Топырақтың күн сəулесі əсерінен жылынуы оның қай жерде
орналасқанына да байланысты болады. Мысалы, таулы жерлер-де,
оңтүстік баурайда кездесетін топырақтар басқаларға қарағанда
жақсы жылынады, шығыс жəне батыс баурайдағылар орташалау, ал
солтүстік баурайдағылар бəрінен де солғын жылынады.
Топырақтың жылуы су жəне ондағы ауа арқылы төменгі
қабаттарға тарайды. Топырақ бөлшектері жылудан біресе ұлғайып
(қызғанда), біресе кішірейіп (суығанда) отырады, ал мұның өзі оның
тез үгілуіне себепкер болады.
Топырақтың қыс кезеңдерінде жылы сақталуына, оның бетінде
қардың көп жиналуы септігін тигізеді, ал қардың көп жиналуына
өсімдіктер əсер етеді.
Кейбір жағдайларда топырақтағы жылуды сақтау үшін оның беткі
қабатын торфпен жəне де басқа қопсыған құрғақ затпен (қалыңдығы
1,0-1,5 см шамасында) жабады. Бұл үшін солтүстіктің қара
топырақтарын жəне жылуды көбейту үшін торф қолданылады, ал
оңтүстікте топырақ өте қызатындықтан, оларды біршама салқындату
үшін астық бастырудан қалған қалдықтармен жабады, бұл тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: