Жоғарғы қуыс вена, vena cava superior- қолқаның көкірек бөлігінің оң жағында орналасқан қысқа, жуан вена қантамыры. Жоғарғы қуыс вена I-ші қабырғаның төске біріккен буынының тұсында оң және сол иық- бас веналарының қосылуынан пайда болады, оң жүрекшеге құяды. Оған оң жүрекшеге бағытталған жолында сыңар вена қосылады.
Оң және сол иық-бас венасы: оң және сол бұғана асты венасы мен ішкі мойындырық венасының қосылуынан пайда болады, оң жағы сол жағынан 2-3см-дей қысқалау.
Бас пен мойыннның вена қан тамырлары негізінен үш венаға жиналады: 1.Ішкі мойындырық; 2. Сыртқы мойындырық, 3. Алдыңғы мойындырық вена. Олардың ішіндегі негізгісі – ішкі мойындырық вена.
Ішкі мойындырық вена, vena jugularis interna- қанды ми сауытынан жинайды. Ми сауытының негізінде, мойындырық тесігінің айналасында пайда болып, осы тесік арқылы шығады.
Ішкі мойындырық венаның тармақтары 2 топқа бөлінеді: 1) бассүйек ішіндегі және 2) бассүйек сыртындағы.
1. Бассүйек ішіндегілерге мидың қатты қабығының қойнаулары және оған құятын ми веналары, ми сауыты сүйектерінің веналары, есту мүшелері веналары, көз шарасы веналары және қатты қабықша веналары жатады.
2.Бассүйек сыртындағыларға бассүйек пен беттің сыртқы бетінің ішкі мойындырық венасына құятын веналары жатады.
Бассүйек ішіндегі және бассүйек сыртындағы веналар арасында ми сауыты сүйектеріндегі тесіктер арқылы өтетін шығарушылар арқылы байланыстар болады.
Ішкі мойындырық венаға мойында бірнеші қан тамырлары қосылады. Олар:
1.Бет венасы-қанды маңдай, мұрын, еріннен,шайнау және ымдау бұлшық еттерінен, жұмсақ таңдайдан, таңдай безінен, жұтқыншақтың шырышты қабатынан, ауыз қуысынан жинайды.
2.Төменгі жақ асты венасы- қанды бастан, құлақ қалқанынан, құлақ маңы безінен, шайнау бұлшық еттерінен, төменгі жақтан, тістерден, мұрын қуысынан жинайды.
3.Жұтқыншақ венасы- қанды жұтқыншақтың қабырғасынан жинайды.
4.Тіл венасы- қанды тілден, тіл асты, төмегі жақ асты безінен, ауыз қуысының бұлшық еттерінен жинайды.