Дәріс 4 Химиялық байланыс және зат құрылысы



бет1/4
Дата20.02.2023
өлшемі19,62 Kb.
#69548
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
4 лекция


ДӘРІС 4
Химиялық байланыс және зат құрылысы



Мақсат:

Химиялық байланыстардың түрлерімен танысып, заттар құрылысының, физикалық, химиялық қасиеттерінің молекула құрамындағы химиялық байланыс түріне тәуелділігін терең түсіну.

Жоспар:

1

Химиялық байланыстың табиғаты жөніндегі алғашқы теориялар.




2

Химиялық байланыстың түзілу себептері. Химиялық байланыстың қазіргі заманғы теориялары жөніндегі мәліметтер.




3

Атомдық орбитальдардың гибридтелінуі, орбитальдардың қабысу түрлері және молекуланың кеңістіктегі формасы.




4

Химиялық байланыстардың түрлері: коваленттік, полярлық, иондық, металдық, координациялық, сутектік байланыстар және молекула аралық әрекеттесулер.




5

Кристалдық торлардың түрлері: атомдық, молекулярлық, иондық және металдық торлар. Қарапайым және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың түрі мен кристалдық тордың типіне байланыстылығы.

Химиялық байланыстың табиғаты жөніндегі алғашқы теориялар ХІХ ғасырдың басында пайда бола бастады. 1807 ж ағылшын ғалымы Дэви келесі идеяны ұсынды: Молекулалар атомдардың электрстатикалық тартылысы нәтижесінде пайда болады.
1812 ж швед ғалымы Берцелиус Дэвидің идеясын әрі қарай дамытып келесі теорияны ұсынды: “Атомдардың барлығында да оң және теріс полюс болады, бір атомдарда - оң полюс , келесі атомдарда теріс полюс басым болады. Әртүрлі зарядталған полюстарымен бір-біріне тартылып атомдар молекулалар түзеді.”
1861 ж орыс ғалымы Бутлеров химиялық құрылыс теорисын ұсынды: “Молекулада атомдар валенттіліктеріне сәйкес белгілі бір ретпен байланыс түзеді. Заттардың қасиеттері тек оның құрамына ғана емес, молекулада атомдардың қандай реттілікпен байланыс түзгеніне де байланысты.”
1916 ж американ ғалымы Льюис келесі теорияны ұсынды:
Химиялық байланыс атомдардың арасында ортақ электрон жұптарының пайда болуы нәтижесінде түзіледі.” Льюис – қазіргі заманғы коваленттік байланыс теорисының негізін салушы.
1916 ж неміс ғалымы Коссель келесі теорияны ұсынды:
Әрекеттесу барысында бір атомдар электронын берін оң зарядталады, келесі атомдар электронды қосып алып теріс зарядталады. Химиялық байланыс оң және теріс зарядталған атомдардың бір-біріне электростатикалық тартылысы нәтижесінде түзіледі.”
Коссель – қазіргі заманғы иондық байланыс теориясының негізін салушы.
Химиялық байланыстың қазіргі заманғы теориялары:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет