқалады. Жазық бөлікте кеңірек таралған кебірлер,
сортаңдар және ылғалды сортаңдардан басқалары солтүстіктен оңтүстікке қарай
зоналық орналасу тәртібі бойынша сипатталады.
Сортаңдар Қазақстанның жазық бөлігіндегі барлық зоналарда таралған.
Республикада сортаң және оның басым келетін кешендерінің жалпы ауданы 10 млн.
га шамасындай. Сортаңдардыңқалыптасуы көне және қaзipгi тұз жиналу үрдісімен
(түсетін атмосфералық жауын-шашыннан булану мөлшерінің артық болуынан)
байланысты болады. Сортаңдардың көлденеңқимасыныңөн бойында жеңіл еритін
тұз көптеп жиналған (әсіресе топырақтың беткіқабатында), ал генетикалық
горизонттар (қарашіріктік, өтпелі горизоттар және топыраққұраушы жыныстар)
нашар ажыратылады. Топырақтыңқарашіріктілігі жоғаргы горизонттарда 0,5%-тен
3%-ке дейін және одан да жоғарырақ мөлшерге ауытқьш отырады, реакциясы баяу
сілтіліктен күшті сілтілікке дейінгі орта болады. Тұз жиналу си-патына қарай
сортаңдар хлорлы, сульфатты, содалы және аралас түрлерге бөлінеді.
Сортаңдардың тұз жиналған беткіқабаттарының морфологиялық ерекшеліктеріне
қарай қабыршақты, кеуекті және т.б. түрлері болады. Гидроморфтық сортаңдар жер
асты суы жақынырақ жатқан жерлерде қалыптасқан. Олардың көлденеңқимасы
горизонттарға нашар ажыратылады. Шалғындық сортаңдар республиканың
солтүстік аудандарындағы өзен жайылмаларында және көл террасаларының кейбір
беліктерінде жиі кездеседі. Бұлардың көлденеңқимасы горизонттарға айқынырақ
ажыратылады. Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Арал мен Балқаш көлі
маңында, тартылып кеуіпқалган көлдер түбінде және өзендердіңқұрғақ
арналарында сортаңданған жыныстардың жер бетіне шығып жатқан аудандарында
қалдық сортаңдар дамыған. Суландыру жұмысы дұрыс жолға қойылмау
салдарынан жер асты суының деңгейі көтеріліп, топырақтың беткіқабатында қайта
тұз жиналып, сорға айналу үpдici екіншіқайтара жүреді. Сортаңға айналу
дәрежесінің жалпы өсу тенденциясы қуаңшылықтың арту бағытына да байланысты.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай содалы-сульфатты және сульфаттысортандар
сульфатты-хлорлы және хлорлы тұз жиналумен алмасады. Бұл жалпы
заңдылықөзен атырауларында бұзылады. Мысалы, Сырдария өзенінің атырауында
хлорлы тұз жиналудың орнына хлорлы-сульфатты, ал Іле өзенінің атырауында
содалы-сульфатты және сульфатты тұз жиналуы басымырақ келеді. Сортаңданған
топырақтарды шаруашылыққа пайдалану үшін алдымен топырақтағы көп
мөлшердегі тұзды шаю керек. Тым сортаңданған топырақтарды шаю қaзipгi
уақытта күpiшeгiciнегу арқылы icкe асырылып жұр. Негізінен сортаңдар тек
табиғи жайылым ретінде ғана пайдалынады.
Кебірлер Қазақстан аумағында кең таралған. Топырақтың бұл түpi орманды
дала, дала, шөлейт зоналарында, сонымен қатар шөл зонасыныңсолтүстік бөлігінде
кездеседі. Кебірлер көпшілік жағдайларда топырақ кешендерінің негізгі
компоненттерінқұрайды, кейбір жағдайда өз алдына жеке массивтер күйінде
таралады, республика аумағындағы таралу сипаты зоналық заңдылыққа бағынады.
Солтүстіктен оңтүстікке, қара топырақты даладан шөлге жылжыған сайын топырақ
жамылғысындағы тұзданған топырақ басымырақ келетін кешендердің ауданы
артады, әpi бipтeктi кебірлерден тұратын массивтер жиірек кездесе бастайды.
Кебірлердіңкөлденеңқимасынан қapaшipiктiлiгiнe қарай кебірленген, карбонатты
және гипсті топыраққабаттары ажыратылады. Қарашіріктің мөлшері жоғарғы
горизонтта 6% және одан да жоғары көрсеткішке ауытқып отырады,
epiгeнтұздардың максимумы тереңірек қабаттардабайқалады. Олардың таралу
сипаты зоналық заңдылыққа бағынышты және жергілікті жағдайларға
байланысты өзгеріп отырады. Кебірлердіңөсімдік жамылғысы бip зонадан екінші
зонаға ауысқан кезде әжептәуір өзгеріске ұшырайды. Қара топырақты зонаның
кебірлерінде жусанды-бетегеліөсімдік жамылғысы, күрең топырақтарда жусан,
қараматау, көкпек, шөл сораңы еседі. Бұнымен қатар кебірлердегі тұз жиналу
сипаты және морфологиялық ерекшеліктері де өзгереді.Әр аймақта ылғалдану
сипатына қарай сортаң топырақтардың автоморфты, жартылай гидро-морфты және
гидроморфты түрлері ажыратылады. Орманды дала және дала зоналарында
жартылай гидроморфты (шалғындык-далалық) және гидроморфты (шалғындық), ал
шөлейт және шөл зоналарда автоморфты (шөл далалық және шөлдік) кеірлер
басым таралған. Кебірлердіүстіңгі горизонттарыныңқалыңдығына қарай қалдықты
кебірленген (5 см-дей), аз кебірленеген (10 см-ге дейін), орташа кебірленеген (15 см-
дей астам) деп жіктейді. Иллювийлік горизонттарыныңқұрылысына қарай
бағаналы, жаңғақпішінді және призмалы кебірлерге, ал тұздың ену тереңдігіне
қарай сортаңды (тұз 30 см-ден жоғарғы қабаттарда жатады), сортаңдау (тұз 30-80
см-лікқабаттарда жатады) және сортаң (тұз 80-130 см-лікқабаттарда жатады)
топырақтарға бөлінеді. Тұз жиналу сипатына қарай кебірлердің хлорлы-сульфатты
және сульфатты-хлорлы, кейбір жағдайда таза сульфатты және таза хлорлы түрлері
болуы мүмкін. Оқта-текте содалық кебірлер жамылғысы да кездеседі.
Кебірлер есебінен республиканың ауыл шаруашылығына жарамды жер
көлемінұлғайтуға зор мүмкіндік бар. Қазақстан аумағында 40 млн. гажуық кебірлер
бар, ал кебірлер басымырақ келетін кешендер 30%-тен асады. Бұл мөлшердің 9 млн.
га жуығы қара топырақты және күңгірт күрең топырақты зоналарда орналасқан.
Кебірлер негізнен жайылым ретінде пайдаланылады.
Ылғалды кебірлер далалық алқаптардағы қара топырақты зонаның көктеректі-
қайыңды және талды шоқ тоғайлар өсетін ойпаңдау жерлеріне тән. Ылғалды
кебірлердің аморфты кремний қышқылына және кварц қалдықтарына жақсы
қаныққан бозғылт және ақұнтақты тұз жиналған горизонттары бар. Бұл горизонт
негізінен тереңдігі 8-10 см және жер бетіне тым жақын жатқан жұқа қабатты
шымды қapaшipiктi орман асты төсеніш қабатын құрайды. 30-50 см тереңдікте бұл
горизонт күрең немесе күңгірт-күрең иллювийлік горизонтқа ауысып кетеді.
Карбонатты
горизонт
70-100
см
тереңдікте
жатады.
Топырақтың
көлденеңқимасынан артық ылғалдану іздерін (көкшіл сұр және тат басқан
дақтарды, темірлі конкрецияларды) байқауға болады. Ылғалды кебірлер қapшіpiктi
горизонттың сипатына қарай жер асты суы 1,5 м, 1м және 0,5м тереңдікте жатқан
жағдайда дамитын нағыз шымды-глейлі (шалғындық) және шалғындық-батпақты
топырақтүрлеріне ажыратылады. Ылғалды сортаң топырақты зона мал
жайылымына және шабындыққа пайдаланылады.
Орманның сұр топырағы - Қазақстанныңқиыр солтүстігінде орналасқан
топырақтүpi. Бұл зона республиканың солтүстігіндегі көктеректі-қайыңды орман
астында қалыптасатын шағын аудандарды қамтиды.
