Дәріс №12. Ілияс Жансүгіров – журналист


Оқу-ағарту, елдің сауатсыздығын жою, көңіл көзін ашу —екінші тақырып



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі25,79 Kb.
#15647
1   2   3   4
Оқу-ағарту, елдің сауатсыздығын жою, көңіл көзін ашу —екінші тақырып.I.Жансүгіров - ағартушы журналист. Адамшылықтың, тіршіліктің негізі, тұтқасы өнер-білімде екенін, жалпы тіршілік жарысында «мәдениет», «теңдік» деген кембеге бұрын жеткізетін — оқу, оқыту екенін жақсы түсінген, ол тек «Тілші» газетінің өзінде бірнеше материал жариялады. «Жетісуда оқу мәселесі» деген мақаласында елді ағарту проблемаларын батыл қойды. Ескі мектептерді есептен шығаруды, жер кесіп беріп жаңа мектептер салдыруды, жарақсыз, жарамсыз мұғалімдерді босатуды, мектептерді жабдықтауды, ағарту мәселелері туралу үгіт, түсінік жұмыстарын кең жүргізуді, әр мектептің өзіне, жалпы оқу ісіне арнап қор жинауды ұсынды. Шала мұғалімдерге пысықтау курсын ашуды, басқа жердегі үлгілі, үлкен мектептерге оқушылар жіберуді, қырғыз-қазақ институтын аянышты халден шығаруды талап етті. Бұларды Жетісу өкімет орындарының, азаматтарының, жалпы халқының алдында тұрған міндеттер деп қойды.

Журналист Ілиястың асқақ көтере, құлшына жырлаған үшінші тақырыбы — қазақ әйелінің тағдыры. Ол «Тілші» газетіне «Қазақ әйелінің өмірінен» (8.3.1924) арнаулы мақала жазған. Оны қазақ әйеліне арналған гимн десе де болғандай. Мұнда алдымен, «Алып анадан, ат биеден туады». «Қазақ әйелі — қазақ анасы, қазақ бесігі» деп анықтама береді. Мұнан соң қазақ әйелінің парасат, қабілетін былай деп құлшына жырлап кетеді. «Кешегі Алатау жайлап, Арқа күзеп, - Сыр қыстаған заманда, ұшы-қиыры жоқ -бұлттай көшпелі үркінде шаруа ұйтқысы қазақ бәйбішелері болған. Асауға алыптай құрық салып, күш ат ерттеп, лақпа қашағанды бастырып ұстайтын ер жүректі қыздары болған. Халық шаруасына төтен келген жапан даланың жалмауыз, ақсүйек жұттарында арық-тұрақ малды күрек ашып асыраған кесел-кербезсіз шаруа құты келіншектері болған. Бет жалаған аяздарда, борандарда, елдің үркін-қорқын жаугершілік заманында көш жөнекей босанып, жас баласын құндақтап, үсінбей-қабынбай көшіп кете беретін қайратты қатындары болған».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет