Көкірек қолқасы. Іш қолқасының қабырғалық тармақтары. Іш қолқасының мүшелік тармақтары. Жамбас және аяқтың тамырлары. Қолқа доғасы арқаға және солға бағытталып, сол жақ бронхтан өткенде оның төмендеген бөлігіне өтеді. Қолқаның төмендеген бөлігі кеуде және іш бөлігінен тұрады. Қолқаның көкетке дейінгі бөлігі – кеуде қолқасы, ал көкеттен өткеннен кейін іш қолқасы болып аталады.
Қолқаның кеуде бөлігі. Кеуде қолқасы артқы көкірек аралығында, омыртқаға жанасады, оң жағында сыңар вена және кеуделік лимфа түтігі, сол жағында өкпе қабының сыртқы қабығы қатар жатады. Кеуде қолқасынан екі тармақ шығады:
1. Ішкі мүшелер тармақтары (висцералды).
2. Қабырғалық тармақтар (париеталды).
Ішкі мүшелер тармақтарынан бірнеше артериялар шығады:
Бронхтық тармақ – бронхтармен бірге өкпені, кеңірдекті, бронхтарды қанмен қоректендіреді.
Өңеш тармағы – өңешті қанмен қоректендіреді.
Көкірекаралық тармақтар – көкірек аралықта орналасқан мүшелерді қанмен қоректендіреді.Перикардтық тармақтарперикардты (жүрек қабы) қанмен қоректендіреді.
Қабырғалық тармақтар: 1. Артқы қабырғалық тармақтар – III-XII қабырғалар аралығындағы артериялар, әрқайсысы медиалды, латералды тері артерияларына тармақталады. Олар қабырғааралық бұлшық еттерді, іштің тік бұлшық етін, сүт безін қанмен қоректендіреді.
2. Жоғарғы көкет артериясы – көкеттің жоғарғы бетін қанмен қоректендіреді.
Кеуде қолқасы XII кеуде омыртқасының тұсында көкеттің қолқа тесігі арқылы іш қуысына өткеннен кейін іш қолқасы болып аталады.
Іш қолқасы – омыртқа бағанасының алдыңғы бетінде орналасқан. Оның оң жағынан төменгі қуыс вена, алдында ұйқы безі, 12 елі ішек шарбысының түбірі орналасқан. Іш қолқасы екіге тармақталады.
I. Ішкі мүшелердің тармақтары.
II. Қабырғалық тармақтар іш қуысының қабырғасын қанмен қоректендіреді.
Іш қолқасының ішкі мүшелерге тармақталған артерия қан тамырлары жұп және тақ болып бөлінеді. Тақ тармақтар:
1.Құрсақ сабауы;
2.Жоғарғы шажырқай артериясы;
3.Төменгішажырқайартериясы;