Дәріс №2. АКТ-ның стандарттары.
Мақсаты:студенттердің қазіргі заманғы компьютерлік ақпараттық технологияларды пайдалануын қалыптастыру.
Жоспары:
1. АКТ мен тұрақты дамудың мыңжылдық Декларациясындағы мақсаттарға жету арасындағы байланыс атқаратын міндеттері.
2. Әлемдік тарихи процесстер мен мәтіндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы. «ҚР тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы».
Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық төңкерістің кезекті кезеңі - АКТ-ларды өмірдің барлық салаларына енгізумен сипатталады, бұл технологиялар адам өмірінің салтын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жоғары қоғамға көшу үшін іргетас әрі материалдық база болады.Әлемде жаппай мынадай үрдістер байқалуда:
1) АКТ-ның ықпалымен барлық қоғамдық институттар мен адамның қызмет ету салаларының өзгеруі;
2) қазіргі заманғы технологияларды әзірлеудің, өндірудің және енгізудің барлық салаларының ілгерілеуі;
3) елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың міндеттеріне барабар дамыған ақпараттық орта қалыптастыруға ұмтылу;
4) тұрғындардың ақпараттық ресурстарға тең құқылы кепілдендірілген қолжетімділігін қамтамасыз ету;
5) азаматтарды, қоғамдық институттарды, бизнес пен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдарын ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау.
Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігінде тұтас қоғамда да, қызметтің жекелеген салаларында да ақпараттық даму стратегиялары немесе кешенді бағдарламалары әзірленген және іске асырылуда.Бұрынғы кеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда.
Жоғарыда аталған стратегиялар мен бағдарламаларды талдау ақпараттық дамудың ұлттық стратегиясын қалыптастырудағы, ақпараттық және инновациялық дамудың алға қойылған мақсаттарына қол жеткізу үшін қоғамның барлық топтарын шоғырландырудағы, ұлттық стратегияны іске асыру бойынша бизнесті, барлық қоғамдық институттар мен азаматтарды үйлестірудегі жетекші рөл мемлекетке берілгенін көрсетті.
Біздің елімізде ақпаратты қоғамның құрамдас бөліктерінің біреуіне ғана - "электрондық үкіметті" қалыптастыру мен дамытуға баса назар аударылып, сәтті іске асырылды, халықаралық рейтингтердің жоғары болуы осының айғағы. Алайда ақпаратты қоғамды қалыптастыру міндеті тек "электрондық үкімет" пен телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда ауқымды екені сөзсіз. Сондықтан, ақпаратты қоғамға көшуге ықпал ететін барлық қажетті жағдайларды жасау үшін және "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам" атты 2012 жылғы 10 шілдедегі мақалада берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін "Ақпаратты Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірленді.
Бағдарламаны әзірлеу кезінде Жаһандық ақпаратты қоғамның Окинава хартиясының (Окинава қ., Жапония, 2000 жыл, Ақпаратты қоғам құру қағидаттары декларациясының (Женева қ., Швейцария, 2003 жыл), Тунис міндеттемесі іс-қимыл жоспарының (Тунис қ., Тунис Республикасы, 2005 жыл), басқа да халықаралық құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі ережелері ескерілді.Ақпаратты қоғам құрудың халықаралық тәжірибесіне және жоғарыда аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отырып, Бағдарламада төрт түйінді бағыт айқындалған:
1) мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;
4) отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Осы бағыттардың шеңберінде АКТ-ны жаппай енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық және "ұтқыр үкімет" құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту жөніндегі міндеттер шешіледі. Ақпаратты қоғамды дамыту адами ресурстарды дамытумен сүйемелденуге тиіс екенін ескере отырып, Бағдарламада азаматтарға электрондық білім алу арқылы ақпараттық технологияларды игеруге және олармен жұмыс істеу дағдыларын алуға, өмір бойы оқуға және дайындалуға, қашықтан жұмыс істеуге, қолжетімді электрондық денсаулық сақтау қызметтерін алуға мүмкіндік беру үшін жағдайлар көзделген.
Бағдарламада экономиканың негіз қалаушы салаларына зияткерлік жүйелерді барынша енгізу көзделген. Ақпаратты қоғамға көшу саясатының тиімділігі АКТ кеңінен қолдану және электрондық қызметтер көрсету бойынша бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыруға байланысты болады."Ақпаратты Қазақстан - 2030" мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның ақпараттық қоғамға көшуін іске асырудың қорытындылаушы кезеңіне айналады деп болжанады.
Достарыңызбен бөлісу: |