мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.
Күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсету және оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау, балаларға қызықты кітаптарды таңдау, ол үшін топта немесе мектепке дейінгі ұйымда балаларға арналған кітаптардан, сондай-ақ балаларға арналған аудио шығармалардан кітап бұрышын ұйымдастыруға болады. Балалардың өз бетінше, балалармен бірлесіп кітаптарды қарауына, тыңдалған шығармалардағы кейіпкерлердің әрекетін ойында қайталауға немесе ойдан кейіпкердің рөлін өзінше сомдауға және т.б. мүмкіндік беріледі.