22,3 Қазақ ауылының кеңестендіру саясаты-қазақ дәстүрлі қоғамының жойылуы.Бай швруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси экономикалық салдары. 1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тəркілеу
жөніндегі заң жобасын əзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928
жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жо-
басын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында
Өлкелік комитет тəркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын
комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ер-
назаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмаков, Г.
Тоғжанов, О. Жандосов жəне т. б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызын-
да Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде
244
тəркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды. Республиканың барлық аудандарына тəркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді.
Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тəркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400- ден астам малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар жəне бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.
1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің “Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі жəне отырықшы аудандарын белгілеу туралы” арнайы қаулысы қабылданып, соған сəйкес аудандар белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспар- ланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 10 күнге ұзартылды. 1928 жылғы 30 тамыздағы қаулыға сəйкес, со- нымен қатар тəркіленгендерді жер аударылуға тиісті аудандар да анықталды.
Тəркілеуге байланысты декретте əсіресе, көшпелі аудандардағы шаруа қожалықтарына деген қаталдық айқын болды. Осы көшпелі аудандағылардың малы тəркілеу мөлшерінен аз болған күннің өзінде де, егер бұл адамдар ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге қауіпті элемент ретінде жер аударылуға тиіс болды. Тəркілеу тура- лы ереже бойынша жер аударылғандардың бəрі сайлау құқығынан айырылды.
Байларды тəркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар құрылды. Уəкілдер бастаған комиссия мүшелері тəркілеу барысында кеңес үкіметінің нұсқауларын, яғни байларды тəркілеу туралы ережені өрескел бұрмалады. Ауыл белсенділері жоғарыдан келген уəкілдің қолдауымен тіпті ауқатты адамдарды да қыспаққа түсірді.
Республика көлемінде барлығы 696 “бай-феодалдар” тəркіленді. Қазақ қоғамында ірі байлардың көп болмағанын осы 1928 жылғы жүргізілген тəркілеу барысы мен оның нəтижелері көрсетіп берді. Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлар- дан 225972 бас малды тəркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана тəркіленді: бұл белгілен- ген жоспардың 64%-і ғана. Оның себебі, алдын ала жасалынған малдың есебі дұрыс емес еді. Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мəжбүр болды. Барлық тəркіленген малдың 10,2% отырықшы аудандардан, 83,3% жартылай көшпелі аудандардан жəне 6,5% көшпелі аудандардан еді. Тəркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға (74,3%) жəне колхоздарға (25,7%) та- ратылып берілді. Тəркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды. Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тəркілеуге қарсы шықты. Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін, сондықтан да əлеуметтік сілкіністерге бармай, ауқатты ша- руа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды. Ал большевиктер болса бұл пікірлерге құлақ аспай, таптық принциптерінен ауытқымай, сол мақсатқа жету жолында күшпен тəркілеу идеясын жүзеге асырды. Қазақ байларын тəркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы бол- ды. Байларды тəркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Керісінше, байлардың малын тəркілеу «қайыршыланған» ауылдар халқының өсуіне əкелді. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тəркілеу мал шаруашылығының даму қарқынын тежеді.