Дәріс №11. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы, қызметі Асқорыту мүшелері


Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы және сіңуі



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі278,96 Kb.
#116577
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
file-9257 (5)

Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы және сіңуі

Ішек-қарын жолы
Ауыз қуысына түскен тағам шайналып, ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртпектерге айналдырады. Сілекейдің құрамындағы птиалин ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ауыз куысындағы тағам тіл мен жұтқыншақтың бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы жұтылады. Тамақ жұтылған соң алдымен жұтқыншаққа, одан өңеш аркылы қарынға өтеді. Жұту кезінде көмекей кақпағы жабылады. Тамақ жеп, не ішіп отырған кезде адам сөйлейтін болса, тамақ түйірлері көмекейге түсуі мүмкін. Тамақ түйірлері көмекейге түссе, адам шашалады, кейде тұншығады.
Қарында астың қорытылуы
Ересек адамдар қарынының сыйымдылығы 1,5-2 литр. Қарынның пішіні мен мөлшері астың түсуіне байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Ұсақ бездерден бөлінетін қарын сөлінің құрамында су, тұз қышқылы, ферменттер және т.б. заттар болады. Қарында тағам 3 - 6 сағаттай уақыт қорытылады да, жартылай қоймалжың сұйық жентекке айналады. Жартылай сұйық жентек белгілі бір мөлшерде оқтын-оқтын аш ішекке өтіп тұрады.
Ішекте астың қорытылуы және сіңуі
Қарында жартылай қорытылған ас алдымен ұлтабарға түседі. Ұлтабарға бауырдан келетін өт өзегі және ұйқыбездің өзегі ашылады. Бауырдан келетін өттің әсерінен майлы тағамдар ыдырай бастайды. Ұлтабарда негізінен барлық тағамдық заттар қорытылады. Нәруыздар - аминқышқылдарына, крахмал - қантқа, майлар - май қышқылдары мен глицеринге дейін ыдырайды. Ұлтабардан ас белгілі мөлшерде оқтын-оқтын аш ішектің келесі бөліміне өтеді. Мұнда тағамдық заттар ішек сөлінің әсерінен толық қорытылып, еріген қосылыстарға айналады.
Астың сіңуі
Аш ішектің ішкі сілемейлі қабықшасында өте ұсақ көптеген тұйық өскіндер - бүрлер болады. Бүрлердің сырты бір қабатты эпителий жасушаларынан түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын көптеген қан және лимфа тамырлары торлап жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы әбден қорытылған аминқышқылдары мен қант (глюкоза) қанға өтеді. Глицерин мен май қышқылдары лимфа тамырларына өтеді де, тері астындағы шел қабатқа жиналады. Аминқышқылдары мен қант бауырға барып, қайта өзгерістерге ұшырап, бүкіл денеге таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет