Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет52/88
Дата28.10.2022
өлшемі176,17 Kb.
#45963
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

Рефлекс доғасы-ағзалар арасындағы нейрондар арқылы түзілетін байланыстың көрнекі мысалы, ол нерв жүйесінің ең қарапайым, сонымен бірге негізгі реакциясы рефлекстің негізін құрайды. Рефлекс доғасы кем дегенде 2 нейроннан тұрады, олардың біреуі сезімтал бетпен байланысқан (мысалы, тері), ал екіншісі өзінің аксонымен бұлшықетте (безде) аяқталады. Тері тітіркенген кезде қозу онымен байланысқан нейрон арқылы екі нейронның байланысқан жері (синапс) орналасқан рефлекс орталығына келеді. Бұл жегде қозу басқа нейронға ауысып, енді орталықтан бұлшықетке немесе безге қарай жүреді, соның нәтижесінде бұлшықет жиырылады немесе бездің секрециясы өзгереді. Көбіне, қарапайым рефлекс доғасының құрамына 3-ші ендірме нейрон кіреді, ол сезімтал жолдан қозғалыс жолына аударып береді (станция). Бұлардан басқа ми қыртысын қоса, оның деңгейлері арқылы өтетін күрделі көп нейронды рефлекс доғалары бар.
Бүкіл нерв жүйесі қызметі жағынан үш элементтен тұрады: 1. Рецептор-нейронның тітіркеністі қабылдайтын ұшы, ол басталған қозуды орталыққа жеткізетін афферентті нейронмен байланысқан.
2. Кондуктор (өткізгіш) - жалғастыруды іске асырушы, қозуды орталыққа тепкіш нейроннан орталықтан тепкіш нейронға ауыстырады немесе ассоциативті нейрон.
3. Эффектор-нерв қозуын шетке өткізу арқылы жауап реакцияны іске асырушы, ол нерв импульсын жұмысшы ағзаға (бұлшықет, без) беретін эфферентті нейронның нервтік ұшы.
Рецепторлар қозуды организмнің үш сезімтал бетінен немесе рецепторлық алаңдарынан алады:1) экстероцептивтікалаң - дененің сыртқы терілік бетінен,
2)интероцептивтік алаң - дененің ішкі бетінен, ішкі ағзалар қуысына келетін химиялық заттардан тітіркену қабылдайды,
3)проприоцептивтік алаң - ағзалар орналасқан дене қабырғасы қабатынан.
Адамның біртұтас нерв жүйесі организмнің екі негізгі - ішкі және жануар бөлігіне сәйкес шартты түрде екіге бөлінеді:
1. Вегетативті немесе автономды нерв жүйесі барлық ішкі ағзаларды, эндокринді жүйе мен тері бұлшық еттерін, жүрек пен тамырларды, яғни организмнің ішкі ортасын түзетін ағзаларын нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет