Дәріс №3 Жарықтың дифракциясы


Дифракциялық тордың ажыратушы қабілеті



бет5/5
Дата17.10.2023
өлшемі208,55 Kb.
#117393
1   2   3   4   5
Байланысты:
file-3427

2. Дифракциялық тордың ажыратушы қабілеті.

m спектр реті, N саңылаулар саны.
Интерферометрлер — өте сезімтал оптикалық құралдар, олар мөлдір денелердің (газдар, сұйықтар және қатты денелер) сыну көрсеткіштерінің өте мардымсыз өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді (қысым, температура, қоспаларға байланысты). Осындай интерферометрлер интерференциялық рефрактометрлер деп аталады. Интерференцияланатын сәулелер жолына екі бірдей ұзындықтары l –ге тең ыдыстар қояды. Олардың біреуі белгілі газбен(n0), ал екіншісі белгісіз газбен (nx) толтырылады. Интерференцияланатын сәулелер арасында пайда болатын оптикалық жолдар айырмасы =(nxn0)l . Жолдар айырмасының ығысуы интерференциялық бейненің де ығысуына алып келеді. Бұл ығысу мына шамамен сипатталады:

мұндағы m0 интерференциялық бейненің интерференциялық жолақтың енінің қандай бөлігіне ығысқанын көрсетеді. Измеряя величину m0 шамасын өлшей отырып, l, n0 және белгілі болса, онда nx немесе nxn0 өзгерісін анықтауға болады. Мысалы, интерференциялық бейне жолақтың 1/5 ығыссын және l=10 см, =0,5 мкм болса, онда nxn0 = 10–6, яғни т 1/1 000 000 дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады.
Интерферометрлер оптикалық детальдардың сапасын анықтауға, бұрыштарды өлшеуге, ауада өте тез өтетін процестерді және ұшу құралдарын зерттеуге және т,б, қолданылады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Жарық дегеніміз не?

  2. Жарықтың дифракциясы дегеніміз не?

  3. Гюйгенс принципін түсіндіріңіз.

  4. Толқын майданын Френель зоналарына қалай бөлуге болады?

  5. Тар саңылаудағы дифракция құбылысын түсіндіріңіз.

  6. Тар саңылаудағы дифракцияның максимум және минимум шарты.

  7. Дифракциялық тор дегеніміз не?

  8. Дифракциялық тордағы дифракция құбылысын түсіндіріңіз.

  9. Тордағы дифракцияның максимум және минимум шарттары қандай?

  10. Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзындығын анықтау тәсілін түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет