Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет46/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   180
Байланысты:
2 сем

Қуық асты безі, prostata, кіші астауда, қуықтың түп жағында, несеп шығарушы өзекті қоршап орналасқан аздау бөлігі безді, көптеу бөлігі бұлшықетті күрделі без. Ол сперма сұйықтығының құрамына кіретін сөл бөледі, бұлшық еттрі жиырылғанда сөлді шығарады, несеп шығарушы өзектің қысқышы қызметін атқарады.Эякуляция кезінде несептің ағуына кедергі жасап, несеп пен шәует араласып кетпейді. Ал жыныстық жетілу кезінде (17 жас), жыныстық жетілу кезінде без қызметін атқарады. Пішіні мен көлемі қаштанға ұқсайды.

Бездің қуыққа қараған негізі, төменге қараған ұшы, алдыңғы және артқы беті бар.Бездің дөңес алдыңғы беті қасаға симфизіне қарайды, одан шелмай және веналық өрім арқылы бөлінеді, ал артқы беті тік ішекке жанасып жатады, одан жэамбас астауының шандыры табақшасымен бөлінген, сондықтан тірі адамда тік ішек арқылы енгізілген саусақпен оны тік ішекке алдыңғы қабырғасынан ұстап біледі.

Шәует жіберетін түтіктер безге артқы бетінен кіріп, оның қабатымен төмен, медиалды және алға өтіп, несеп шығаратын өзектің қуықастылық бөлігіне ашылады.

Бездің оң, және сол және ортаңғы үлесі бар. Ортаңғы үлес без гипертрофиясы кезінді үлкейіп, несеп шығару қиындайды. Бездің диаметрі-3,5см көлденеңінен, алғы-артқы диаметрі-2см, вертикалды диаметрі-3см. Без шандырлы қабықпен қоршалған, одан ішке қарай бірыңғай салалы бұлшықет және дәнекер тіннен тұратын капсула жатады. Без көбіне бұлшықет тінінен тұратын негізге батырылған бездерден құралады, оның үлесшелері жіңішке, сәл тармақталған түтікшелерден тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет