Дәріс 11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие



Дата09.12.2022
өлшемі22,98 Kb.
#56066
Байланысты:
Лекция 11

Дәріс 11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие.


Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық басқарудың өзекті мәселесі мен мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне төнген тікелей қатер болып саналады. Ол қоғамдағы іштей өлтіретін ауруға ұқсайды. Сондықтан бұл мемлекеттің беделі әлемдік қоғамдастықтың назарында. Сыбайлас жемқорлық элементтерін көрсете отырып, біз халықты тиімсіз құқық қорғауына, заңға немқұрайлы қарауына, заңға және билікке деген алғашқы сенімсіздігін тудырамыз.
Мұндай қатал әлеуметтік құбылысқа қатты назар аударғанына қарамастан, сыбайлас жемқорлық күн сайын артып келеді. Transparency International ұйымы жыл сайын әлемнің әртүрлі елдеріндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау үшін статистикалық зерттеулер жүргізеді, алынған мәліметтер негізінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі есептеледі және әлем елдерінің рейтингі жасалады.
Бүгінгі таңда біздің елімізде сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюға жағдай жасалуда, сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша алдын-алу шаралар сипатындағы кешенді түрде қабылдануда. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы және қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 100 нақты қадам Ұлт жоспары ретінде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негіздерін тиімді жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Осы мәселені талдай отырып, сыбайлас жемқорлық, тек ұлттық ғана емес, сонымен қатар қазіргі мемлекеттердің жаһандық проблемасы болып табылатын жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде девиантты мінез-құлықтың кіші түрі және онымен күресу тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен бірге әрбір азаматтың міндеті.
Жастардың қалыптасуына және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту - бұл құбылыстың маңызды факторы, қоғамдық санаға, құқықтық және саяси мәдениетке байланысты түпкі себептерді жою арқылы осы мәселені шешуге ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухта тәрбиелеу негізгі қызметтің басымдығы болып табылады. Сондықтан ерте жастан бастап Отанға деген сүйіспеншілікті, басқаларға және дәстүрлерге құрметпен қарауға, білім мен жұмысқа деген құштарлыққа, әдептілік пен адалдыққа тәрбиелеу керек. Ғасырлар бойы бұл сезімдер халқымыздың қанында келе жатыр. Өз балаларын тәрбиелей отырып, қазақтар берілетін бірқатар түзетулерді ұрпақтарға таратуда. Балаларды тәрбиелеуде еңбекке, парасаттылыққа және адамгершілікке шақыратын мақал-мәтелдер үлкен рөль атқарады. Дәстүрлермен халық өздерінің білімдері мен бақылауларын ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, ал жастар осы бақылауларды жасай отырып, өз тұжырымдарын жасап және әлемге басқаша көз-қараспен қарай бастайды.
Парақорлықтың өсуі мен өркендеуіне ықпал ету арқылы біз өзімізге жаман істеп жатқанымызды білуіміз және есте сақтауымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық бәріне және әрқайсысына қатысты. Біз өзімізді жауапкершіліктен босатпауымыз керек, өйткені қоғамның құлдырауымен күресу бізге байланысты.
Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру жөніндегі ағарту және тәрбиелеу жұмыстары қазақстандық қоғамдық өмірдің әртүрлі
салаларында сыбайлас жемқорлықты туғызатын және соған себеп
болатын себептер мен шарттарды жою (барынша азайту) жөніндегі
мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып
табылады.
Бұл тұрғыдан алғанда білім берудің аса маңызды бағыты сыбайлас
жемқорлық көріністерін қабылдамайтын білім беру ортасын құру,
сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын моральдық деңгейі жоғары,
адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс.
Бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы
мен практикасына басқаша зер салу керек. Азаматтық қоғамды нығайту
және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық
құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді
күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің
азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды
қорғауға дайын азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның барлық
білім беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр.
Бұл үшін, ең алдымен әртүрлі жас топтарындағы балалар мен
жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие әдістері
мен құралдарының мақсатын, олардың мазмұнының, нысандарының
ерекшеліктерін педагогикалық тұрғыдан қайта салмақтау қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие педагогикалық
кең мағынасында – бұл құнды ұстанымдар, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы сана-сезімді қалыптастыру және жас азаматтардың сыбайлас
жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымдардың қалыптасуы үшін
қажетті қабілеттерді дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған,
мақсатты және басқарылатын ықпал ету. Ауқымсыз педагогикалық
мағынада – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға
бағытталған арнайы ағартушылық және тәрбие жұмысы процесі мен
оның нәтижесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиенің мәні
интериоразацияны білдіреді, яғни қоғамның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы талаптарын ішкі құндылық ұстанымдарына айналдыру және әрбір
білім алушының соған көзін жеткізу.
Бұл іске асқан жағдайда, ол оның кейінгі өміріндегі бет түзер бағыты
болады. Бұл тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие
жөнінде олардың біртұтас процесс екенін айтуға болады. Бір жағынан
білім алушыларға қажетті білім көлемін және тиісті моральдық идеалы
туралы, рухани және адамгершіліксіз әрекет, моральдық қағидаттар
мен нормалар туралы ұғымдарды қалыптастыруды болжайды. Екінші
жағынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие адамның рухани сана-
сезімнің қабылданған және игерілген элементтеріне сәйкес әрекет
етуінің терең ішкі қажеттілігін қалыптастыруды білдіреді.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру –
бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары: 1) сыбайлас жемқорлыққа
қарсы құндылықтарды сіңіру; 2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер
мен сезімдерді қалыптастыру; 3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен
әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие
міндеттерін білдіреді.
Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:
– білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері
жағдайларының болмауы;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі;
– білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы негізіндегі өмір-тіршілігі
проблемаларын шешу тәжірибесін алу;
– білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін
қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет.
Бұл жүйеде әртүрлі жас кезеңінде қалыптасуы мүмкін бірқатар
тұлғалық құрылымдарды бөліп көрсетуге болады.
Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6 жас –
әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік
кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат, туған
табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар
мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты
құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек. Мектеп жасына
дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы – бұл
олардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды,
қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын
қалыптастыру.
Кіші мектеп жасында (7-10 жас – кемел балалық шақ, дене және
рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы
сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы
жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің
қалыптасуының маңызы зор. Ар-ождан, абырой, ұят, қайрымдылық,
жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. рухани
қасиеттердің қалыптасуына ерекше назар салған жөн.
Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы
туралы дүниетаным сипатындағы түсінік пен ұғымның қалыптасуы
маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы қоғамды тану заңдарымен
байланысты болуға тиіс. Бұл ретте баланың ұғымды салмақтау білуіне,
өз көзқарасын айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру қажет.
Орта мектеп жасы – (10-14 жас – жасөспірім кезеңі, балалардың
өміріндегі күрделі кез) – бұл балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық
қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі. Бұл өмірлік кезеңнің
нақты қиындығы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі, рухани-эстетикалық
пайымдауды дамытудағы өзіндік түйсіктің, өзін-өзі танудың, өзін-өзі
бағалаудың бірте-бірте өспелі толқынын білдіреді. Бұл жаста патриотизм,
интернационализм, өз Отанын мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын
құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық
құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің
маңызы зор.
Бұл осы жас тобында құқықтық сана-сезімді қалыптастыру сияқты
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндетін айқындайды.
Біздің көзқарасымызша бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие
жүйесінің негізгі міндеті.
Жасөспірім жасында білім алушылардың өмірлік проблемаларды
шешу қағидаларын саналы түрде қабылдау білу даңдысын қалыптастыру
маңызды. Бұл үшін олар билікпен қарым-қатынаста өз проблемаларын
тиімді шешу тәжірибесін жинайтын практикалық жағдай туғызу керек.
Бұл тұста, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту бөлігінен
басқа жеке таңдау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жағдайларын
туғызған жөн.
Жоғары мектеп жасы (14-18 жас – жастық шақ) – бұл дене және
психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік
еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын
кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру
болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға
мүмкіндік береді.
Бұл жаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы
қалыптастыру жүйелі, мақсатты және үздіксіз процесс болуға тиіс.
Білім алушылардың жалпы білім беру мектебі деңгейін аяқтауға
жылжуына қарай олардың сыбайлас жемқорлық, оның көріністері,
жауапкершілік шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық құбылысын
орнықты түрде қабылдамау ұғымы қалыптасуы тиіс.
Студенттік кезеңді тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық-
тық сана-сезімін қалыптастырудың сенситивтік кезеңі деп санаған
жөн, оның барысында кәсіби білім беру, сыбайлас жемқорлық
проблемасын сезінуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарына бірте-
бірте кірігу жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстанда соңғы жылдары
қалыптасқан біршама күрделі қоғамдық-экономикалық жағдай жас
ұрпақ үшін бірсыпыра ауыр болды. Қоғамдық құндылықтар тұлғаға өз
ықпалын жоғалта бастады және бұл жас азаматтардың ілгерінді құнды
бағдарларының қалыптасуына әсер етеді. Бұл жағдайда жастар көбіне
өз таңдауының дұрыстығына сенімділігін жоғалта бастайды, оған қоса
сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі көріністеріне бейім бола бастайды.
Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты дұрыс
таңдау қажеттігі кезінде қиындық пайда болады. Осы орайда тұлғаның
сыбайлас жемқорлық ұстанымын қалыптастыру маңызды шарт болмақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама – бұл адамның әрекетінен,
іс-қимылы мен толқуынан көрінетін сыбайлас жемқорлыққа таңдамалы
тікелей қарым-қатынасының интеграцияланған көрсеткіші.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлық нұсқамасын қалыптастыру қажет-
тігі өзін-өзі тануын, ішкі еркіндікті, өз таңдауы мен әрекеті үшін
жауапкершілікті сезінуін білдіреді. Бұл ретте, студенттер сыбайлас
жемқорлыққа қарсы идеялардың маңыздылығын сезініп қана қоймай,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет үшін практикалық біліктілікті игеру
қызметіне қатысуы қажет, бұл олардың күрделі жағдайларда ойдағыдай
бейімделуінің маңызды алғышарты болуы мүмкін.
Осылайша, әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастардың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің мақсаты білім
алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты орнықты азаматтық
ұстанымын сіңіру арқылы тәрбиеленушілердің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы құқықтық санасын қалыптастыру қажеттігі болып табылады.
Төменде бұл жүйе алдында тұрған негізгі міндеттер, сондай-ақ тиісті жас
топтарымен тәрбие жұмыстарының бағыттары көрсетілген.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру: немен күресеміз, неге күресеміз?


2. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге
болама?
3. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалай түсінесіз
және білім беру мекемесінде қалай қалыптастыруға болады?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1. Сыбайлас жемқорлық адамның құқықтарын бұзу факторы ретінде.
2. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамның әртүрлі өмір тіршілігі саласындағы
(әлеуметтік, саяси, экономикалық, сондай-ақ адамның күнделікті өмірінде)
келеңсіз салдары.
3. Тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәні мен мазмұны.
4. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы құқықтық сана-сезім проблемасы.
5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру.


Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының 2015-2015 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы / Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген.
2. Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси
кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 001 қаулысымен бекітілген.
3. Антикоррупционное воспитание: система воспитательной работы
по формированию у учащихся антикоррупционного мировоззрения
в образовательном учреждении: методические рекомендации /
Е. Н. Барышников, Н. В. Григорян, Л. М. Беловицкая, М. В. Бойкина; под науч.
ред. С. В. Жолована. - СПб: СПбАППО, 2010. - (Петербургский опыт общего
образования). - 56 с.
4. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте.
– М.: Просвещение, 1985.
5. Зубра А. С. Формирование культуры личности: пособие / А. С. Зубра. - Минск:
Вышэйшая школа, 2004. – 206 с.
6. Пустовалова И. Н. Формирование правосознания как основное условие
деинституализации коррупционных отношений / И. Н. Пустовалова //
Гуманитарные и социальные науки. – 2011. - № 1.
Основы противодействия коррупции: учебное пособие / Под ред.
И. И. Рогова, К. А. Мами, С. Ф. Бычковой.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет