Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет77/88
Дата28.10.2022
өлшемі176,17 Kb.
#45963
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

ДӘРІС №40


ТАҚЫРЫБЫ: Сезім ағзалары жалпы сипаттамасы.Көз алмасы.Көз алмасының қабықтары және ішкі ядросы.Көздің қосалқы ағзалары.Көз жасының аппараты. Жарық анализаторының өткізгіш жолдары.Сыртқы,ортаңғы және ішкі құлақтың құрылыстары.Дыбыс сезу және тепе-теңдік ағзалары өткізгіш жолдары

Сезім ағзалары немесе анализаторлар деп нерв жүйесінің сыртқы ортадан, сондай – ақ дененің өз ағзаларынан тітіркенулер алатын және бұл тітіркенулерді сезімдер түрінде қабылдайтын ағзаларын айтады. Сезімдік таным үрдісі адамда 6 өзек бойынша іске асырылады: жанасу, есту, көру, дәм сезу, иіс сезу, жердің тарту күшін сезу. Осы мүшелер адамға оны қоршаған ортадағы дүние туралы жан – жақты мәлімет береді. Ол мәлімет адам санасында субъективті образдар, сезімдер, түйсіктер және жадындағы түсініктер түрінде бейнеленеді. Біз түрлі тітіркенулердің әсерінен болатын нерв қозуларын түрлі түйсіктер түрінде қабылдаймыз. Түйсік дегеніміз – сезім ағзасына әсер ету нәтижесінде сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам санасында бейнеленуі (В.И.Ленин). Сезім мүшелері - мидың құралдары (Ф.Энгельс). Мәселен, жарық энергиясы көздің торлы қабатына әсер етіп, нерв импульстарында пайда болып, олар нерв жүйесі арқылы беріліп, санамызда көру сезімін тудырады.


И. П. Павлов бойынша әр анализатор 3 бөліктен тұрады: 1) рецептор - тітіркенуді нервтік үрдіске айналдырушы (трансформатор), 2) кондуктор - нерв қозуын өткізуші, 3) анализатордың қыртыстық шеті. Сол жерде қозу сезім түрінде қабылданады.
Сезімдердің 2 тобы бар: 1) Қоршаған сыртқы материялық дүниенің заттары мен құбылыстарын бейнелейтін сезімдер; 2) Дененің жеке бөліктерінің қозғалыстары мен ішкі мүшелерінің жағдайын бейнелейтін сезімдер: қозғалыс сезімдері, дененің тепе – теңдігі, мүшелерді сезу. Осыған байланысты барлық сезім мүшелері 2 топқа бөлінеді:
1.Нерв импульсын экстероцептивті алаңнан алатын сыртқы сезім мүшелері – экстероцепторлар. Олар алтау: жердің тартуын сезу (гравитация ), тері арқылы сезу мүшелері, есту, көру, дәм сезу, иіс сезу мүшелері.
2.Ішкі сезім мүшелері: а) проприоцептивті алаңнан импульстар алатын
(бұлшық ет – буын сезімі, ол жердің тарту сезімімен тығыз байланысты) – проприоцепторлар, ә) интероцептивті алаңнан (ішкі мүшелер мен тамырлардан) нерв импульсін қабылдайтын мүшелер - интероцепторлар.
Сезім мүшелерін 2 топқа бөлумен қатар И.П.Павлов тағы да 2 сигналдық жүйеге бөледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет