Дәріс 4 Цифрлық білім беру ресурстарының түрлері және жіктемесі


Білім беруде қолданылатын цифрлық білім беру ресурстарының сапасына қойылатын талаптар



бет2/2
Дата26.12.2023
өлшемі137,38 Kb.
#143476
түріСабақ
1   2
Білім беруде қолданылатын цифрлық білім беру ресурстарының сапасына қойылатын талаптар
Барлық білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары сапалы болу керек. Бұл барлығына да мәлім. Осыған қарамастан, сапа ұғымын міндетті түрде жіктелуді қажет етеді. Сапалы деп атану үшін, білім беруді ақпараттандыру құралдары қандай талаптарға сай келуін нақты анықтау қажет. Осындай талаптарды анықтау осы немесе басқа нақты білім беру электрондық басылымы немесе ресурсының сапа деңгейін анықтау бойынша сарапшылардың және қатардағы оқытушылардың мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді.
Басылымдар мен ресурстардың өздері сияқты, оларға қойылатын талаптарды бірнеше белгілер бойынша топтауға болады. Атап айтқанда, барлық талаптарды екі негізгі топқа бөлуге болады: барлық білім беру электрондық басылымдарға шектеусіз қатысты білім беру деңгейіне инвариантты талаптар және жалпы орта, жоғары кәсіби және қосымша білім, сонымен қатар мүмкіншіліктері шектеулі адамдарды оқыту ақпараттандыру құралдарына қойылатын арнайы талаптар.
Бәрінен бұрын, білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар сияқты дәстүрлі оқу басылымдарына қойылатын стандартты дидактикалық талаптарға сәйкес болу керек. Дидактикалық талаптар оқытудың арнайы заңдылықтарына және тиісті түрде оқытудың дидактикалық қағидаларына сәйкес келеді. Ары қарай бірінші топтың талаптарына жататын білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарына қойылатын дәстүрлі дидактикалық талаптар қарастырылған.
Сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, ғылымдылықты қамтамасыз ету талабы электрондық оқыту құралдарының (ЭОҚ) соңғы ғылыми жетістіктерін ескере отырып ұсынған оқу материалының жеткілікті тереңділігін, әдептілігін және мазмұнының ғылыми дұрыстылығын білдіреді. Білім беру жүйесінің қажеттіліктеріне сәйкес, оқу материалын ЭОҚ көмегімен игеру ғылыми танудың негізгі әдістерін ескере отырып құрылу керек: сараптау, салыстыру, бақылау, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, ұқсастық, индукция және дедукция, талдау және синтез, өңдеу және жүйел талдау.
Электрондық оқыту құралдарын пайдалана отырып, оқытудың қол жетімділігін қамтамасыз ету талабы оқушылардың жасы мен жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқу материалының теориялық қыиндылығының деңгейін және зерттеу тереңділігін анықтау қажеттілігін білдіреді.
Оқу материалының тым қиын болуына және аса күрделі болуына жол берілмейді, осы кезде осы материалды игеру оқушы үшін мүмкін емес.
Оқытудың мәселелігін қамтамасыз ету талабы оқу танымдық әрекеттің мағынасы және сипатымен шартталады. Оқушы шешіуді қажет ететін оқулық мәселемен кездескен кезде, оның ойлау қабілеті белсенді бола бастайды. Осы дидактикалық талапты электрондық оқыту құралдары арқылы орындалу деңгейі дәстүрлі оқулықтар мен нұсқауларды пайдаланумен салыстырғанда, айтарлықтай жоғары болуы мүмкін.
Оқытудың көрнекіліктігін қамтамасыз ету талабы зерттеліп отырған нысандардың, олардың макеттерінің немесе модельдерінің сезімдік түсінуін және оқушылардың жеке бақылауын есепке алу қажеттілігін білдіреді. Электрондық оқыту құралдарын пайдалану кезінде көрнекілікті қамтамасыз ету талабы жаңа, жоғары деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Виртуалды шындық жүйесін тарату жақын болашақта оқытудың көрнекіліктері туралы ғана емес, полисенсорлығы да туралы айтуға мүмкіндік береді.
Оқытудың саналығын, оқушының өз еркімен және белсенді әрекет етуін қамтамасыз ету талабы оқу әрекетінің қорытынды мақсаттары мен мәселелерін нақты түсіне отырып, оқу ақпаратты алу бойынша оқушылардың өз еркімен жасаған әрекеттерін білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының құралдарымен қамтамасыз етуді ұйғарады.
Осы кезде оқушы үшін құрылған болып оның оқу әрекеті бағытталған мазмұны табылады. Білім берудің электрондық басылымдары және ресурстарымен жұмыс жасау мен пайдалану негізінде әрекеттік тәсіл болу керек. Сондықтан тиісті басылымдар мен ресурстарда оқушы әрекетінің нақты моделі көріну керек. Оның әрекетінің дәлелдері оқу материалының мазмұнына сәйкес болу тиіс. Оқытудың белсенділігін жоғарлату үшін білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының қосалқы жүйелер оқу жағдайларын білдіру керек, сұрақтарды қалыптастыру керек, оқушыға оқудың осы немесе басқа траекториясын таңдау мүмкіндігін ұсынып, оқиғалар барысын басқару мүмкіндігін беру керек.
Электрондық оқыту құралдарын пайдалану кезінде оқытудың жүйелігі мен кезектілігін қамтамасыз ету талабы оқушылар оқылып отырған пәндік салада білімдердің белгілі жүйесін кезекті түрде игеру қажеттілігін қамтамасыз етуді, білімдер, ептілік пен дағдылар белгілі жүйеде, логикалық негізделген түрде қалыптасуын қамтамасыз етуді білдіреді. Ол үшін қажет:
- оқу материалын жүйелі және құрылыстырылған түрде ұсыну,
оқу ақпараттың әр бөлігін қалыптастыру және ұсыну кезінде қалыптасатын білімдердің, ептіліктер мен дағдылардың ретроспективаларын, сонымен қатар перспективаларын есепке алу;
- зерттеліп отырған материалдың пәнаралық байланыстарын есепке алу;
- оқу материалын және оқытатын әсерлерді берудің дидактикалық негізделген кезектілігі;
- оқыту логикасымен анықталған кезектілікте білім алу үдерісін ұйымдастыру;
- мысалдарды, мазмұнды сәттерді құру, тәжірибелік сипаттағы тапсырмаларды, сараптамаларды, түрлі үдерістер мен құбылыстардың модельдерін ұсыну арқылы электрондық оқыту құралдарын ұсынған ақпаратпен байланысты қамтамасыз ету.
Бақылайтын - өлшейтін электрондық оқыту құралдарының және олардың құрылыстарының мазмұнды және функционалдық анықтығын қамтамасыз ету талабы. Оқу жүйесінің қажеттіліктер осындай электрондық оқыту құралдарына бақылайтын-өлшейтін материал оқу материалының мазмұнына (мазмұнды анықтығы) және оқушылар әрекетінің бағаланып отырған деңгейіне (функционалдық анықтығы) сәйкес келуін қамтамасыз ету талаптарын жүктейді.
Бақылайтын-өлшейтін электрондық оқыту құралдарының және олардың құрылыстарын пайдалану кезінде сенімділікті қамтамасыз ету талабы электрондық оқыту құралдарын пайдалана отырып, оқу материалын игеру деңгейін дұрыс өлшеу ықтималдығы ретінде анықталады. Талап білім беру жүйесінің көп мәртелі өлшеу қорытындыларының тұрақтылығын қамтамасыз ету немесе бір оқушының оқыту қорытындыларын қадағалауды қамтамасыз етуге негізделеді.
Электрондық оқыту құралдарына, сондай-ақ, білім беру сипаттағы дәстүрлі басылымдарға да қойылатын дәстүрлі дидактикалық талаптардан басқа, оқытудың ақпараттандыру құралдарына электрондық оқыту құралдарын құру және жұмыс жасауында қазіргі заманғы ақпараттық және телеқатынастық технологиялардың артықшылықтарын пайдаланумен шартталған арнайыландырылған дидактикалық талаптар қойылады.
Дағдылану талабы электрондық оқыту құралдарын оқушының жеке мүмкіншіліктеріне икемделуін ұйғарады. Талап электрондық оқыту құралдарын пайдалана отырып оқыту үдерісін оқушының білімдері мен ептіліктерінің деңгейіне, психологиялық ерекшеліктеріне дағдылануды, үйренуді білдіреді.
Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану кезінде электрондық оқыту құралдарына дағдыланудың үш деңгейін ажырата білу керек. Дағдыланудың бірінші деңгейі болып, оқушы өзіне лайықты жеке материалды оқу темпін таңдау мүмкіндігі саналады. Дағдыланудың екінші деңгейі оқушының жағдайының диагностикасын ұйғарады, оның қорытындылары негізінде оқыту мазмұны мен әдістемесі ұсынылады. Дағдыланудың үшінші деңгейі ашық тәсілге негізделеді, ол мүмкін болатын пайдаланушылардың жіктелуін ұйғармайды және электрондық оқыту құралдарының авторлары оны пайдаланудың көп нұсқасын және оқушылардың санына қарай әзірлеуге ұмтылып отыр.
Оқудың интербелсенділігінің талабы дегеніміз, оқу үдерісінде оқушының электрондық оқыту құралдарын екі тарапты өзара жұмыс жасай алуын білдіреді. Электрондық оқыту құралдары диалогты және қайта байланысты қамтамасыз ету керек. Диалогты ұйымдастырудың маңызды құрастырушы бөлігі болып электрондық оқыту құралдарын оқушылар мен оқытушылардың ісіне деген міндетті теңбе-тең реакциясы табылады. Кері байланыс құралдары бақылауды жүзеге асырады және оқушының іс-әрекетін реттейді, ары қарай жұмыс бойынша ұсыныстар жасайды, анықтамалық және түсіндіретін ақпаратқа деген тұрақты қол жеткізуді жүзеге асырады. Оқу жұмысының қорытындылары бойынша қателер диагностикасы кезінде кері байланыс құралдары білім деңгейін жоғарлату жөнінде нұсқаулармен бірге жұмыс талдауының қорытындыларын да береді.
Интербелсенділікті және кері байланысты нақтырақ қарастыру керек, өйткені интербелсенділік және кері байланыстың болуы көптеген электрондық оқыту құралдарынан ерекше айырмашылығы болып табылады.
"Оқытушы - ЭОҚ- оқушы" үштігінде кері байланысты екі негізгі түрге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Ішкі кері байланыс электрондық оқыту құралдарын оқушыға ол жаттығуларды орындау кезіндегі істер не жауап ретінде түсетін ақпаратты білдіреді. Осындай байланыс оқу әрекетін оқушы өз түзету үшін арналған. Ішк кері байланыс оқушыға оқу әрекетінің табыстылығы немесе қателіктігі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ол оқушыны рефлексияға оятады, ары қарай істерге деген ынта болып табылады, оқу әрекетінің қорытындыларын бағалауға және реттестіруге көмектеседі.
Ішкі кері байланыс кеңес беруші және қорытынды бола алады. Кеңес беру ретінде көмек, түсіндіру, еске түсіру, итермелеу және т.б. болуы мүмкін. Қорытынды кері байланыс, сондай-ақ, әр түрлі болуы мүмкін: оқушыға шешілген мысалдың дұрыстығы туралы ақпаратты хабарлаудан бастап дұрыс қорытындыны немесе әрекет әдісін көрсетуге дейін.
Сыртқы кері байланыстың ақпараты компьютер техниканы және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып, оқытуды жүргізетін оқытушыға түседі, және онымен оқушының әрекетін, сонымен қатар электрондық оқыту құралдарының жұмыс жасау режимін реттеу үшін пайдаланады. Электрондық оқыту құралдарына қойылатын талаптарды қарастыруды жалғастырайық.Электрондық оқыту құралдары екі тарапты өзара жұмыс жасау орын алуын білдіреді.
Электрондық оқыту құралдарымен жұмыс жасау кезінде оқушының зияткерлік әлеуетінің дамуын талап ету талабы электрондық оқыту құралдарымен жұмыс кезінде білім беру жүйесінің оқушының ойлау стильдерінің (алгоритмикалық көрнекілік-образдық, теориялық қалыптасуына деген қажеттіліктеріне, күрделі жағдайда лайықты шешім қабылдау ептілігі немесе күрделі жағдайда нұсқалық шешімдерде, ақпаратты өңдеу бойынша дағдыларға (деректерді өңдеу жүйесін, ақпараттық-іздеу деректердің, дерек көздерді және т.б. пайдалану негізінде жауап береді.
Электрондық оқыту құралдарында оқу материалын ұсынудың жүйелігі мен құрылымдық-фунционалдық байланыстығының талабы. Осы талапты атауы өзі туралы айтып отыр.
Бақылайтын-өлшейтін оқулық электрондық оқыту құралдарында тапсырмалардың қалыптастырылғаны мен бірегейлігін қамтамасыз ету талабы. Осы талапқа сәйкес, оқушыға қойылатын талаптар өлшеулер немесе бақылаулар басталғанға дейін толығымен болмау керек, оқушы электрондық оқыту құралдарымен жұмыс жасап отырғанда кездейсоқ пайда болу керек. Осы кезде, түрлі оқышулар алған тапсырмалар түрлі болу керек, бұл педагогикалық өлшеулердің нақтылығы мен барабарлығын қамтамасыз етудегі білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келеді.
Электрондық оқыту құралдарын пайдалана отырып, оқытудың дидактикалық циклының толықтығын (тұтастығын) және үзіліссіздігін қамтамасыз ету талабы электрондық оқыту құралдары ақпараттық және телеқатынас техникасымен жұмыс жасау сеансының бір сеансы шектерінде дидактикалық циклдың барлық буындарының орындалу мүмкіндігін ұсыну керек дегенді білдіреді.
Дидактикалық талаптармен әдістемелік талаптар тығыз байланысты. Білім беру электронды басылымдар мен ресурстарға деген әдістемелік талаптар оның ақпараттандырылуына ақпараттық технологиялар құралдарды әзірлеу және пайдалану бағытталған, тиісті ғылымның мазмұны ерекшеліктер, оның ұғымдық аппараты, оның заңдылықтарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің қазіргі заманғы технологияларының мүмкіншіліктеріне бағытталған нақты оқу пәнінің арнайы ерекшеліктерін ескеруді ұйғарады.
Осыған байланысты білім беру электронды басылымдар мен ресурстар төмендегі әдістемелік талаптарға сәйкес келу керек:
1. Нақты техникалық жүйелердің және құрылғылардың көпшілігіне және олардың жұмыс жасау күрделілігіне байланысты оқу материалын ұсыну оқытудың ақпараттандырылған құралының көмегімен оқушылардың ойлау қабілеттерінің ұғымдық, образдық және әрекеттің компоненттерінің өзара байланыстығы мен өзара әрекеттігінде құрылу керек.
2. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары оның әр деңгей абстракцияның белгілі дисциплина ішіндегі деңгейіне сәйкес келетін көп деңгейлі иерархиялық құрылым ретінде білім беру саласының ғылыми ұғымдары жүйесінің кескінін қамтамасыз ету керек, сонымен қатар осы ұғымдардың бір деңгейлік, сонымен қатар деңгей аралық логикалық өзара байланыстарының есеюін қамтамасыз ету керек.
3. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары алгоритмдік және эвристикалық әрекеттерді жүзеге асыру үшін жеткілікті игеру деңгейде оқушылар білімінің дисциплина ішіндегі абстракция деңгейін кезеңді түрде жоғарлату үшін оқушыға түрлі бақыланатын жаттығу әрекеттер мүмкіншілігін ұсыну тиіс.
Оқытуды ақпараттандырудың құралдарын әзірлеу және пайдалануға қойылатын дидактикалық талаптарды ескере отырып, оқулық электрондық басылымдар мен ресурстарды құру сапасына және пайдалану тиімділігіне әсер ететін бір қатар психологиялық талаптар анықталып отыр. Төменде көрсетілген психологиялық талаптар психологиялық-педагогикалық зерттеулердің талдауынан шығып отыр және талаптар қатарына жатады.
1. Білім берудің электрондық басылымында немесе ресурсында оқу материалын ұсыну тек вербалдық-логикалық емес, сонымен қатар когнитивтік үдерісінің сенсорлық-перцептивтік және ұсыну деңгейлеріне сәйкес келуі тиіс. Оқытуды ақпараттандыру құралы келесі танымдық психологиялық үрділердің ерекшеліктерін ескере отырып, құрылуы керек:

  • қабылдау (көбінесе, көзбен көру, сонымен қатар есту, сезу),
    назарды аулау (оның тұрақтылығы, шоғырлануы, бір нәрседен екіншіге аудару, бөлісуі және назары);

  • ойлау қабілеті (теориялық ұғымдық, теориялық образдық, тәжірибелік көрнекілік-образдық, тәжірибелік - әрекеттік);

  • есте сақтау (бір сәттік, қысқа мерзімдік, жедел, ұзақ мерзімді , қысқа мерзімдік есте сақтауда ақпаратты алмастыру) елестету.

2. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын мазмұнды толтыру нақты жас контингентінің тезаурусына және лингвистикалық композициясына және оқушылар дайындығына бағытталуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, оқытудың ақпараттандыру құралдары оқушының білім жүйесін ескере отырып және оның тілін біле отырып құрастырылу керек. Оқу материалын талқылау оқушылардың нақты жастағы контингентіне түсінікті болу керек, бірақ өте қарапайым болмау керек, өйткені бұл назардың төмендеуіне апарады.
3. Оқытуды ақпараттандыру құралдарын құру және пайдалану оқушылардың образдық, сонымен қатар логикалық ойлау қабілетіне бағытталуы керек.
Техника-технологиялықтарға талаптардың көптеген санын жатқызуға болады. Осы нұсқаулық аясында негізгі техникалық және технологиялық талаптардың санына келесі талаптарды жатқызуға болады:
1. Нақты білім беру саласында пайдаланып отырған оқулық электрондық басылымдар мен ресурстардың жұмыс жасауының әдептілігі;
2. Оқулық электрондық басылымдар мен ресурстардың телеқатынас салаларында (атап айтқанда, Интернет желісінде) жұмыс жасауының әдептілігі;
3. Локальдық (компакт-дисклерде, басқа сыртқы ақпаратты жеткіз-ушілерде) және желістік режимде жұмыс жасауы;
4. Мультимедиа және телеқатынас технологияларын көбінше
пайдалануы;
5. Сенімділігі мен тұрақты жұмыс қабілеті;
6. Гетерогенділігі (түрлі компьютерлік және басқа оларға ұқсас құралдарда тұрақты жұмысы);
7. Кемшіліктерге деген ұстамдылығы;
8. Пайдаланушылардың заңсыз әрекеттерінен қорғаудың болуы;
9. Ресурстарды тиімді және дәлелді пайдалануы;
10. Тестілеу;
11. Қарапайымдылығы, сенімділігі және инсталяция және деинсталяция
12. Толықтығы.
Түрлі білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарыyf қатысты, оларды тарату технологиясына байланысты, арнайы технологиялық талаптар пайдалануы мүмкін. Жергілікті оқулық электрондық басылымдар мен ресурстарға қойылатын технологиялық талаптар:

  • түрлі электрондық жеткізушілерді пайдалану мүмкіншілігін қамтамасыз ету;

  • электрондық және қағаз жеткізушілерді үйлестіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

  • желілік оқулық электрондық басылымдар мен ресурстарға қойылатын технологиялық талаптар:

  • жергілікті және желілік режимдерде жұмыс жасау мүмкіншілігін қамтамасыз ету;

  • "клиент-сервер" компьютерлік желілік архитектураға бағытталу, оқыту үрдісінің (администрирования) әкімшілендіру құралдарының (жеткізуді басқару, тіркеу, бақылау, оқыту қорытындыларының статистикалық талдау құралдарының болуы) және жалпы ақпараттық біріккен және үндестірілген базалардың болуы;

  • ұжымдық жұмысты ұйымдастырудың қосалқы жүйелерінің болуы (оқытушылармен және басқа оқушылармен кері байланыстың болуы);

  • платформалық және бағдарламалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.

Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарына қойылатын эргономикалық талаптар да жеке нұсқаулардың қарастыру нысаны болу керек. Негізгі эргономикалық және олармен байланысты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарап құрылатын, оқуға деген ынта деңгейін жоғарлауын қамтамасыз ететін, ақпараттың суретіне және оқулық электрондық басылымдар мен ресурстардың жұмыс режимдеріне қатысты талаптарды атап өту керек. Негізгі эргономикалық талап болып оқу үдерісін ақпараттандыру кезінде оқушыға деген гуманды (адамгершілік) қатынасты қамтамасыз ету болып табылады, бұл келесіні білдіреді:

  • білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарында достық интерфейсті ұйымдастыруды;

  • оқушы қажетті анықтамаларды, көмекті және әдістемелік нұсқауларды пайдалану мүмкіншілігін қамтамасыз ету;

  • жұмыс кезектілігін және екпінін таңдау мүмкіншілігін қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетіген талаптарды орындау пайдаланып отырған білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары оқушының психикасына теріс әсер етуінен сақтайды, электрондық оқыту құралдарын пайдалана отырып, өткізілген сабақтар кезінде жағымды атмосфераны құруға мүмкіншілік береді .
Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары жасау мен пайдалануға қойылатын денсаулық сақтау сипаттағы талаптар компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың гигиеналық талаптарына, санитарлық нормаларына және жұмыс ережелеріне сәйкес келеді . Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын талдау үшін оқушылардың жеке компьютермен жұмыс жасау кезіндегі еңбек және демалыс режиміне деген талаптар өте маңызды. Білім беруді ақпараттандырудың пайдаланған құралдары олар компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың санитарлық нормаларынан аспауы керек.
Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары оқушылардың жас ерекшеліктеріне және компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың санитарлық нормаларына сәйкес келу оқу үрдісінің ақпараттандыру тиімділігінің ең негізгі шарттары екенін атап кету керек. Осы талаптарға сәйкес келмеуі оқушы ақпараттың жартысын игере алмауына немесе оның денсаулығының нашарлауына апарады.
Эргономикалық талаптармен эстетикалық талаптар тығыз байланысты, олар эстетикалық рәсімделудің оқулық электрондық басылымдар мен ресурстардың функционалдық бағытталуына сәйкес келуін, оқу ортасының графикалық және бейнелеу элементтерінің реттігін және мәнерлігін, түстік колориттің оқуды ақпараттандыру құралының бағытталуына сәйкес келуін орналастырады.
Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарына қойылатын эстетикалық талаптар есептеу және орындау үшін барлық кезде міндетті емес. Олар білім беруді ақпараттандыру құралын құру жөніндегі нұсқаулықтар сияқты. Сонымен қатар, білім беруді ақпараттандыру құралын құру кезінде бір эстетикалық позицияларды ұстану маңыздылығын ескермеуге болмайды.
Ақпараттандыру құралдарына ілестіріліп отырған материалдар да сапа талаптарына сай болу керек. Осындай материалдардың қатарына, бірінші кезекте, ілестіруші техникалық және әдістемелік құжаттаманы жатқызу керек. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының құжаттарын рәсімдеуге қойылатын талаптар қызмет көрсетуші қызметкерлерге, оқытушылар мен оқушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар мен ережелердің сауатты және толық рәсімделу қажеттілігін негіздейді:
1. Білім беруді ақпараттандыру құралдарын құру және пайдалану әзірлеушілер мен тапсырыс берушілер және пайдаланушылар арасында интерфейсті қамтамасыз ету үшін, және ақпараттандыру құралдары компоненттерінің функцияларын игеру және жетілдіру мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін тиісті құжаттандырумен қамтамасыз етуі керек.
2. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының құжаттары толық және нақты электронды басылымдар мен ресурстарға сәйкес келу керек.
3. Құжаттама білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын пайдалану кезінде педагогикалық тиімділіктің төмендемеуін қамтамасыз ету керек.
4. Құжаттама білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының шоғырлануына, үйлестірілуіне, ұтымдылығына және компоненттерін қайта пайдалануға ықпалын жасау керек.
Екінш топтағы Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарына қойылатын талаптар (оқу үрдісінің түрі мен деңгейіне байланысты арнайы талаптар) жалпыға жарамды емес және ақпараттандыру құралдарының жеке түрлеріне ғана таратылады.
Ары қарай оқу сабақтарының жеке түрлерінде пайдаланатын білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарына қойылатын арнайы талаптар көрсетілген. Дәрістік сабақтардың ақпараттандыру құралдары талқыланып отырған материалды видеосуретпен, аудио үлестіруі бар анимациялық роликпен үлестіру мүмкіншілігін қамтамасыз ету керек, оқытушыға күрделі құбылыстар мен үрдістерді көрсету құралдарын беруге, лекцияда құрылып отырған мәтінді, графика мен дыбысты келтіру мүмкіншілігін беру керек.
Зертханалық сабақтардың ақпараттандыру құралдарында оқушыны жұмысқа дайындау, жұмысқа жіберу, сараптаманы орындаудың (оның ішінде – жеткізуді қоюмен), сараптама деректерін өңдеудің, зертханалық жұмыстың қорытындыларын рәсімдеудің, жұмысты қорғаудың автоматизация құралдары болу керек. Осындай білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары оқушының өзіндік жұмысының екпінін өзгерту мүмкіншілік беруі тиіс, оларда түрлі құбылыстарды немесе үрдістерді тездетілген немесе баяулатылған уақыт кезінде зерттеуге мүмкіншілік беретін, виртуалдық зертханаларды құрайтын құрастырушы компоненттері болуы керек. Зертханалық сабақтарды ақпараттандыру құралдарында да оқушылардың білімдерін, ептілігін және дағдыларын қадағалауды ақпараттандыру құралдары болу керек.
Тәжірибелік сабақтарды ақпараттандыру құралдары оқушыға сабақтың тақырыбы, мақсаты және өткізу тәртібі туралы деректер ұсынуы тиіс, әр оқушының білімдерін қадағалауға, оқушыға жауабының дұрыстығы туралы ақпарат беруге, қажетт теориялық материалды немесе мысалдарды шығару әдістемесін ұсынуға, оқушылардың білімдерін бағалауға, оқытушы, ақпараттандыру құралы және оқушы арасындағы кері байланысты жүзеге асыруға.
Оқушылардың өз еркімен жүргізілетін жұмысты ақпараттандыру құралдары теорияны тереңдетіп оқығанға бағыттала отырып, оқылып отырған пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келу керек. Осындай білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарында мәтінге байланысты анықтамалар, түсініктемелер мен көмектер жүйесі болу керек.
Ақпараттандыру құралдарына қойылатын арнайыландырылған талаптар білім деңгейлеріне байланысты жоғары кәсіби білімнің, балалар мен ересектерге арналған қосымша білімнің, мүмкіншіліктері шектулі адамдарды оқытудың ақпараттандыру ерекшеліктеріне қарай отырып анықталады. Атап айтқанда, жоғары кәсіби білім беруді ақпараттандыру үшін құрылып отырған білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары келесі талаптарға сәйкес болу керек:
1. Ақпараттандырудың тиісті құралдарының мазмұны мен әдістер жоғары кәсіби білімнің стандарттарының талаптарына сәйкес келуі керек.
2. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары өз жұмысында мәселел к және зерттеушілік тапсырмаларды, зияткерлік оқытушы қосалқы жүйелерді пайдалану тиіс.
3. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары іздеу, жинау, сақтау, талдау, тиісті ақпаратты өңдеу және беру сияқты оқу әрекетінің түрлерін автоматизациялауды қарастыру керек; есептерді, жобалау мен құрастырудың, зертханалық сараптаманың қорытындыларын өңдеу автоматизациясын; бақылау тапсырмаларды, курстық және дипломдық жобалауды орындау кезінде ақпараттық өңдеулердің автоматизациясын.
4. Жоғары кәсіби білімнің ақпараттандыру құралдарында күрделі нысандардың имитация және құрастыру құралдары, түрлі құбылыстар мен үрдістердің нақты, тездетілген немесе баяулатын уақыт масштабтарында өтулері болу керек.
5. Тиісті білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары тренинг құралдары оқушының келешек кәсіби әрекет не деген дайындығын пәндік виртуалды ортада жүзеге асыру керек.
6. Жоғары білім беруді ақпараттандыру құралдарында барлық жүргізілген есептеулердің, оның ішінде кертартпалықтардың ашық визуализация жүйесі болу керек, зерттелетін нысандардың немесе үрдістердің нұсқалық ауыспалы мағыналарының олардың сипаттарымен байланысын көрсетеді.
Ересектер мен балаларға арналған қосымша білім беруді ақпараттандыру үшін құрылған білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
1. Білім берудің ақпараттандыру құралдары материалдарды жаңалаудың және оларды ұйымдастырудың формаларының үздіксіз және салыстырмалы түрде қарапайым әдісінің қағидасы бойынша құрастырылу керек. Тиісті білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының мазмұндық толтырылуы оқушылардың меншікті әрекетінің дамуына бағытталу керек.
2. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары әлеуметтік тыңдармандардың құзырлығының деңгейлері бойынша жіктелу керек және құзырлықтың барлық компоненттерінің: білімдерінің, дағдыларының, қабілеттерінің, жеке ұстанымдарының дамуына бағытталған.
3. Мазмұны мен формасы бойынша ақпараттандыру құралдары оқушылардың қосымша білім беру жүйесіндегі қажеттіліктерін терең дифференциациясын ескере отырып әзірлену тиіс.
4. Қосымша білім беру жүйесі үшін білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстардың жұмыс жасауы оқушылардың тәжірибесі мен тәжірибелік білімдерін ескере отырып, құрылу керек. Ақпараттандырудың осындай құралдарымен жұмыс жасау барынша жеңілдену керек және түрлі параметрлер бойынша оқушылардың кәсіби әрекетінің мамандығымен үйлесуі керек.
5. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарымен жұмыс аяқталған соң, маңызды тәжірибелік қорытындылар алынуы тиіс және мүмкіншілік бойынша, тыңдармандардың жеке мақсаттары жүзеге асырылу тиіс. Қосымша білім берудің ақпараттандыру құралдары аздаған қаржы және аз уақыт ішінде көптеген қорытындыларды алуға ықпалын жасау керек.
6. Қосымша білім беру жағдайларында білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары білім беру саласына кәсіби жұмыс жасайтын оқушылардың жаңа білімдерін тарту құралдары ретінде жұмыс жасау керек.
7. Қолданып отырған ақпараттандыру құралдары іскерлік байланыстарды иелену және оқушылар арасында іскерлік байланыстарды жасау мүмкіншлігін құру керек.
Өмір әрекетінің мүмкіншіліктері шектелген адамдарды оқыту үдерістерін ақпараттандыру құралдары төмендегі талаптарды қанағаттандыру тиіс.
1. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын құру, жұмыс жасау және қолдану спецификасы өмір әрекетінің мүмкіншіліктері шектелген адамдар компьютерлік және телеқатынастық техникаға кәсіби және білім беру әрекетінің аспабы ретінде қол жеткізу не ықпалын тигізу керек.
2. Оқытуды ақпараттандырудың технологияларының арнайы құралдарын құру кезінде ұқсас құралдар мен технологиялардың пайдаланушылары болып табылатын мүмкіншіліктері шектелген тұлғалардың жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтайтын ең басты көрсеткіштерінің топтары анықталу және есептелуі тиіс.
Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары оларға деген қол жеткізу қиындалған немесе өмір әрекеті шектелуі не байланысты мүмкін емес жағдайда, оқытудың қарқынды зияткерлік және ақпараттық технологияларын тиімді пайдалану мүмкіншілігін ұсыну керек.
4. Мүмкіншіліктері шектелген адамдардың білімін ақпараттандыруға арналған құралдар үздіксіз көп деңгейлі шоғырландырылған білімнің тұжырымдамасына сәйкес келуі тиіс.
5. Ұқсас құралдар білім беру және қалпына келтіру технологияларды үйлестіруге және өзара толықтау тиіс, білім беру және қалпына келтіру технологиялардың бірлігін қамтамасыз ету тиіс.
6. Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстары өмір әрекетінің шектеулерінің мүмкін болатын толық түзету не және өтеу не бағытталу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет