Дәріс 13 Тақырыбы: «Сандар нумерациясы» мазмұндық-әдістемелік желі материаддарын оқыту технологиясы
Жоспар 1.Үш және көп таңбалы сандар.
2.Концентрлер бойынша сандарды оқыту және сандарды оқу, жазу, салыстыру мен жіктеу (разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде) құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
1. 1000 көлеміндегі сандар туралы тақырыпты оқыту міндеттері төмендегіше: 1.Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі-жүздікпен таныстыру.
2.ІІІ разрядтың бірлігі ұғымын еңгізу. 10-дық санау жүйесінің құрылу принципін меңгерту
(1 жүзд.=10 онд.=100бірл.).
3.Үш таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету.
4.Үш таңбалы сандар көлемінде цифрлардың орындық мәнін бекіту.
5.Үш таңбалы сандарды нөмірлеу негізінде қосу және азайту біліктерін қалыптастыру.
810-1, 609+1, 500 -1, 4онд.+6онд., 5жүзд.+5жүзд., 499+1, т.с.с.
6. Үш таңбалы сандарды нөмірлеуден алған білімдерін шамаларды өрнектеуге қолдануға үйрету.1м=10дм=100см, 1000м=1км
Қолданылатын негізгі көрнекілік: кластар кестесі, кеспе цифрлар, көп таңбалы сандар жазылған карточкалар, есепшот, санды талдау сызбасы жазылған плакат және т.б жатады.
Тақырыпты оқып үйренуге дайындық кезінде балалардың өздеріне белгілі разрядтық бірліктерінің қатысы, үш таңбалы сандардың ондық құрамы, 1000 көлеміндегі натурал сандар тізбегі, үш таңбалы сандарды жазу принциптері жайындағы алған білімдерін бекіту қажет. Осы мақсатпен дайындық кезінде мынадай тапсырмаларды қарастыру ұсынылады.:
1. Бір ондықта неше бірлік бар, бір жүздікте неше ондық бар, бір жүздік мыңнан неше есе кем, ондық бірліктен неше есе артық, ондық жүздіктен неше есе кем, он миллиметр, жүз сантиметр,т.с.с. басқаша қалай аталады?
2. Қандай сан 7 жүздіктен, 5 ондықтан құралады? 3 разрядтың 2 бірлігінен, 2 разрядтың 2 бірлігінен, 1разрядтың 2 бірлігінен құралған санды ата? 995 санында әрбір разрядтың неше бірлігі бар? 380 (108,388) санын разрядтық қосылғыштардың қосындысымен алмастыр.
3. 500 санынан бастап бір-бірден,(он-оннан, елу-елуден, жүз-жүзден (қосып) кемітіп сана. Санағанда 199 санынан тікелей кейінгі санды, 300 санының тікелей алдындағы санды ата.
4. 909 санын жазыңдар. Жазу үшін неше цифр қажет болады? Әр түрлі неше цифр пайдаланылады? Әр цифр ненікөрсетеді? Сол цифлмен екінші бір санды жазыңдар,енді 0 цифры нені көрсетеді? 3 цифрын пайдаланып, үш таңбалы сан жазыңдар. Санның жазылуында оң жақтан санағанда 1-ші (2-ші,3-ші) орында тұрған цифр нені көрсетеді?
5. 1000 көлеміндегі сандар қатарын қайталағанда сандарды есепшотқа салып көрсетуге балаларды жаттықтырған орынды.
6. Көп таңбалы сандар. Оларды оқу, жазу және салыстыру тақырыбында разрядтар мен кластаржайында түсінік беру және көп таңбалы сандарды заттардың әр түрлі санау бірлігін пайдаланып санау; көп таңбалы сандарды оқу, жазу және сандармен шамаларды салыстыру; көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және оған кері түрлендіру; шамаларды (ұзындық, масса, аудан, көлем, уақыт) өлшеу және кейбір шамалардың жаңа бірлігін енгізу, тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер сияқты мәселелер қарастырылады. Разрядтар мен кластар жайындағы түсінік әр түрлі санау бірлігін негізге ала отырып санаудың нәтижесінде біртіндеп енгізіледі, бірліктермен санау арқылы - бір таңбалы сандар, яғни бірінші разряд бірліктері, ал ондықтармен санау арқылы- ондықтар, яғни екінші разряд бірліктері және т.с.с. жалғастыра береміз де, әр разрядтың реттік номерін анықтап, атауын енгіземіз. Алғашқы үш разряд: бірліктер,ондықтар және жүздіктер-бірліктер класын, бірінші класты құрайды. Жүздіктің онын алсақ, 1000шығады, бұл бірліктер класының бірлігі емес, мыңдар класының бірлігі. Келесі үш разряд: бірлік мыңдар, ондық мыңдар,жүздік мыңдар класын,екінші класты құрайды.
7. Жүздік мыңның онын алсақ, 1миллион болады, бұл мыңдар клксының бірлігі емес, келесі миллиондар класының бірлігі.Осы тақырыптан бастап 4-сынып математикасының соңғы тақырыбына дейінгі қарастырылатын сандар алғашқы екі класпен (бірліктер және мыңдықтар) шектеледі. Ал оқу жылының соңына қарай алғашқы үш класс(үшінші миллиондар класы) көлеміндегі миллиардқа дейіңгі сандарды қарастыру көзделеді. Үш таңбалы сандарды қарастырған кезде құрылған бірліктер, ондықтар және жүздіктер кестесі сияқты, келесі разряд бірліктерін және екі класты қамтитын кесте құрылады да, сол арқылы көп таңбалы санның құрылуы, құрамы,оқылуы, жазылуы және қай разряд, қай класс бірліктері екендігін анықтау жүзеге асырылады.Көп таңбалы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсету, яғни оны разрядтық қосылғыштарға жіктеу мен разряд немесе класс бірліктері бойынша, яғни жіктелуі бойынша санды жазып көрсету немесе атау, бір-біріне өзара кері түрлендірулер көп таңбалы сандарды нөмірлеу жайында бағдарлама талаптарына сай білім беруге септігін тигізеді. Сандардың құрылуын және оны шығарып алуды, құрылымын түзуді және жіктеуді оқытып- үйрету көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру сияқты мәселелерді қарастырудың негізін құрайтын білімнің қатарына жатады. Осыларды игерген оқушы ілгеріде қарастырылатын білім, білік және дағдыларды қиындықсыз меңгеріп кетеді.
Көп таңбалы сандарды оқу мен жазу жоғары разрядтан басталады. Алайда, сандарды оқу мен жазуға қатысты ерекшеліетер бар.Көп таңбалы сандарды оқу үшін алдымен оң жақтан бастап үш цифрдан топтарға бөліп алу керек. Екінші топтағы (оңнан солға қарай есептегенде) цифрлардың санына қарай, енінші-мыңдар класының бірлігін оқып, оған кластың аты қоса айтылады, әрі қарай бірінші-бірліктер класының бірлігін оқиды (бірінші кластың аты қоса айтылмайды). Ал көп таңбалы санды жазу үшін алдымен аталған кластың бірліктері жазылады. Көп таңбалы санды оқу, жазу және салыстыру «класс», «разряд», «разрядтық сан», «кластық сан» сияқты ұғымдармен байланысты. Сондықтан көрнекілікке сүйене отырып, бірлік, ондық, жүздік-бірінші класты, яғни бірліктер класын, ал бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар- екінші класты, яғни мыңдар класын құрайтынын ерекше атап өткен жөн. Сонымен бірге төмендегі кестені пайдалана отырып, сәйкес білімді тиянақтай түсу керек .