Дәріс №9.
Тақырыбы: Декоративті өсімдіктерді гүлзарларда пайдалану
Дәріс жоспары:
1. Декоративті өсімдіктерді гүлзарларда пайдалану
2. Декоративті өсімдіктердің географиялық шығу орталықтары
Бір жылдық декоративті өсімдіктердің әсемділігі гүлдерінің және гүлшоғырының реңі мен мөлшеріне байланысты. Гүлзарларды құруда гүлдердің мөлшері, түсі, гүлдеу уақыты сияқты ерекшеліктерін ескеру қажет. Бір жылдық декоративті өсімдіктердің гүлдерімен қатар әсемділігі ретінде жапырақтарының пішіні, түсі және бұтақтану ерекшеліктері айрықша орын алады. Сондықтан өсімдіктерді гүлінің әсемдігіне ғана емес, жапырақтарының әсемділігіне де байланысты өсіреді. Мұндай гүлдерге гүлтәжі - амарант (ширица) - amaranthus, никандра- nikandra, нарғызгүл - георгина- dahlia, малопа (дыравка)- malope , настурция-tropaeolum жатады.
Гүлзарларды құруда декоративті өсімдіктердің гүлдеу уақыты айрықша ескеріледі. Себебі, гүлзарлар көктемнен күзге дейін гүлдеуге тиісті. Бір жылдық декоративті гүлдердің көпшілігінің жаппай гүлдеуі жаз айында жүреді, сондықтан маусым, шілде, тамыз айларында гүлзарлар өте әсем реңде болады.
Өсімдіктердің жаз айларында жаппай гүлдеуіне байланысты, оларды көктемде гүлдейтін көпжылдық (құртқашаш, таушымылдық, қызғалдақ, бәйшешек т. б.) өсімдіктермен бірге аралас немесе күрделі гүлзарларды жасауда пайдалануға болады. Гүлзар көмбе (клумба) типінде ұйымдастырылады, гүлзар ортасында таушымылдық шетінде иристер жиегінде барқытшөп- бархатцы- tagetes, диморфотека- dumorphotheca отырғызылған. Мұндай күрделі гүлзарлар ерте көктемнен, күзге дейін гүлдейді, өзінің әсемділігін ұзақ уақыт сақтайды. Мұндай гүлзарлар қаланы көгалдандырудағы қойылатын талаптарды толық орындайды.
Ылғал сүйгіш (гүлтәжі - амарант- amaranthus, шытырлақ - бальзамин- impatiens, барқытшөп - бархатцы- tagetes, календула- calendula, нарғызгүл - георгина- dahlia, никандра- nicandra, мальва- malva, петуния- petunia, лобулярия- lobularia т.б.), қуаңшылыққа төзімді (гүлкекіре - василек - centaurea, целозия- celosia, мақсыр - сафлор- carthamus, космос- cosmos т. б.), жарық сүйгіш (гүлтәжі - амарант- amaranthus, шытырлақ - бальзамин- impatiens, барқытшөп - бархатцы- tagetes, ночная красавица- mirabilis, диморфотека- dumorphotheca, цинния- zinnia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый - linum grandiflorum т.б.), көлеңкелі жерде өсе алатын (мақсыр - сафлор- carthamus, космос- cosmos, никандра- nicandra, жұқа жапырақты барқытшөп- tagetes tenuifolia- бархатцы тонколистные), жылу сүйгіш (гүлтәжі - амарант- amaranthus, шытырлақ - бальзамин- impatiens, барқытшөп - бархатцы- tagetes, ночная красавица- mirabilis, целозия- celosia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый- linum grandiflorum т.б.), суыққа төзімді ( гүлкекіре - василек- centaurea, календула- calendula, петуния- petunia, мальва- malva, мақсыр - сафлор- carthamus, космос- cosmos т.б.) өсімдіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |