Дәріс - № 6 Тақырыбы:Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас жүйесі.
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас жүйесімен таныстыру
Жоспар: Педагогикалық қарым-қатынас ұғымы және оның мәні
Педагогикалық қарым– қатынас стилдері.
1 Педагогикалық қарым-қатынас ұғымы және оның мәні Қарым-қатынас ұғымы пәнаралық ғылыми категория. Бұл ұғымды философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады. ХХ ғасырдың 60-жылдардың соңында әлеуметтік және педагогикалық психология ғылымдарының тоғысында “педагогикалық қарым-қатынас” ұғымы пайда болды.
ХХ ғасырдың 70-жылдары Т.Н.Мальковский қарым-қатынастың коммуникативті аспектісін, А.В.Мудрик мектептің өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В.В. Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеді.
ХХ ғасырдың 80-жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты ғылымның жаңа саласы деп көрсетті. Педагогикалық қарым-қатынас “педагогикалық шеберлік” пәнінің аясында оқытылды.
Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау,коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің әлеуметттік нормативті формасы.
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру құралы қызметін атқарады.
Қарым-қатынастың құрылым үш бөліктен құралады: қарым-қатынастың коммуникативті жағы, интерактивті жағы, перцептивті жағы. Коммуникативті жағы қарым-қатынасқа түсушілер арасында ақпарат алмасу қызметін атқарады. Ал интерактивті жағы қарым-қатынасқа түсішлер арасында бірлескен өзара әрекетесу тән. Перцепциялық жағы қарым-қатынасқа түсушілердің өзара қабылдауын, түсінуін, бағалауын қамтамасыз етеді. Қарым-қатынастың барлық құрамадас бөліктері өзара байланысты, біртұтасықта жүзеге асады. Тиімді ақпарат алмасу бұл сәттілікке жетейтін бастау. Дұрыс әрі нақты өз ойын жеткізе білу, тыңдай білу – бұл қарым-қатынастың коммуникативті жағының құрамдас бөліктерінен тұрады.
Қарым қатынас барысында педагогтың оқушыны тыңдай білуі де маңызды роль атқарады. Тыңдау әдістері екіге бөлінеді: рефлексивті және рефлексивті емес. Рефлексивті емес тыңдау әріптестің сөзіне аз араласуды, оны зейін қойып тыңдауды қажет етеді.
Рефлексивті тыңдау бірнеше тәсілдерден құралады: анықтау, сезімді білдіру, резюмелеу (түйіндеу), қайта өзгертіп айту.
Мұғалімнің қарым-қатынасының кәсібилігі қарым-қатынас кезінде кездесетін қиындықтарды жеңіп, оқушыларға сенімділік ұялатып, тең қарым-қатынас орната алуымен сипатталады. Мұғалім үшін қарым-қатынастың тиімділігі – тәртіпті сақтап тұру емес, олардың ойлауын ынталандыру, ізденімпаздығын арттыру болып табыалды.
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:
- Ақпаратты беру іскерлігі;
- Оқушы жағдайын түсіну;
- Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
- Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;
- Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.