Бірінші сөйлемде -ушы формасы есімше формасын тудырып,форма тудырушы қызмет атқарып тұрса,екінші сөйлемде бұл форма атау сөз тудырып,сөзжасамдық қызмет орындайды. Оқушы сөзі бірінші сөйлемде сөз формасы,екінші сөйлемде дербес сөз.
Сол сияқты сөздің қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғандығы да сөйлем ішінде ғана анықталады. Мысалы: Октябрь жақсы оқиды. Жақсы бала айтқанды істеген болар. Жақсы сөз бірінші сөйлемде пысықтауыш,екінші сөйлемде анықтауыш сөйлемнің қызметін атқарып тұр. Бұдан әрбір сөздің сөз табына қатысы жағынан сөйлемдегі қызметі тұрақты болғанмен, олар кейде контекске қарай бірнеше мүшенің қызметін атқара беретінін байқаймыз. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары сияқты сөз де сөйлем ішінде өзінің төл қызметімен қоса, жанама қызметтерде жұмсала алады. Бұл айтылғандардан құрылымдық функцияның да нақты көрінетін жері сөйлем екендігіне көз жеткіземіз. Алайда құрылымдық функция сөйлеуде жүзеге асқанымен, яғни тіл бірліктері белгілі бір сөйлеу ортасында өзіне тиселі қызмет атқарғанымен, олардың сөйлеуде орындайтын функциялары қолданысқа түспей-ақ тіл жүйесінде қандай да бір функция орындауға бейімделген тілдік единица болып қалыптасады.Мысалы,жалғаулардың қызметі сөз бен сөзді байланыстыру, сөзжасам, қосымшалардың қызметі жаңа сөз тудыру, форма тудырушы қосымшалардың қызметі сөздің формасын өзгерту, грамматикалықмағына үстеу т.б. Демек, құрылымдық функция тіл жүйесінде де, сөйлеуде де көрініс тауып отырады. Тіл жүйесіндегі құрылымдық функция абстракты, яғни тұрақты жұмсала келе, осы функцияны орындауға әбден бейімделіп, жүйеге түскен функция тұрақсыз, өзгермелі, тілдік ортаға тәуелді функция. Бұл жерде сөйлеуде көрінетін құрылымдық функция мен семантикалық функцияны шатастырмау керек. Ұқсастығы олардың сөйлеу деңгейінде көрініс табуы болса, айырмашылығы құрылымдық функция жеке тіл бірліктерінің сөйлеудегі қызметі, ал семантикалық функция тұтас сөйленім арқылы берілетін қызмет. Функционалды грамматикада функция мағына ұғымымен астас қолданылады. Тұтас сөйленім арқылы берілетін мағына сөйленімнің семантикалық функциясы болып табылады. Осы негізде функционалды семантикалық категория, функционалды семантикалық өріс ұғымдары туындайды. Функционалды грамматикада сөйленім мағынасы деген термин қолданылмайды, ол сөйленімнің семантикалық функциясы деп аталады.
Функционалды грамматикада семантикалық функция, ал дәстүрлі не тұлғалық функцияда құрылымдық функция жетекші рөл атқарады. Функционалды грамматикада семантикалық функция мен семантикалық мағына өзара синоним ретінде қолданылады. Қандай да бір семантикалық мағына «темпоральдық, аспектуалдық, модалдылық» беруші тілдік құралдар сол мағынаны сөйлеуде жүзеге асыру арқылы тиісті қызметті орындайды. Мағына мен қызметтің функционалды грамматикадағы өзара астас, астарлас, қатарлас ұғымдар екенін мағынадан формаға немесе қызм еттен формаға қарайғы зерттеу бағыттарының бірінің орнына бірі синоним ұғымдар ретінде қолданыла алу мүмкіндігінен де көруге болады.
Бекіту сұрақтары: 1. Тілтанымдық зерттеулердің функционалды бағыты.
2. Қазіргі функционалды зерттеулерге жалпы сипаттама.
3 . Дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың арақатынасы.
4.Әлемдік тіл біліміндегі функционалды-грамматикалық тұжырымдамалардың негізгі типтері.
http://emirsaba.org