Сол жақ қарынша, ventriculus sinister - конус пішінді, қабырғасының қалыңдығы оң қарынша қабырғасының қалыңдығынан 2-3 есе көп (10-15 мм және 5-8 мм), бұл бұлшықет қабатының есебінен пайда болады және сол қарыншаның (үлкен қан айналым шеңбері) оң қарыншаға (кіші қан айналым шеңбері) қарағанда көп жұмыс істеуіне байланысты. Сол жақ жүрекше- қарынша тесігі сопақ пішінді және қос жармалы немесе митралды қақпақпен жабылған, жармалардың бос жиектері қарынша қуысына қарайды, оларға сіңірлі жіпшелер бекиді. Емізікше бұлшықет сол қарыншада екеу- алдыңғы және артқы, әр емізікше бұлшықет митралды қақпақтың екі жармасына сіңірлі жіпшелер береді.