Дәріс №11 Тақырыбы



бет9/9
Дата09.05.2022
өлшемі22,03 Kb.
#33582
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс№11

11. Элективті тест. Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20 секунд кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген.

Құжатта төмендегідей ақпараттар берілген:

• бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар;

• бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балмен, дескрипторлармен бірге берілген тапсырмалар үлгілері;



• тапсырмаларды құрастыру, рәсімдерді өткізу бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы;

• тоқсандық жиынтық бағалаудың балл қою кестесімен бірге тапсырмалар үлгілері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет