Дәріс 8: Информатиканы қосымша оқытудың түрлері Мақсаты



Дата10.03.2022
өлшемі15,9 Kb.
#27520

Дәріс 8: Информатиканы қосымша оқытудың түрлері

Мақсаты: информатикадан сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға бағдарлау.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

Сыныптан тыс жұмыстардың дидактикалық негіздері.

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттері..

Дәстүрлі және ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген информатикадан ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстың түрлері мен құралдары.

Сыныптан тыс жұмыс – бұл педагогтың, мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әр түрлі «іс-әрекеттері мен шараларын» ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әр түрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.

Сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеттері:

а) оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте, тереңдете түсу

б) оқушыларды қисынды ойлауға, тапқырлыққа, қырағылыққа даярлау

в) оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру

г) оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, қоғамдық пайдалы қызметтерін қамтамасыз ететін, білім, икемділік және машықтануын қалыптастыру болып табылады.

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен өмірмен байланыстылығын ұғындыруды мақсат етіп алған жөн.

Дәстүрлі және ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген информатикадан ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстың түрлері мен құралдары.



Факультативтік курстар, үйірме, олимпиада, викторина, қабырға газеті, бұрыш, экскурсия, ғылыми жоба, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет