Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі түсініктері: импульс моменті, күш моменті, инерция моменті
Бөлшектің О нүктесіне қатысты импульс моменті деп векторына тең шаманы айтады:
, (2.5)
мұндағы – берілген уақыт мезетіндегі бөлшектің радиус-векторы;
– оның импульсі ().
Импульс моментінің векторы және векторлары жатқан жазықтыққа перпендикуляр болады (2.1 сурет).
2.1 сурет 2.2 сурет
Бөлшектер жүйесінің импульс моменті жүйенің барлық бөлшектерінің импульс моменттерінің векторлық қосындысына тең:
( ұқсас). (2.6)
О нүктесіне қатысты күш моменті деп тең векторын айтады:
, (2.7)
мұндағы – күш түсірілген нүктеге жүргізілген радиус–вектор.
Күш моменті күштің денені нүктеге қатысты айналдыру қабілетін сипаттайды. О нүктесіне бекітілген дене күштің әсерінен моменттің бағытымен сәйкес келетін осьті айналады (2.2 сурет).
(2.5) теңдеуінен уақыт бойынша туынды алып, күш моментінің бөлшектің импульс моментінің өзгеру жылдамдығы арқылы анықталатынын көруге болады:
. (2.8)
Мұндағы –жүйенің импульс моменті;
– жүйеге әсер ететін сыртқы күштердің қорытқы моменті.
Осы қатынас моменттер теңдеуі деп аталады.
Бекітілген Oz осін қатты дене айналып қозғалады делік. Денеге күш түсірілген. Oz осіне қатысты күш моменті деп О нүктесіне қатысты күш моментінің Мz проекциясын айтады. Ол берілген күштің берілген осьті айналдыру қабілетін сипаттайды және тең болады:
, (2.9)
мұндағы l – r sin-ға тең күшінің иіні;
– оське перпендикуляр жазықтықта осьтен күш түсірілген нүктеге дейін жүргізілген радиус-вектор ;
– күштің осы жазықтыққа жүргізілген проекциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |