Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Сыртқы тітіркену рецепторларынан келетін өткізгіш жолдар



бет63/88
Дата28.10.2022
өлшемі176,17 Kb.
#45963
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

Сыртқы тітіркену рецепторларынан келетін өткізгіш жолдар.
Тері анализаторының өткізгіш жолдары. Тері анализаторының афферентті талшықтары үлкен ми қыртысына тактильді тітіркенулерін, стереогнозия сезімін (затты сипап білу) ауыру және температура тітіркенулерін жеткізу, осыған байланысты бірнеше топқа бөлінеді: 1) Терінің тактильді (жанасу және қысым сезу) сезімталдығын өткізгіш жолдар – түйін – жұлын – таламус - қыртыс жолы. Рецептор тері қабатында жатады. Өткізгіш жол 3 нейроннан тұрады. I-ші нейронның жасушалық денесі жұлын түйінінде орналасады. Бұл түйін жасушаларынан шығатын өсінді 2 тармаққа бөлінеді: оның шеткісі тері нерві құрамында рецептордан шығады; ал орталық тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы жіпшесіне барып, сол жерде жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармаққа бөлінеді. Олардың бір бөлігі жұлынның артқы мүйіздерінде аяқталады. Жоғарылаған талшықтардың көбі сопақша ми ядроларына жетеді. Олар жұлын - таламус жолын құрайды, оның будаларының айқасуы артқы түбіршіктің жұлынға кіретін деңгейінен 2-3 сегмент жоғары жерде өтеді. Сондықтан бұл буда зақымданғанда (біржақты), қарсы жақтың тері сезімталдығының бұзылуы зақымданған деңгейден төмендеу байқалады.
Бұл буда мидың сабау бөлігі арқылы таламусқа жетеді, жолында ми сабауы мен бассүйек нервтерінің қозғалыс ядроларымен байланысады, солар арқылы тері тітіркенгенде ми рефлекстері пайда болады. Мысалы, қол терісі тітіркенгенде көздің қимылдауы.Таламусқа III-ші нейронның жасуша денесі жатады, оның аксондары таламус – қыртыс жолы құрамында ми қыртысына, орталық артындағы қатпар мен тері анализаторының қыртыстық шеті – шеке бөлігіне барады. Тактильді және ауыру сезімталдығы мида жайыла жинақталған, сондықтан ми қыртысының шектеулі ошақтары зақымдалғанда олар көп бұзылмайды.
Кеңістіктік тері сезімталдығы – стерегноздың (заттарды сипап білу) өткізгіш жолдары – үш буыннан тұрады: 1) жұлын түйіндері; 2) сопақша ми ядролары; 3) таламус, жоғары төбе бөлігіндегі тері анализаторының қыртыстық шеті.
Ауырсыну және t0 сезімталдығының өткізгіш жолдары. 3 буыннан тұрады: 1) жұлын түйіні; 2) II-ші нейрон аксоны басқа жағына ауысып, таламусқа келеді; 3) онда III-ші нейронның денесі жатады, оның өсіндісі таламус-қыртыс жолы құрамында үлкен ми қыртысына ,сол жерде орталық артындағы қатпарда аяқталады.
Ми сабауы арқылы ми қыртысына 2 афферентті жүйе өтеді: 1) арнаулы жүйе – бұл барлық рецепторлардан (экстеро-, интеро- ) импульстар алып, ми қыртысы IV қабатының жасуша денелерінде аяқталатын барлық сезімтал өткізгіш жолдар; 2)арнаулы емес – торлы құрылымнан шығып, ми қыртысының барлық қабаттарының дендриттерінде аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет