VІ-ші жұп, әкететін нерв, n.abducens, көпірде орналасқан сомалық қозғалыс ядросынан шығып, жоғарғы көз саңылауы арқылы көз ұясына өтіп, көздің латералды тік бұлшық етін нервтендіреді.
ДӘРІС №37
ТАҚЫРЫБЫ: Бас ми жүйкелері (VII-XII жұп бас ми жүйкелері) құрылысы. VII – ші жұп, бет нерві, n. ғacialis- аралас нерв, ІІ- ші желбезек доғасы нерві ретінде одан дамыған бұлшық еттер- барлық мимикалық және тіласты бұлшық еттерінің бір бөлігін нервтендіреді. Оның құрамында аралық нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтар да бар. Көпірде жататын 3 ядросы бар : 1) қозғалыс, 2) сезімтал, 3) секреттік. Ми негізінен көпір мен сопақша мидың оливасының арасынан шығады. Ішкі есту тесігі арқылы самай сүйегіне кіреді, сол тесік арқылы төмен қарай бағытталып, самай сүйегінің біз-емізік тесігінен сыртқа шығады, құлақ маңы безін тесіп өтіп, үйрек табанына ұқсап тармақталады. Бет нерві беттің барлық мимикалық бұлшық еттерін, мойын бұлшық еттерін нервтендіреді.
VIII- ші жұп, кіреберіс- ұлу нерві, n.vestibulocochlearis, бет нервінен бөлініп шыққан афферентті нерв, есту және тепе-теңдік мүшесінен келетін сомалық –сезімтал талшықтары бар.Ол екі бөліктен тұрады : 1) кіреберіс, 2) ұлу. Олардың қызметі әртүрлі : 1) кіреберіс бөлігі ішкі құлақ лабиринтінің кіреберісі мен жартылай шеңберлі түтіктерде орналасқан статикалық аппараттардан импульстар өткізеді, ал ұлу бөлігі дыбыс тітіркенулерін қабылдайтын иірімді мүшеден есту импульстарын өткізеді. Екі нерв бірігіп, ішкі құлақ тесігі мен самай сүйегі пирамидасы арқылы ми сауытына кіріп, IV-ші қарынша түбіндегі ромб тәрізді шұңқырға барады. Кіреберіс бөліктің 4 ядросы, ұлу бөлігінің 2 ядросы бар.
ІХ – шы жұп, тіл – жұтқыншақ нерві, n.glossopharуngeus, даму үрдісінде нервтердің Х-шы жұбынан бөлінген аралас нерв. Онда 3 түрлі талшықтар бар : сезімтал, қозғалыс, секреттік. Құрам бөліктеріне сәйкес 3 ядросы бар. Түбіршіктері арқылы оливаның артында сопақша мидан шығып, кезбе нервпен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады. Нерв тіл түбіріне келіп, сол жерде соңғы тармақтарына бөлінеді :
Дабыл нерві – дабыл қуысы мен есту түтігінің шырышты қабығын нервтендіреді.
Біз-жұтқыншақ нерві – біз- жұтқыншақ бұлшық етіне барады.
Бадамша тармағы – таңдай бадамшаларына және доғашықтарына барады
Жұтқыншақ тармағы – жұтқыншаққа барады.
Тіл тармағы – тілдің артқы 3/1-не сезімтал талшықтар береді.