Дәріс 5 Қазақ мәдениетінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
Дата20.04.2023
өлшемі95,35 Kb.
#84806
Байланысты:
Дәріс 5



Дәріс 5 Қазақ мәдениетінің қалыптасуы. 
1. 
Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы. 
2. 
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті 
3. 
XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті 
Дәрістің мақсаты: Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы. Халық поэзиясының 
түрлері, ақындар мен жыраулардың музықалық шығармашылығын ұғыну. 
Кілттік сөздер: дәстүрлі мәдениет, жыр, айтыс, ақын, жазба әдебиет, күй, 
домбыра, киіз үй, қолөнер. 
Қазақ мәдениеті - Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ 
мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі 
тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық 
суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік 
мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ 
топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік 
өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік 
ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала 
көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті 
талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
Көшпенділер өркениеті. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, 
адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге 
берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени 
кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» 
ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және 
көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. 
Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір 
жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни 
қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, 
аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-
әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде 
қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері 
жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте 
адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, 
мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер 
қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде кологиялық мәселе әдептіліктік 
жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды. 


Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін 
пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз 
қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып 
қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық 
заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс 
негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты 
өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, 
адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады. 
Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы 
саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын 
мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай 
тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті 
түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, 
кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті 
еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы 
ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен 
бастайық.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада 
әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи 
ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның 
тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол 
өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға 
болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен 
туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі 
жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, 
аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың 
қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға 
мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері 
жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте 
адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, 
мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер 
қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік 
жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет