Дәріс №5
ТОПЫРАҚТЫҢ ГРОНУЛОМЕТРИЯЛЫҚ
ҚҰРАМЫ ЖƏНЕ МАҢЫЗЫ
5.1. Топырақтың гранулометриялық құрамы,
механикалық элементтердің жіктелуі,
топырақтарды гронулометриялық құрамы
бойынша жіктелуі
Топырақтың қатты минералдық бөлігі негізінен топырақ түзілу
процестерінде əртүрлі өзгерістерге ұшыраған аналық жыныстар-дан
тұрады. Аналық жыныстар топырақ түзу процесінде жоғарыда
айтқан факторлардың əсерінен өсімдік тіршілігіне қажетті заттарға
байыған, толтырған ортаға айналады.
Топырақтың механикалық құрамы
деп оның көлемі жөнінен
əртүрлі түйіршік бөлшектерден тұратынын айтады. Топырақ
түйіршіктері
неғұрлым майда болса, соғұрлым топырақтар
балшықты-сазды келеді. Ал топырақ түйіршіктері
ірілеу болған
жағдайда ол құмдақ немесе құмды келеді. Егер топырақ құрамында
майда түйіршіктер мен ірілеу түйіршіктер аралас кездессе, бұл
топырақтар құм-балшықты топырақтар болып саналады. Əдетте,
топырақ негізінен майда ұнтақталған түйіршіктерден
тұратын
болғандықтан, түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығымен
өлшенеді, ал диаметр ұзындығы мм-мен есептелінеді.
Еліміздің
топырақтану саласындағы ірі ғалым профессор Н. А. Качинскийдің
зерттеуі бойынша, топырақ құрамындағы түйіршіктер өздерінің
көлеміне қарай: диаметрі 3 мм-ден іріректері – тастар, 1
мм-ден
мм-ге дейін – ірі құм, 0,25 мм-ден 1 мм-ге дейін – орташа құм, 0,05
мм-ден 0,25 мм-ге дейін – ұсақ құм, 0,01-деп 0,05-ке дейін – ірі шаң,
0,001-ден 0,005-ке дейін ұсақ шаң, ал диаметрі 0,001 мм-ден кішілеу
– тозаң, 0,0001 мм-ден кішілері – коллоидтар болып бөлінеді. Осы
Ғалымның зерттеуіне сəйкес топырақтар өзінің механикалық
құрамына қарай төмендегі топтарға жіктеледі
(2-ке-
сте)
.
88