Дәріс №2. Қазіргі заманғы экологиялық мәселелер. Жоспары:
1.Ғаламдық мәселе түсінігі 2.Судың ластануы 3.Атмосфералық ауаның ластануы 4.Топырақтың ластануы
Озон қабатының жұқаруы 6.Қышқылдыжауын-шашындар.
Ғаламдық экологиялық мәселелер - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманын экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б.
Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуынан қолайсыз әсерлердің туындауын. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдегін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.
шығу тегібойынша:
табиғи және жасанды(антропогенді); 2)пайда болу көзінебайланысты:
а) өндірістік,ауыл шаруашылық,транспорттық жәнет.б;
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры),объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы,бүкіл экожүйе),трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
3)әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық,аймақтық,жергілікті; 4)қоршаған ортаның элементтері бойынша:
атмосфера,топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит,тұщы су,жер асты сулары,өзен сулары жәнет.б.);
әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы,ауыл шаруашылық ортасы,өнеркәсіп орындарының ішінде,пәтер ішінде жәнет.б;
әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер),физикалық (радиоактивті,радиациялық жылулық,шу, электромагниттік),физико-химиялық (аэрозолдер),биологиялық (микробиологиялық жәнет.б);
әсер етудің периодтылығына байланысты (өнеркәсіп орындарының қалдықтары),екінші ретті (смогты құбылыстардыңөнімдері);
тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – жүз және мың жыл тұратын (азот,оттегі,аргон және басқа инертті газдар),тұрақты -5-25 жыл (көмірқышықыл газы,метан,фреондар),тұрақсыз (су буы,көміртегі тотығы,күкіртті газ,күкіртсутек,азоттың қостотығы,озон қабатындағы фреон).