2.
Шөлейттің құба топырағы. Шөл зонасының топырақтары.
Шөлді сұр-құбы топырағы, тақырлар. Сортаң, кебірлер, солодтар.
ШӨЛ ДАЛАЛАР МЕН ТАУ БӨКТЕРЛЕРІ ТОПЫРАҚТАРЫ
Бұл зона Тұран ойпатын, Үстірт және Бетпақдала шөлдерін, Памиро-
Алай мен Тянь-Шань тау бөктеріндегі жазықтарын алып жатыр. Зонаның
жалпы ауданы 210 млн. га, оның 65% құба, сұрғылт-құба және сұр
топырақтар, 25% құмды шөлдер және 10% тұзды топырақтар.
Құба топырақтар
Құба топырақтар 46 млн. га немесе республика аумағының 20% алып
жатыр. Күрең топырақтардан айырмашылығы, қарашіріктің,аз мөлшерде
болуы (2%-тен артық емес). Өте құрғақ даланың сирек өсімдік жамылғысы
астында қалыптасады. Жусан, бетеге, бұйырғын; тасбұйырғын және т. б.
өсімдіктер басым болады. Топырақ бетінде көбінесе қыналар мен көк-жасыл
балдырлар өседі. Жыңғыл, жүзгін және басқа да құаншылық пен тұзга
төзімді бұталар нуы кездеседі.
Құрғақ даланыңқұба топырақтарының кескіні:
А
1
1 - 15 см - қарашірікті -аккумулятивті,сұрғылт немесе сұрғылт-құқыл,
борпылдақ, қатпарлы;
В
1
15-35 см - иллювиалды, құба-коңыр, тығыз немесе тығыздалған кесекті,
шымырлайды;
В
к
35-70 см- ала боялған, сары-құба карбонат дақты, кесекті (немесе
жанғақты), қатты шымырлайды;
С70-160 см- гипс жинақталған горизонт бөлектенеді, оның астында көп
мөлшерде тұз жинақталады, қатты шымырлайды.
Бұл ашық-күрең мен сұрғылт-құба топырақтар арасындағы өтпелі
топырақтар. Олардың табиғи құнарлылығы төмен, суаруды, тұздану мен жел
эрозиясына қарсы күрес жүргізудіқажет етеді.
Бұл ашық-күрең топырақтардан шөлдің сұрғылт-құба топырақтарына
ауысатын өтпелі топырақтар. Олардың табиғи құнарлылығы төмен, суаруды,
тұзданумен және жел эрозиясымен күресу жұмыстарын жүргізудіқажет етеді.
Сұрғылт-құба топырақтар
Шөлдердің сұрғылт-құба топырақтары құмдармен, тақыртәріздес
топырақтармен және сортаңдармен қосқанда 140 млн. га, немесе зонаның
6,3%-iнқамтиды.
Сұрғылт-құба
топырақтардыңбeтi
құқыл-сұр
түстіқабыршақпен қапталған, оның астында А горизонты - қалындығы 5-10
см, одан төмен В горизонты - тығыздалған, балшықтанған, құба не қызыл-
құба түсті карбонаттары бар, одан сон - иллювиалды-тұзды гипс кристалдары
бар В горизонты орналасқан. Топырақ реакциясы сілтілік, 5-6 см тереңдікте
шымырлайды. Қарашірік мөлшері 1%. Суда еритін тұздары бip метр
тереңдікте таралған. Оларды карбонаттылығы, кебірлігі және сортаңдылығы
бойынша жіктейді.
Тақыр - балшықты шөлдердің топырақтары, көбінесе өсімдіксіз болады
да, суы ағып кетпейтін ойпандарда қалыптасады.
Көктемде тақырлардыңбeтi жабысқақ балшықтан тұрады. Жазда, су
буланып кеткен соң, тақырлардың беті жарылып, кепкен балшықты,
қалындығы 5-7 смқабықтар түзіледі, олардың астында тұзданған аналық
топырақ түзуші жыныстар орналасқан. Топырақ бетінен шымырлайды.
Карбонаттар мен оның тұздары (көбінесе NaCl және СаСl
2
) тақырлардың
бетінде көрініп жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |