Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


) Салыстыру және қарсы қою



Pdf көрінісі
бет21/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
4) Салыстыру және қарсы қою 
Бұл әссе түрім де мәтін бойынша жазылады. Эссеніңм мақсаты - екі мәтінді 
салыстыру жене қарама-қарсы қою. Мәтіндер бойынша негізгі ұқсас 
және/немесе қарсы сипаттарды бересіз (тезис). Əрбір ұқсастыққа немесе 
айырмашылыққа бір параграфтан жазасыз. Қорытындысында жинақталған 
талдау мен тезисіңізді дәлелдеу жайында жазасыз. Ескерту: мәтін мазмұнын 
айтып беру қажет емес. Ұқсастығы немесе айырмашылығы неде екенін 
жазыңыз. Ұқсастықты немесе айырмашылықты көрсететін «салыстыра 
карағанда», «сияқты», «секілді» т.б. тілдік оралымдар 
қоданылады. 
5) Шолу 
Эссенің мақсаты - кітаптың, фильмнің, пьесаның, сайттың т.б. белгілі 
аудиторияғв әсер етуі тұрғысынан жеке баға беру. Басты ерекшелігі - 
оқырманның назарын аударатын атау. Эссе атауы талданатын шығарма 
атауымен байланысты болуы мумкін. Бір параграфта шығарманың маңызды 
деректерін - автор немесе қоюшының, актерлердің, баспагерлердің аты т.б. 
туралы жазылады. Кейін бірнеше параграфта мәтін мазмұны, басты оқиғалар, 
кейіпкерлер таныстырылады. Қорытындыдағы бір немесе екі абзацта осы 
шығарма туралы өз пікірін жазады. 
 
№ 5 дәріс. ЭССЕНІҢ КІРІСПЕ БӨЛІМІ 
Кіріспе - жазба жұмысының бірінші бөлімі. Ол басқа бөлімдерге 
қарағанда жиі оқылады. Сондықтан кейбір студенттер үшін кіріспе бөлімді 
жазу біршама қиындық тудыруы мүмкін. Жақсы жазылған кіріспе қашанда 


зерттеу жұмысының тақырыбымен және оның зерттеу сұрағымен 
таныстырып, оқырман қызығушылығын оятады. Бұл бөлім тақырыпқа 
қатысты жалпы мәселеден қарастыратын шағын, жекелеген мәселеге қарай 
оқырман ойын жетелеуге бағытталады. Тақырып жөніндегі осы кезге дейінгі 
көтерілген жайттарға шолу жасай отырып, зерттелуге тиіс сұрақ пен 
гипотезаға тоқталады және зерттеу мәселесіне қарай қолданылатын зерттеу 
әдісімен таныстырады. Сонымен қатар зерттеу жұмысының құрылымы 
сипатталып, жоспары беріледі. 
Жазба жұмысын жазу барысында берілген сұрақты түсініп, оған нақты 
әрі дұрыс жауап беру үшін шағын эссе жазып үйрену керек. Шағын эссенің 
құрылымдық жүйесін жетік меңгеріп алу алдағы уақытта көлемдірек эссе 
жазуға жол ашады. Мұндай эссе түрлерін жаздыру тілдік деңгейді анықтауға 
арналған халықаралық IELTS, TOEFL сияқты тест түрлерінде кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет