Тубаларды толтыру үшін сызықты және карусель типті туботолтырғыш машиналар қолданылады. Мысалы, Colibri, “GA-40”, “GA-85” (Италия) металлды, полиэтиленді тубаларды (А-85 басқасы) тотыруға арналған; «Ивка» фирмасы (Германия) «ТИ-23», «TF-24», «TF-51» машиналарын; фирма «Гофлигер-Карг» – «Rossi» маркалы машиналарын дайындайды, олар майларды металлды, полиэтиленді және поливинилхлоридті тубаларға толтыруға мүмкіндік береді, швед фирмас «Аренко» «Arencomatic-1000» и «Arencomatic-2000» типті машиналарды шығарады.

Роторлы үстелде (мысалы, TF-51 машинасында (сурет 3)) 20 жұптасқан тубоұстағыштар жасалған. Мұнда тубалар шаңды, қаптаушы материалдың қалдықтарын жою үшін вакуумдалады және үрленеді. Одан кейін роторлы үстел жылжып тубалар тубо ұстағыштарға орналастырылады. Фотоэлектрлік құрылғы көмегімен этикетка жасалады, роторлы үстелдің келесі позициясы тубалар толтырылады, май бункерден толтырғыш сопло арқылы шлангамен беріледі. Сопло тубаға толтыру алдында кіреді және толтырылғаннан кейін көтеріледі. Біткенде май бункерке кері тартылады, бұл толтыру сатыларының арасында майдың соплодан ағып кетпеуін болдырмайды.
Әрі қарай тубалар герметизацияланады. Олардың шеттері 180° бір рет фальцтеледі, бекітіледі, содан кейін соңғы фальцовка, фальцті сығу, оған кедір-бұдыр салу, цифр (серия, шығарылу мерзімі) бекіту жүреді. Бұдан кейін тубалар тасымалдағышға немесе түсіруші сағылауға жіберіледі.
«TF-51» туботолтырушы машинаның мөлшерлеуші құрылғысының схемасы а – (1) бункерден майдың берілу кезі ; б – (4) тубаны шланга (2) және металлды сопло (3) арқылы толтыру кезі.