Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет57/88
Дата28.10.2022
өлшемі176,17 Kb.
#45963
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

Сопақша мидың ішкі құрылысы.Сопақша мида сұр заттың тепе- теңдікке, қимыл-қозғалыстарды үйлестіруге, зат алмасу, тыныс алу және қан айналымын реттеуге қатысы бар ядролар орналасқан.
1.Олива ядросы, nucleus olivaris, оливаның сырт жағынан томпаюына себеп болады, аралық тепе-теңдік ядросы. Адамда тік жүру үшін жақсы дамыған.
2. Торлы құрылым, formatio reticularis, нерв талшықтарының айқасып өрілуі мен оолардың арасында жататын нерв жасушаларынан түзілген.
3.Бассүйек нервтерінің төрт жұбының XII-IX ядролары.
4.Кезбе нервтің ядроларымен байланысқан тыныс алу мен қан айналымының өмірлік маңызды орталықтары орналасқан. Сондықтан сопақша ми зақымданғанда адам өліп кетуі мүмкін.
Сопақша мидың ақ затында ұзын және қысқа талшықтар бар. Ұзын талшықтарға жұлынның алдыңғы жіпшелеріне тура өтетін пирамидалық жолдар жатады.Сонымен қатар артқы жіпше ядроларында жоғары көтерілетін сезімтал жолдардың ІІ-ші ядролары жатады.
Артқы ми, metencephalon, 2 бөліктен : алдыңғы - көпірден және артқы мишықтан тұрады.
Көпір, pons, артқы жағында сопақша мидың жоғарғы шетімен, алдыңғы жағында ми аяқшаларымен шектесетін жуан ақ түсті түзіліс, латералды шекарасы-үшкіл және бет нерв түбіршіктері арқылы жүргізілген сызық. Осы сызықтан латералды екі жағында мишыққа батып тұратын ортаңғы мишық аяқшалары жатады.Артқы беті сырт жағынан көрінбейді, өйткені ромб тәрізді шұңқырдың жоғарғы бөлігін түзе, мишықтың астында жасырынып жатады.Көпірдің алдыңғы беті талшықты, алдыңғы беттің ортаңғы сызығы бойымен жалпақ сай өтеді- онда негіздік артерия жатады.
Көпірдің ішкі құрылысы. Көлденең кесіндісінде үлкен алдыңғы (вентралды) және кішілеу дорсалды бөліктерден тұрады. Алдыңғы бөліктің құрамында бойлық және көлденең талшықтар бар, олардың арасында сұр заттың меншікті ядролары шашырап жатады. Бойлық талшықтар пирамидалық жолдарға жатады, олар көпірдің меншікті ядроларымен байланысқан, ол ядролардан мишық қыртысына баратын көлденең талшықтар басталады. Өткізгіш жолдардың бүкіл бұл жүйесі көпір арқылы үлкен ми сыңарларын мишық қыртысымен байланыстырады, сондықтан көпір адамда күшті дамыған. Дорсалды бөлімінде торлы құрылым жатады, ал торлы құрылым үстінде ромб тәрізді шұңқырдың түбі жатады, ол жерде VIII-V жұп бассүйек нервтерінің ядролары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет