Шәует шылбыры, finiculus spermaticus- жұп болып, ұмадан жіпшеленіп басталады. Оның құрамында жыныс безіне келетін артерия, вена қан тамырлары, жүйке талшықтары, лимфа тамыры және шәует шығарушы өзек болады. Шәует шылбыры ұмадан жоғары көтеріліп, шат өзегі арқылы іш қуысына кіреді. Осы жерде шәует шығарушы өзек, тамырлар мен жүйке талшықтарынан бөледі. Қан тамырлары, жүйке талшықтары жоғары көтеріліп іш астардың артына өтеді, ал шәует шығарушы өзек кіші асталға бағытталады.
Шәует көпіршіктері, vesicula seminalis- жұп , сопақша, ұзындығы 5см жуық, қуық пен тік ішектің кеңейген бөлігінің аралығында орналасқан. Шәует көпіршіктерінің жоғарғы кеңейген денесі, төменгі жіңішкерген бөлігі «шәует шашар өзегі» деп аталады. Шәует көпіршіктері сперма сұйықтығына толы. Сперма сұйықтығы түссіз, оның құрамында сперматозоидтар болады.
Шәует көпіршіктерінің қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі –шырышты, ортадағы- бұлшық етті, сыртқы- дәнекер тінді қабаты.Шәует көпіршіктерінің қуысы шәует шығарушы түтікке өтеді. Шәует шығарушы және шәует көпіршіктерінің шығарушы түтрігі бірігіп шәует шашушы түтік пайда болады. Оң және сол жақтағы шәует шашушы түтіктер қуық асты безінің артынан кіріп, несепе шығару жолына ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |