Дәріс 14 . Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі. Жоспар:
1. Өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі
2. Пайда, оның экономикалық мазмұны
3. Рентабельділік, оның деңгейінің артуына әсер ететін факторлар.
Өндірістің экономикалық тиімділігі өндірістік процестің нәтижелілігін білдіреді, ресурс шығындары мен қол жеткізген нәтижелер арасындағы қатынас болып табылады. Экономикалық тиімділіктің критериі –тірі және затталынған еңбек кезіндегі ең аз шығындарымен жоғары сапалы өнімнің максималды көлемін алу болып табылады.
Экономикалық тиімділік - экономикалық тиімділіктің (нәтиженің) осы тиімділікті шарттаған шығындар немесе ресурстарға қатынасы немесе керісінше шығындар мен ресурстардың экономикалық тиімділік көрсеткішіне қатынасын атайды.
Тиімділік = Тиімділік (нәтиже)/ шығындар (ресурстар) немесе
Шығындар (ресурстар)/тиімділік (нәтиже)
Тиімділік және экономикалық тиімділік түсініктерін айыру қажет. Тиімділік - өнеркәсіпте жүргізілетін іс-шаралардың нәтижесі.Мысалы, жаңа жабдық пайдаланудың тиімділігі қосымша жоғары сортты ұнды алудан көрінеді. Бірақ алынған тиімділік жаңа жабдықты қолданудың тиімділігі туралы ештеңе айтпайды. Ол үшін алынған нәтижені осы жабдықты пайдаланумен байланысты шығындармен салыстыру қажет.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігі жалпыланған көрсеткіштер мен бөлек ресурстарды қолдану көрсеткіштерін өзіне кіргізетін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.
Жалпыланған көрсеткіш – жалпы өнім құнының (жалпы мен таза табыс) тірі және затталынған еңбек шығындарына қатынасын көрсетеді.
Э=ЖӨҚ : (Өш + Е НҚҚ)
Мұндағы
Э - өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі
ЖӨҚ – жалпы өнім құны, тг
Өш – ағымдық өндірістік шығындар (амортизациясыз), тг
Е – тиімділік коэффициент (негізгі өндірістік қорларды жылдық өлшемділігіне келтіру үшін)
НҚҚ – негізгі қорлар құны, тг.
Жалпыланған көрсеткіш мағынасын түсіну үшін жалпы өнім құны, жалпы және таза табыс түсініктерін қарастырайық.
Жалпы өнім құны – белгілі уақыт ішінде (әдетте 1 жыл) өндірісте өндірілген өнімнің жалпы көлемінің ақшалай мағынасы.
Өнеркәсіптің жалпы өнімінің құн формасы (c+v+m) өндірістің қолданған құралдар құнына немесе материалдық шығындарға (с) және жаңа құрылған құнға немесе жалпы табысқа (v+m) бөлінеді. Орынбасу құны (с) – амортизациялық шегерулер мен шығындалған айналым құралдары: отын, майлау материалдары, қордағы бөліктердің құнын білдіреді.
Жалпы табыс (таза табыс) – қажетті өнім (v), (ол арқылы еңбекақы беріледі) және таза табысты құру шарты болып табылатын қосымша өнімнен (m) құрылады.Сонымен, жалпы табыс – жалпы өнім құны (ЖӨҚ) мен өндіріске кеткен материалдық шығындар арасындағы (МШ) айырмашылық.
ЖТ = ЖӨҚ – МШ
Өз кезегінде материалдық шығындар өндірістік шығындар (өзіндік құн) мен еңбекақы арасындағы айырмашылық.
МШ = ӨШ – ЕА
Өндіріс деңгейінде жалпы табыс көрсеткіші барлық халық шаруашылығы масштабындағы ұлттық табыс сияқты экономикалық мазмұнға ие болады.
Таза табыс (ТТ) жалпы өнім құны мен өндірістік шығындар арасындағы түрін білдіреді.
ТТ = ЖТ – ЕА
Келесі жағдайларға назар аудару қажет: жалпы өнім құнының 2 бағалау әдісі бар.
- Жалпы және таза табысты анықтау үшін жалпы өнімнің тауарлық бөлігі өткізу бағасы бойынша, ал тауарлық емес бөлігі - өзіндік құүны бойынша бағаланады.
- Еңбек өндірісі, қор беруші, қор көлемінің динамикалық өсуін талдау кезінде жалпы өнім бірдей қойылатын бағалар бойынша бағаланады.
Рентабельділік - өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігінін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі. Рентабельділік кәсіпорынның табысын білдіреді. Табыс – жалпы өнімді өндіруге кеткен шығындарды орынбасудан қалған жалпы өнім құнының бөлігі.
Өнім бірлігінің табысы - өнім бірлігінің толық өзіндік құны мен иөткізу бағасының арасындағы айырмашылық.
Алынған табыстың (Р) толық өзіндік құнға (ТӨҚ) пайызбен бейнеленген қатынасы рентабельділік деңгейін көрсетеді:
Рд = Р : ТӨҚ * 100%
Бұл көрсеткіш кәсіпорында жалпы да, салалар мен өнімнің бөлек түрлері бойынша да есептелуі мүмкін.
Тәжірибе жүзінде рентабельділіктің әр пайызы пайданың 1 тиын алуының - өндірістік шығындардың теңгесіне шаққандағына сәйкес болады.
Өндірістік қорларды қолдануын сипаттау үшін пайда мөлшерінің көрсеткіші, яғни пайданың негізгі және айналым қорларының орташа жылдық құнына пайыздық қатынасын қолданамыз.
Пм = Р : ( НҚ + АҚШ) * 100%
Мұндағы
Пм – пайда мөлшері, 100%
Р – пайда, тг
НҚ – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, тг
АҚШ – айналым құралдар шығындары, тг