Қыздыру - материалдарға жылуды алып келу жолымен олардың температурасын көтеру процесі. Технологиясында ыстық сумен немесе сулы бумен, оттық газбен және электр тогымен қаныққан басқа да сұйық тасушылармен қыздыру әдістері кеңінен тараған. Бұл мақсаттар үшін әртүрлі құрылымды жылуалмасу аппараттарын қолданады.
Буландыру – сұйыққа жылуды алып келу жолымен оны буға айналдыру процесі. Сұйық қайнау кезінде тиімді буланады. Тамақ технологиясында суды тұщыту, ерітінділерді концентрациялау және т.б. қолданады. Буландыру буландырғыштарда жүреді. Суды тұщыту үшін қолданылатын аппаратарды тұщытқыш, ал ерітінділердің концентрациясын көтеру үшін қолданылатын аппарататрды бушықтыру аппараттары деп атайды. Суыту – материалдан жылуды алып кету жолымен оның температурасын төмендету процесі. Технологиясында 15-200С дейін газдарды, булрды және сұйықтарды суыту үшін су мен ауаны қолданады. Ал өнімдерді төмен температураға дейін суыту үшін төмен температуралы хладагенттерді қолданады.
Конденсация – заттан жылуды алып кету жолымен бу немесе газ тәрізді күйден сұйық күйге өту процесі. Бұл процесс конденсоторларда жүреді. Конденсациялау процестері тамақ технологиясында әртүрлі заттарды сұйылту үшін кеңінен қолданылады.
Стационар күй – белгілі бір шамаларының маңызды сипаттамалары (әр түрлі жағдайда түрліше болады) уақытқа тәуелсіз физикалық жүйе күйі. Мысалы, егер қозғалыс жылдамдығы кеңістіктің әрбір нүктесінде уақыт бойынша өзгермесе, онда сұйықтық ағысының күйі стационарлы. Кванттық механикада стационар күй деп энергия белгілі бір мәнде (уақыт бойынша өзгермейтін) болатын күйді атайды.
Температура өрісі уақыт өте келе өзгеретін тұрақсыз жылу процестерін қарастырайық, яғни. уақыт функциясы. Жылу процестерінің стационарлық емес сипаты дененің энергиясының өзгеруіне байланысты және әрдайым денені қыздыру немесе салқындату құбылыстарымен байланысты. Стационарлық емес процесте жылу кірісінің қарқындылығы уақыт бойынша тұрақты болмайды. В суреттегі қисық сызық жылумен жабдықтау өзгерісінің табиғаты туралы түсінік береді. Дене жылынған сайын жылу беру қарқындылығы біртіндеп азаяды және шегі нөлге тең болады.
Стационарлық емес процесі дененің энергиясының өзгеруімен байланыст. Дененің энергиясының (энтальпия) өзгеру жылдамдығы материалдың жылуды өткізу қабілетіне тікелей пропорционал (яғни, жылу өткізгіштік коэффициенті λ) және оның сақтау сыйымдылығына (ρ-мен) кері пропорционал. Жалпы алғанда, тұрақсыз жағдайларда жылу процесінің жылдамдығы жылу диффузиясының коэффициентімен анықталады.
Қолданылуы. Жылу процестері теориясы қозғалтқыштарды, тоңазытқыш қондырғыларда, химия өнеркәсібінде, дәрі-дәрмек жасауда, метеорологияны жобалауда қолданылады, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде, тұрмыста да кенінен қолданылады.
Есептер шығару.
№ 1. Массасы 1, 5 т кірпіштен жасалған пешті 100С –тан 200С – қа жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет?.
№ 2. Массасы 3 кг оқ дәрі жанғанда 11400 кДж энергия бөлінген, Оқ дәрінің меншікті жану жылуын есептеңдер.
№3. Температурасы 570 С массасы 200 г сынапты буға айналдыру ұшін қанша жылу мөлшері жұмысалады.
№4. Бастапқы температурасы 270С массасы 1 кг қорғасын кесегін балқыту үшін қандай жылу мөлшері қажет?
№5. 210 кг алюмийді 96 0С-қа қыздыру үшін 9,1 кДж қажет. Алюмидің меншікті жылу сыйымдалаған есептеп шығарыңдар.
Бақылау сұрақтары.
1.Жылу процесстері дегеніміз не?
2.Жылу процессінің қолданылуы?
3.Жылу алмасу?
4.Стационарлық емеске мысал келтір
5.Жылу алмасу процессі қалай жүреді?
Пайдаланылған әдебиет:
Қазақ энциклопедиясы
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика. Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.